Маркетинг жоспары 2016 жылы Қазақстанда ағаш өнімдерін өндіру көлемдері алдыңғы жылмен салыстырғанда 30,4% төмендеген. 2016
жылы заттай көріністе шығарылу көлемдері 1,031 млн.дананы құрады. Нарықтағы төмендеу тенденциясы бірінші жыл
байқалып отырған жоқ, 2015 жылы өндіріс көлемдері 16,8% қысқарған.
2017 жылғы ақпанға шығарылған ағаш өнімдерінің көлемі 198,6 мың дананы құрады.
Ағаш өнімдерінің экспорты мен импортын талдай отырып, импорт көлемдері экспортталатын ағаш өнімінен 97,3%
артық екенін байқауға болады (2016 жылдың көрсеткіштеріне сәйкес).
Егер соңғы 5 жыл ішінде Қазақстанға өнім импортын қарастыратын болса, зерттеулер 2016 жылы құндық көріністе
2014 жылмен салыстырғанда 52,6% төмендеу тенденциясы байқалғанын көрсетеді. Бұл ретте ең жоғары көрініске 2013
жылы ҚР әкелінетін ағаш өнімдерінің ақшалай эквиваленті 468,1 млн. $ құрағанда қол жеткізілді, одан кейін импорт
көлемдері төмендеді.
Экспортталатын өнім көлемі 12,3% төмендеді.