Өндірістік жоспар Цехті құрудағы бірінші кезең – үй-жайды іздеу және дайындау. Цех ғимараттың бірінші қабатында жақсы желденетін
үй-жайда орналасуы тиіс. Сыртқы жарнама өндірісіне арналған жабдықтың көлемдері үлкен және тиісінше үнемі қозғал-
туға арналмаған. Тапсырысты өңдеу және дайындау жылдамдығын ұлғайту үшін тапсырысты қабылдау пунктін және
сыртқы жарнама өндірісін бір үй-жайда ұстау және оларды шағын арақабырғамен бөлу ұсынылады. Үй-жайды таңдау ба-
рысында қаланың адамдар барынша көп жүретін аудандарын, жеке тұрған ғимараттар немесе 1 қабаттағы бос үй-жайлар
нұсқаларын қарау қажет.
Келесі кезең – мамандандырылған жабдықты сатып алу. Сыртқы жарнаманы өндіруге қажетті жабдық: баспа жаб-
дығы, баннер тігу және люверстер дайындау. Сонымен қатар, стендтер дайындау үшін станок қажет болады.
Үшінші кезең – қызметкерлер құрамын іріктеу. Цех үшін қажетті ең аз штат – тапсырыстарды қабылдағыш-дизайнер,
баспашы және директор. Дизайнер графикалық редакторлардағы жұмыс дағдыларына, сонымен қатар, жарнамалық ма-
кетті әзірлеу қабілеттеріне ие болуы тиіс. Баспашы графикалық редакторлардағы жұмыс дағдыларына және компьютерде,
сканерде, принтерде және т.б. жалпы жұмыс дағдыларына ие болуы тиіс. Директор қызметкерлердің жұмысын ұйымда-
стыра және компанияны жалпы басқаруын жүзеге асыра алуы тиіс.
Цех жарнамасы жүгіртпе жол, бизнес-анықтамалықтар, парақшалар арқылы, сонымен қатар, ғимараттың сыртқы
қасбеті сыртқы жарнама элементтерімен (баннерлермен, маңдайшалармен және т.б.) рәсімдеу арқылы жүзеге асырыла-
тын болады.
Салық декларациясының жеңілдетілген нысаны бойынша жеке кәсіпкер ретінде Әділет органдарында рәсімдеу. Биз-
несті жүргізудің осы нысаны табыстың осындай деңгейі үшін және штаттық қызметкерлер құрамы үшін оңтайлы.