бағбандарға арналған биогумус. Органикалық тыңайтқыштармен (қарашірік және торф) салыстырғанда биогумустың әсер етуін бағалау, биогумустың
оларды сәтті алмастырып қана қоймай, тиімділігі жағынан олардан асып түседі. Қарашірікпен ссалыстырғанда биогуму-
сты қосу қызылша өнімін 27%, картопты – 19,7% арттырды, ал торфпен салыстырғанда 15% арттырды.
Биогумусты қолдану өсімдіктің дамуын тездетеді ("биогумустік" картоп дамудың барлық фазаларынан стандарт-
ты минералды тыңайтқыштарды пайдаланумен өсірілген картоптан 3-5 күнге ертерек өтеді), олардың өсуін күшейтеді,
мықты тамыр жүйесінің дамуына, картопта сабақтардың көп мөлшерде қалыптасуына, жапырақты бетінің көлемін артты-
руға әсер етеді. Бұл өнімділіктің қалыптасуы үшін анықтауыш болып табылады. Биогумус салат дақылдарының өнімділі-
гін 30%, қызылшаны 45% және картопты 50% аса арттырады. Осылай өнімнің сапалық көрсеткіштері де артады. Қант,
крахмал, аскорбин қышқылы сияқты қоректі бағалы заттар синтезі күшейеді. Балғын өнімдегі нитраттардың мөлшері 50%
дейін төмендейді. Бұдан басқа, биогумус бактерицидтік қасиеттерге ие және биологиялық тазалығымен ерекшелінеді,
өйткені оны пайдаланғанда картоп ызыңдағыш қоңыз және жұқпалы аурулармен аз зақымданады. Биогумустың тағы да
бір маңызды қасиеті: ол топырақты бүлдірмейді. Оның құрамында арам шөптердің тұқымдары болмайды.