Шағын бизнеске арналған 100 жоба 2019 МазМұны Кіріспе



Pdf көрінісі
бет559/636
Дата31.12.2021
өлшемі24,3 Mb.
#23298
1   ...   555   556   557   558   559   560   561   562   ...   636
Байланысты:
Бизнес-жоспар үлгілері

қызметтер сипаты
Кәсіпорын  арнайы  бағытқа  мамандандырылған  және  графикалық  дизайнға  бейімделген.  Кестеде  ұсынылған  қыз-
меттертің толық номенклатурасы және олардың бағалары ұсынылған. Қызметтің әрбір түрі үшін түрлі баға сегментінің 
шығыс материалдары қолданылатыны көзделгендіктен, кестеде орташа бағалар келтірілген. Ауыспалы шығындар шығыс 
материалдардың құнынан тұрады.
графикалық тюнинг ательесінің қызметтер номенклатурасы 

тауар/қызмет
бірл.шығыны, тг.
бірлік құны, тг.
1
Аэрография, 1 ш.м. үшін
25 000
250 000
2
Бейнесіз винильді пленка, көлік үшін, C, D класс
88 500
371 700
3
Бейнесіз винильді пленка, көлік үшін, E, F класс
106 200
424 800
4
Бейнесіз винильді пленка, көлік үшін, SUV класс
118 000
460 200
5
Бейнесі бар винильді пленка 
43 600
196 200
6
Ұжымдық / жарнамалық жапсырма
31 750
142 875
7
Терезелерге тонировка жасау, артқы жартылай сфера
10 000
20 000
8
Қиыршық тастан қорғайтын пленка
25 000
75 000
9
Винильді пленканы бөлшектеу
10 000
100 000
Аэрография – автокөлік стайлингінің аса қымбат тұратын тәсілі. ЛБҚ пульверизатордың 
көмегімен бояу жағылады. Мұндай суретті жоғары деңгейдегі кәсіпқой ғана жасай алады. 
Оны өшіру мүмкін емес. 
Винильді пленка соңғы уақытта жиі қолданылып келеді. Ол автокөліктің бүкіл кузо-
вына және оның кез келген басқа бөлігіне жабыстырыла алады. Пленка біртүсті болуы, 
құрылымы (мысалы, карбон немесе темір) немесе суреті болуы мүмкін. Тапсырыс беруші 
ұсынған каталогтан немесе дизайнер тапсырысына орындалған кез келген сурет жабы-
стырыла алады. Автокөлікке пленка жабыстыру құны оның көлеміне байланысты. 


293
                                                        100 ЖОБА        100 ПРОЕКТОВ
қысқы нөмір 1432
services.atameken.kz
www.atameken.kz
Ұжымдық/жарнамалық жапсырманы жабыстыру автокөлік кузовының  бөлігіне логотип немесе өзге жарнамалық ха-
барлама бар винильді пленка жабыстыруды көздейді. Ереже бойынша, бұл алдыңғы есіктер. Бейнені тапсырыс беруші 
ұсынуы немесе ателье дизайнері әзірлеуі мүмкін. Әдетте мұндай жапсырмалар көркемдік винилографиямен салыстырған-
да үлкен қарапайымдылығымен ерекшеленеді. 
Автокөлікке тонировка жасау – автокөлік терезесіне пленка жабыстыратын аса танымал қызмет. Тонировка автокөлік-
ті күннен және шеткі көздерден қорғайды, ол бірінші кезекте, ашып кіру және тонау қаупін төмендетеді. 
Қиыршық тастан қорғайтын пленка – сынықша және сызаттар жиі пайда болатын автокөлік кузовының кейбір бөл-
шектеріне жабыстырылатын арнайы мөлдір төзімді пленка. Қиыршық тастан қорғайтын пленкалардың аса тиңмдң түрі 
– полиуретанды. ЛҚБ қорғаудан басқа, ол бөлшекке қосымша жылтыр береді және өзінен өзі қалпына келетін қабаттан 
тұрады. Қызмет ету мерзімі - 5-7 жыл. 
Пленканы бөлшектеу де маңызды шара, себебі дұрыс бөлшектеген жағдайда ЛБҚ зақымдалу тәуекелі үлкен. Осының 
салдарынан, пленканы шешу барысында ателье жұмысшылары пленканың нақты түрінің өндіруші ұсынған технологияға 
ерекше назар аударады. 
Пленканы жабыстырудың технологиялық үрдісі, ереже бойынша, кузовты екікезеңдік жуудан және тазалаудан, қажет 
болғанда, жалтыратудан, сосын ғана пленканы жабыстырудан тұрады. Автокөлікті толық пленкамен жабыстыру оның 
көлеміне және беткі қабатының күрделілігіне байланысты 2-4 күн алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   555   556   557   558   559   560   561   562   ...   636




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет