205
100 ЖОБА 100
ПРОЕКТОВ
қысқы нөмір 1432
services.atameken.kz
www.atameken.kz
жоба тұжырымдамасы
Жобаның тұжырымдамасы органикалық тыңайтқыш - биогумусты өндіру мен оны сатуды қарастырады.
Кәсіпорын қызметінің мақсаты Павлодар аумағы үшін инновациялық биогумусты өндіру – жобасын енгізу арқылы
оның қатысушының материалдық жағдайын жақсарту үшін табыс алу болып табылады.
Ауылшаруашылық органикалық, тұрмыстық қоқыстарды жою және құрамында 10% гумусы бар экологиялық таза
биотыңайтқыштар, сондай ақ тиімділігі жоғары топырақ ерітіндісін алу. Қоршаған ортаның табиғи тазалығын қайта қал-
пына келтіру.
Қазіргі әлемде азық түлік және оның сапасы өте өзекті мәселе болып тұр. Сонымен қоса біз келер ұрпаққа қандай
жерді қалдырамыз, біздің балаларымыз бен немерелеріміз өздеріне қандай жерде азық өсіреді деген сұрақтарға ойлануы-
мыз керек.
Ауылшаруашылық жерлерін жиі пайдалану, сондай ақ жыл сайын топыраққа минералды тыңайтқыштарды органика
қоспай пайдалану топырақ қабатының минерализациялануына алып келеді, яғни топырақ минералдармен он есе қанығып,
оның стерилизациясына алып келеді. 2050 даму стратегиясына сәйкес биогумус технологиясы біздің Қазақстан Республи-
касында адымдап дамитын болады, себебі біздің республикада экономикалық дағдарысқа қарамастан кәсіпкерлікті және
әсіресе ауылшаруашылығын қолдаудың арқасында кәсіпкерлік белсенділік өсіп келеді. Өзінің 2050 даму стратегиясы
деген жолдауында еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаев кәсіпкерлікті экономиканың, сонымен қоса нарықты ашық және
мөлдір болуға мүмкіндік беретін жасыл экономикаға ауысудың қозғаушы күші ретінде атап өтті.
Қарызға алынған қаржыға ірі қара малдың 30 басы сатып алынады. Аталған жобаны іске асыру аясында жоғары эко-
номикалық көрсеткіштерді және өз уақытында қарызға алынған қаражатты қайтару үшін негігі өнім органикалық тыңай-
тқыштар – биогумусты, сонымен қатар сүт сату болып табылады. Ірі қара мал, калифорниялық құрттар, жем сатып алу
жоспарлануда.
Тағам қалдықтары негізінде қалалық және тұрмыстық қоқыстардан тауарлық биогумусты өндірудегі өнімнің ар-
тықшылықтары:
-
жаңа технологияларды пайдалану;
- экологиялылығы;
- демократиялық бағалары.
Өнім сипаты
Вермикомпост, биогумус – органикалық тыңайтқыштар, ауыл шаруашылығындағы органикалық қалдықтарды құрт-
тармен қайта өндіру өнімі. Бұл таза биологиялық белсенді органикалық тыңайтқыш, оның құрамында 10 % дан астам
гумус және өсімдіктің қоректенуі үшін қажет барлық элементтер қолжетімді формада бар, саябақ, жылыжай, шаруа және
аулылшаруашылығын қалыптастыруда топырақтың құнарлығын қалпына келтіретін әмбебап құрал болып табылады.
Вермикомпосттау үрдісінде арам шөптердің тұқымдары құттың ағзасынан өтеді де қайта көктеу мүмкіндігін жояды.
Бұдан басқа вермикомпостта көңмен салыстырғанда ішек қарын таяқшалары аз болады. Ауыр металлдардың уыттылығы,
өсімдіктер үшін мүлдем
қолжетімсіз болып табылатын, кешенді қиын ерігіш қоспаларға айналуы есебінен төмендейді.
Барлық органикалық тыңайтқыштар сияқты, вермикомпост топырақтың құрылымын және оның сулы-физикалық қа-
сиеттерін жақсартады.
Биогумустың басқа органикалық тыңайтқыштардан негізгі ерекшелігі – құрамындағы суда тез ерігіш азот, фосфор
және калийдің көп болуы. Микроэлементтер де қозғалғыштық формаға ауысады. Вермикомпостпен бірге топыраққа құрт-
тар мен дұрыс қызмет етуі үшін микроорганизмдер енгізіледі, сондай ақ соңғыларының өміршеңдігі үшін қажет өнімдер,
сонымен қатар өсімдіктің өсуін жеделдететін фитогармондар енгізіледі.
Биогумусты көбіне жылыжайларда көкөніс дақылдарын өсіруге қолданады. Солай биогумусты тыңайтқыш ретінде
пайдалануда жылыжайдағы қияр мен қызанақтардың өнімділігінің артуы орташа 30-35 % және сәйкесінше 30-40 % құрай-
ды. Көшеттерді отырғызар алдында 200-300 г биогумусты қосады. Картоп өсіруде биогумустың тиімді дозасы 6 т/га, ал
қаратопырақта – 2 т/га. Өнімнің өсімі – 30-45 %. Түйнектерде крахмал айтарлықтай артады. Бақша бүлдіргенін өсіруде
өнімділік 50-60 % артады.
Биогумус кез келген белгілі органикалық тыңайтқыштардан 10-15 есе тиімдірек және кез келген топырақта мүлдем
зиянсыз. Дербес топырақ ретінде де пайдалануға болады. Биогумусты пайдалану арқылы экологиялық таза өнім алуға
болады. биогумус кез келген топырақта мүлдем зиянсыз, одан бөлек дербес топырақ ретінде пайдалануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: