ұйымдастыру жоспары Кәсіпорын жеке кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық нысанына ие болады және шағын бизнес субъекттері үшін салық
салудың жеңілдетілген режімін қолданатын болады.
Кәсіпорынды жалпы басқаруды, сондай-ақ, бухгалтерлік есепті жүргізуді жеке кәсіпкердің өзі жүзеге асыратын бо-
лады. Сатып алынғалы жатқан өндіріс үшін саны кем дегенде үш адамнан тұратын қызметкерлер штаты қажет. Штаттық
кестеде 3 қызметкер көзделген.
Жобаны іске асыру аясында өндірісті ұйымдастыру үшін алаңы 100 м2 өндірістік үй-жайды жалға алу көзделеді. Ай-
сайынғы жалға алу төлемі – 60 000 теңгені құрайды.
Өндірістік жабдықты орнататын үй-жай үшін арнайы талаптар жоқ. Онда міндетті түрде кәріздендіру, газ, жылу,
салқын сумен жабдықтау және 380В электр қуаты болуы тиіс. Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажет, себебі мұнда тез
тұтанатын дайын өнім мен шикізат.
Бұл бизнес-идея 13 000 000 теңге көлемінде қарыз қаражатты тартуын көздейді.