Шағын бизнеске арналған 100 жоба 2019 МазМұны Кіріспе



Pdf көрінісі
бет604/636
Дата31.12.2021
өлшемі24,3 Mb.
#23298
1   ...   600   601   602   603   604   605   606   607   ...   636
Байланысты:
Бизнес-жоспар үлгілері

Маркетинг жоспары
Жол бойындағы сервис кешеніне мыналар кіреді:
• бір орындық, екі орындық және төрт орындық нөмірлермен қонақ үй/мейманхана;
• ақпараттық орталығы бар туристік қызмет көрсететін бюро;
мейрамхана;
• кафе;
• дүкендер;
• дәретханалар/душ кабиналары;
• жеңіл және жүк автомобильдерге арналған автотұрақ;
шиномонтаж шеберханасы;
• ТҚКС;
• жергілікті ауылшарушылық өніміне арналған базар;
• дәріхана.
• логистикалық орталық
Мейманхананың жанында ақылы душ пен прачечная ұйымдастырылады, оны тек мейманханада тұратындар ғана емес, 
жай өтіп бара жатқан жүргізушілер мен жолаушылар да пайдалана алады. 
Жол бойындағы бұл «А» санатындағы көп функциялы кешен халықаралық стандарттар бойынша әзірленген және 
«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің осы учаскедегі барлық көлік ағынын тәулік бойы және күн 
сайын қажетті қызметтермен қаматамсыз етеді:
1) Жол жүрген кездегі қажеттіліктер: жол жүрген кезде ақауларды жоюға және демалуға арналған  тұрақтар, жедел 
қызметерді шақыру, көлік құралдарына жанар-жағар май құю, тамақтану сияқты негізгі қажеттіліктерді қанағаттандыра-
тын қызметтер;
2) Жол ақпараттық қызмет: рейсті жоспарлау кезінде қажет транзиттік дәліз бен жол жүру туралы негізгі ақпарат, 
ол техникалық қызмет көрсететін орталықтар картасын, жол карталарын, қашықтықты және баратын жерге дейін жолда 
болатын уақытты, сондай-ақ, туризмнің дамуына ықпал ететін мәдени мұра мен табиғи ресурстар туралы   жергілікті 
ақпаратты қамтиды; 


322
                                                          100 ЖОБА        100 ПРОЕКТОВ
services.atameken.kz
www.atameken.kz
қысқы нөмір 1432
3) Жеке қызмет көрсету: жолда автожолдар пайдаланушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған орын, 
сондай-ақ, жергілікті тауарлардың  сауда нарықтары мен жергілікті ауылшаруашылық өнімдер нарығы сияқты, сатып 
алуға қайта баруға ықпал етуге арналған орындар;
4) Демалыс және туризм: жол жүруді жаңға жайлы қылатын және мейманхана, кафе, мейрамхана, саябақ, пикниктерге 
арналған аймақтар сияқты тұтынушылардың қарапайым қажеттіліктерін қанағаттандыру шеңберінен шығатын қызмет-
тер, сондай-ақ өңірлік туристік жерлерде  келушілерге көрсетілетін қызметтер;
5) Қоғамдық көлік: өңір ішінде  тасымалды қамтамасыз ететін екінші дәрежелі жолдар жүйесімен  байланысты жол 
жүру, аялдамалар мен терминалдар туралы тиісті ақпаратпен қатар транзиттік дәліз бойында қоғамдық көлікпен халықа-
ралық тасымал;
6) Жүк көлігіне арналған қызметтер: мыналарды: 
а) жүк тасымалына қатысты, мысалы, жүк автомобильдері жүргізушілері жұмысының ең көп ұзақтығы мен олардың 
ең көп жүктемесі туралы нормативтік-құқықтық актілер мен заңдардың сақталуын;
б) салқындатылған, қауіпті және жылдам бұзылатын жүктерді бір көліктен екіншісіне ауыстыру сияқты коммерци-
ялық қызметтер көрсетуді қамтамасыз ететін объектілер, ақпарат және қызметкерлер құрамы.
Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы арқылы өтетін «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық автомагистралімен 
жүретін жүк автомобильдерінің жүргізушілері, транзитті тасымалдаушылар, жеңіл автомобильдер мен маршрутты авто-
бустардың жүргізушілері мен жолаушылары, туристік топтар, балалары бар отбасылар мақсатты топ болып табылады.
Бүкіл автомагистраль пайдалануға берілгеннен кейін бұл бағыттағы автомобиль трафигі көбейеді, демек, жол бойын-
дағы орынның әлеуетті клиенттер саны да көбееді.
«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық автомагистралі пайдалануға енгізілгеннен кейін бұл трассадағы автомо-
биль трафигінің ұлғаюы тікелей трасса бойындағы сервистік қызметтердің әр түріне сұраныс туындауына әкеледі. 
Коммуникацияларды ыңғайлырақ енгізу және жұмыс күшімен қамтамасыз ету мақсатында кешен елдімекендер жа-
нында, бірақ, маршруттық автобустың жолаушыларын клиенттер ретінде тарту үшін қалалардан алыс жерге орналасты-
рылады.
Жол бойындағы сервис орыны жанар-жағар май бекетімен бірге бір кешенде орналасады.
Жамбыл ауданында ҚР Кәсіподақтар Федерациясының қажетті азық-түлік базаларымен және қоймаларымен өз сана-
ториі бар.
Бұл кешеннің тағы бір өзгешілігі - ол тәуліктік жұмыс кестесінің  болуы. 
Бүгінгі таңда кәсіпкер кешенді салуды және қызметтер көрсетуді көздеген инфрақұрылым (сумен жабдықтау) енгізуді 
жоспарлап отыр. Бұл кешеннің құрылысына 720 000 000 млн.теңге сомада өзіне меншікті қаражат жұмсалады. 
Инфрақұрылым сомасы 76 399 000,51 теңге құрайды.
Біз көрсететін қызметтерді жылжытудың (көпшілікке белгілі болудың) негізгі тәсілдерін санамалайық:
1) Фотогалерея, байланыс ақпарат және көрсетілетін қызмет тізімі бар сайт-визитка жасау;
2) Газеттерде, журналдарда, ТД мен өзге БАҚ-та жарнама;
3) Ұйымдар мен офистерде буклеттерді тарату;
4) Федералды трассада үлкен баннер орнату.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   600   601   602   603   604   605   606   607   ...   636




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет