Шағын бизнеске арналған 100 жоба 2019 МазМұны Кіріспе


жылдар бойынша сатылымның жоспарланған бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет426/636
Дата31.12.2021
өлшемі24,3 Mb.
#23298
1   ...   422   423   424   425   426   427   428   429   ...   636
жылдар бойынша сатылымның жоспарланған бағдарламасы
2019
2020
2021
2022
2023
жылдық сатылымдардан % 
49%
58%
70%
84%
100%
раушандар 
18 000
21 600
25 920
31 104
37 325
Сатылым бағдарламасын есептеу барысында құнсыздану назарға алынған жоқ, себебі құнсыздануға байланысты баға-
лардың көтерілуі кәсіпорын өнімінің баға ұлғаюына тікелей әсерін тигізеді.
Түсімді есептеу барысында өнімнің жалпы сату құнынан 10 % мөлшеріндегі ақау көрсеткіші қолданылғанын атап өту 
қажет. Көзделген ақау көлемі дайын өнімді жинау, қаптау және тасымалдау барысында барлық күтілмеген залалдарды 
жабуы тиіс.
Маркетингтік жоспар
Өнім (қызметтер) нарығының сипаты
Бір  қарағанда  барынша  қарапайым  болып  көрінетін  гүл  бизнесі  тәуекелдерге  толы  және  үлкен  қайтарымды  талап 
етеді. Қазақстанның гүл нарығының көлемін нақты анықтау күрделі. Ойыншылардың өздерінің айтуы бойынша, $100 
млн шамасында болады. Тек қана импорттық өнім әкелінуі бойынша бағалауға болады, сарапшылар деректеріне сәйкес 
шамамен $30 млн құрайды. Салондар мен сауда нүктелерінің, сонымен қатар, стихиялық сатушылардың айналымдарын 
есептеу мүмкін емес.
Елде гүлдердің негізгі сатып алушылары Алматы және Астана қалаларының тұрғындары болып табылады, оларға 
барлық сатылымдардың шамамен 70-80% келеді. 101rose.kz және tolko.kz интернет-дүкендері иелерінің мәліметтеріне 
сәйкес, оңтүстік астанада базарлардағы стихиялық сатушыларды есептемегенде, шамамен 1 мың гүл салондары бар. Де-
генмен, Алматы мен Астанадан басқа соңғы жылдары батыстық Ақтау және Атырау қалалары белсенді болып келеді, 
олар көбінесе гүлдерге онлайн тапсырыс береді.
Гүл бизнесін шартты түрде төрт негізгі сегментке бөлуге болады: өнімді импорттайтын компаниялар; Қазақстанда 
гүл өсіруге мамандандырылған фирмалар; тікелей жеткізушілерден тауарды алып-сатумен айналысатын көтерме кәсіпо-
рындар; бөлшек сауда нүктелері (оған гүлдерді сату және жеткізумен және безендіру қызметімен айналысатын  офлайн 
салондар  мен  онлайн-дүкендер  кіреді).  Гүл  интернет-салондар  үлесі  әзірше  шамамен  1%  құрайды.  Атап  өтетін  жайт, 
көбінесе жергілікті компаниялар раушан өсірумен айналысады, өнім көлеміндегі олардың үлесі шамамен 70% құрайды. 
Аналитиктердің айтуы бойынша, тек Алматының өзінде жылыжайлардың жиынтық алаңы 15-20 гектарға тең, әрбір гек-
тардан шамамен 1,5 мың раушан кесіледі.
Нарық жалпы қалыптасқан, жеткізушілер және көтерме саудашылармен жұмыс қалпына келген. Бөлшек саудашылар 
жұмыс жасайтын стандартты схема бар. Барлық гүлдердің шамамен 30% жергілікті өнімге келеді, қалған 70% басқа ел-
дерден әкелінеді. Импорттық өнім жеткізушілерінің арасында көшбасшы орындарды Эквадор (60%), Нидерланд (30%), 
Колумбия (10%) секілді елдер алады, сонымен қатар Қытай және Өзбекстаннан (2-5%) тауардың шағын көлемі келеді. 
Шетелдік өнім көбінесе голланд аукциондарынан алынады, ол жерге Еуропада, Африкада және Латын Америкада өскен 
гүлдер түседі. Дегенмен, қазір интернеттің көмегімен жеткізушілер мен кейбір сатушылар өндіруші-елмен тікелей жұмыс 
жасайды. Ірі импорттаушыларда тапсырыстарды жинақтайтын және жеткізуін қамтамасыз ететін, белгілі бір аумаққа жа-
уап беретін sales-топтар бар. «Орташа есеппен салон импорттық өнімді екі-үш күнде бір рет, жергілікті өнімді – күнделік-
ті негізде сатып алады. Айына тапсырыстар көлемі – шамамен 10 мың гүл, бұл ретте импорттық және жергілікті үлестер 
тиісінше 65 және 35% құрайды», – дейді гүл салонының иесі.
Қазақстанның Кедендік одаққа кіруі, сарапшылардың айтуынша, бөлшек және көтерме сауда компанияларының жұ-
мысына ешқандай әсерін бермегенін айтады. Шетелге өнімді экспорттау көлемін гүл сатушылары тек бірнеше мың дол-
ларғам бағалайды, бірақ жақын үш-бес жыл ішінде отандық жылыжайлардың даму әлеуетіне сенеді.
Гүлдер импорты келесі санаттарға бөлінеді: «кесілген гұлдер мен түйнектер», «гүл шоқтарын жасауға жарамды  және 
безендіру мақсаттарына арналған», «балғын», «кептірілген», «боялған», «ағартылған», «сіңдірілген немесе басқа тәсіл-
дермен дайындалған».
Қарағанды  облысында  гүлдердің  аса  танымал  жеткізуші  Топар  жылыжай  комбинаты,  сонымен  қатар,  Майқұдық 
жылыжайы.
ЖК маркетингінің негізгі стратегиясы – арзан, бірақ сапалы шикізатты қамтамасыз ету арқылы қол жеткізілетін өн-
дірістік шығындардың төмен деңгейі жағдайларында қолжетімді және мақсатқа сай баға бәсекелестігі.
Кәсіпкер баға қалыптастырудың келесі стратегиясын ұстануға ниетті – өнім өндірісіне аса жоғары сапа мен төмен 
шығындар арқылы бәсекелестер алдында артықшылыққа қол жеткізумен нарықтағы ағымдағы бағаларды ескеру және 
пайдалану.


215
                                                        100 ЖОБА        100 ПРОЕКТОВ
қысқы нөмір 1432
services.atameken.kz
www.atameken.kz


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   422   423   424   425   426   427   428   429   ...   636




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет