84. Кең ФорМаТТы баспа дайындау цеХін ашу жоба сауалнамасы: Инвестициялық жоба мақсаттары: кең форматты баспа дайындау цехін ашу.
Қызметтері: үй-жайлардың ішін безендіру және сыртқы жарнама дайындау.
Жобаның жалпы құны: 3 300 000 теңге.
Қарыз қаражат: 3 000 000 теңге.
Жеке қаражат: 300 000 теңге және стендтер дайындауға арналған станок.
Өзін өзі ақтау мерзімі: 30 ай.
жоба тұжырымдамасы Әлеуетті сатып алушылар мен клиенттердің назарын аудару үшін ұйымдар алуан түрлі тәсілдермен өздерін, өз тауар-
ларын және қызметтерін жарнамалайда. Сыртқы жарнама – аса тиімді тәсілдердің бірі, себебі жарнаманың осы түрінсіз
бір де бір заманауи қаланы елестету мүмкін емес.
Жыл сайын әрбір қалада жаңа ұйымдар мен компаниялардың үлкен көлемі пайда болады, олардың иелері барынша
ерекше әрі танымал болуға тырысады, ал бұл үшін олар жеке қайталанбас бейнесі мен стилін әзірлеуі тиіс. Оларға бұл
істе көмектесу үшін қызметтердің: нобайлар мен эскиздерді әзірлеуден бастап жарнама тасығышын дайындау мен орна-
туға дейін бүкіл спектрін орындайтын сыртқы жарнама студиялары мен цехтері құрылуда.
Осы тұжырымдама кең форматты баспа дайындау цехін ашу үрдісін сипаттайды. Жобада материалдарды, жабдықты
сатып алудың ең жоғары шығындары, үй-жайды жалға алу және қызметкерлер құрамының төлемі көзделген. Нақты
жағдайларда әрбір меншік иесі оларды өзінің қалауынша оңтайландырады.