Маркетингжоспары және нарық талдауы Дайындау материалдары. Ағаш ас үй және кеңсе жиһазын өндіру үшін материалдық базаның сөзсіз көшбасшысы –
ламинатталған ДСП. Бұдан басқа түрлері – МДФ, жиһаз қалқаны және т.б. Интерьер және ас үй қасбеттерінің дизайны.
Әртүрлі стильдерге сән өзгермелі, «дөп түсу» үшін оның тенденциялары мен дизайн жаңалықтарын үнемі зерттеп отыру
қажет. Осыған негізделе отырып, өндіріс саясатын құру қажет. Мысалы, 2000 жылы нарықты шығыс стиліндегі жиһаз сәні
қаптады, сосын ретро кезегі келді, қазір минимализм және хай-тек тенденциялары өзекті.
Түсті шешімдері. Безендіру және жабыстыру заманауи материалдарының арқасында ағаштың және басқа материал-
дардың кез келген түрлерін (тері, шыны, темір, пластик) тапсырыс берушіге тек қана классикалық түс гаммасын емес,
таңдауға барлық түстерді ұсынуға болады;
Заманауи «фишкалар». Басқа жиһаз өндірушілері арасында ерекше дизайнерлік бөлшектермен – кораусты жиһаз
элементтермен ерекшеленуге болады. Мысалы, шыныға құм ағынымен басып шығару ерекше сурет салуға болады;
қасбеттерді – қазіргі таңда сәнді 3D-сурет қабықшасын жабыстыруға немесе оларды кракелюр техникасының көмегімен
рәсімдеуге болады. Тұтынушы ерекшелікті ұнатады. Сәтті идеяның көмегімен ісін жаңадан бастаған кәсіпкер нарықта
көпжылдық жұмыс тәжірибесі бар компанияға бәсекелестік құра алады.
Қазір заманауи құрылыста сұйық (жасанды) тас жиі қолданылып келеді. Ол бірқилы материал болып табылады. Ғима-
раттар мен құрылыстарды, қасбеттер мен интерьерлерді заманауи стильде рәсімдеу барысында ол табиғи тастан еш артта
қалмайды, тіпті кейбір өзінің қасиеттерімен одан асып түседі. Бұл осы материалдың тиімділігін атап көрсетеді. Ыңғайлы,
әдемі және өте төзімді бола отырып, ол тұтынушылардың сеніміне ие болды. Сондықтан көптеген адамдар сұйық тастың
қалай жасалатыны туралы ойланады. Бұл туралы осы мақалада толығырақ баяндалатын болады. Жасанды тас сыртқы
келбетімен табиғи тасқа қатты ұқсас. Дегенмен, ұстап көргенде, айырмашылығы бар, себебі ол аталған материалмен алы-
стырғанда жылырақ болып келеді. Бұл оның мағыызды ерекшелігі. Сұйық тастан жасалған заттар жоғары сапалы және
ұзаққа төзімді, сонымен қатар, табиғи материалдан жасалған өнімдерге қарағанда бірқатар артықшылықтарға ие.