Шағын бизнеске арналған 100 жоба 2019 МазМұны Кіріспе



Pdf көрінісі
бет414/636
Дата31.12.2021
өлшемі24,3 Mb.
#23298
1   ...   410   411   412   413   414   415   416   417   ...   636
Байланысты:
Бизнес-жоспар үлгілері

Технологиялық үрдіс
Бастапқыда калифорниялық құрттарды сатып алу керек, кәдімгі жауын құрты да болады (біздің жобада калифорни-
ялық құртты сатып аламыз). Құрттарды біз «Павлодар ауылшаруашылық ҒЗИ» сатып аламыз.
Сосын қорданы дайындауды бастау керек. Ол ормандағы, бақшадағы түскен жапырақтардан, көгеріп кеткен жоңқа-
лардан, көкөніс сақтау қоймаларындағы қалдықтардан (өсімдік тектес болуы міндетті), шошқалардың, қояндардың, та-
уықтардың,  кептерлердің  және  т.б.  көңдерінен,  яғни  органикалық  материалдардан  тұруы  мүмкін.  Биогумусты  өңдіру 
бойынша жообаны іске асыру аясында сатып алынатын ІҚМ органикасы пайдаланылатын болады. «Павлодар ауылша-
руашылық ҒЗИ» ЖШС  біз үй жайларды жалға алатын боламыз, ол жерде қорда субстраты (құрттарға арналған жем) 
дайындалатын болады,  шығарылатын шикізатты қажеттің кондицияға дейін өңдеп және барлық компоненеттер араласты-
рылады, сосын қоспа белгіленген технология бойынша арнайы дайындалған жәшіктерге салынып, ферментация цехіне 
тапсырылады. Одан әрі, арнайы дайындалған жәшіктерде жүретін қордалау үрдісі (ферментация) бастапқы материалдар-
дың аэробтық бұзылу үрдісі басталады және олар бірқалыпты қоспа – қордаға айнала бастайды. Осылай ТУ аралық та-
лаптарына жауап беретін дайындалған қорда, экологиялық таза, исі жоқ құрттарға арналған жем болып табылады.  Сосын 
дайын қордаға құрттарды жібереді, көп еңбекті талап ететін жұмыстың нәтижесінде ол биогумусқа айналады. 1 кв. метрге  
5000 құрт жіберілу қажет. 
Субстрат бес-алты ай шамасында өңделеді., құрттардың өмірі мен жұмысына тиімді жағдай жасалуына байланысты 
құрттардың саны 5-10 есе көбейеді. Ересек құрттарды бөлу арқылы өндеуді жеделдетуге болады.
Бір құрт күніне 1 г субстратты өңдіреді, биогумустың шығуы 50 пайызды құрайды. 4 айда 1 шаршы метрдегі 5000 құрт 
600 кг субстратты өңдейді.  
Одан әрі биогумусты қаптарға салынады да көтерме және бөлшек тұтынушыларға, ірі ауылшаруашылық өңдірушілері-
не және жеке үй шаруашылықтарына сатылады. Өнімді сатудың кепілдері Павлодар ауыл шаруашылық ҒЗИ қарасты 
«Қалдықсыз өндірісті қайта өңдеу» зертханасы болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   410   411   412   413   414   415   416   417   ...   636




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет