жоба сауалнамасы: Инвестициялық жобаның мақсаттары: авто және мотокөлікті стильдеу қызметтерін көрсететін кәсіпорын (графика-
лық тюнинг ательесін) құру.
Жоба құны: 7 500 000 тг.
Өзін өзі ақтау мерзімі: 1 жыл.
жоба тұжырымдамасы Жоба мақсаты - авто және мотокөлікті стильдеу қызметтерін көрсететін кәсіпорын (графикалық тюнинг ательесін)
құру. Мәні автокөлік, мотоцикл, яхта кузовтарына аэрографиялық бейнелер немесе винильді пленка жабыстырудан тұра-
ды; салонды пленкамен және декормен безендіру. Бұл көркемдік, сонымен қатар, жарнамалық бейнелер, фальш-хром
және басқа болуы мүмкін. Бейнелер стандартты болуы және тапсырысқа жасалуы мүмкін.
Жобаны іске асыру үшін алғышарт ретінде өзінің жылжу құралын кастомизациялайтын, оған қайталанбас түр беретін
авто және мото иелерінің өсіп келе жатқан талпынысы болып табылады. Сыртқы түрін стильдеуге салыстырмалы төмен
шығындарды ескере отырып, қызметтің осы түрі өте жоғары танымалдылыққа ие.
Кәсіпорынның болжамдалған форматы оны басқа бәсекелестерден айтарлықтай дәрежеде ерекшелейді, ал бизнесті
жүргізу шығындарының аздығы оның тиімділігін жоғары етеді. Нақты баға сегментінде ұсыну жоқ – кәсіпорын бағалар-
дың кең диапазонын ұсынады, тапсырыс берушінің қалауына байланысты бюджеттіктен премиумға дейін.