Шағын бизнеске арналған 100 жоба 2019 МазМұны Кіріспе


Маркетинг жоспары және нарық талдауы



Pdf көрінісі
бет224/636
Дата31.12.2021
өлшемі24,3 Mb.
#23298
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   636
Маркетинг жоспары және нарық талдауы
Балқаш қаласы өте ыңғайлы орналасқан. Өзінің географиялық орналасқан жері бойынша алматы, Қарағанды, Астана, 
Жезқазған ірі елдімекендерде бірдей арақашықтықта жатыр. Қазіргі уақытта Балқаш қаласында бигбэгтер өндірісі жоқ. 
Шағын-цехтің барлық өнімі клиенттердің талаптарына сай болады және ресейлік өндірушілердің сапасынан кем бол-
майды. Тамаша тұтынушылық сипаттарды заманауи бастапқы материалдар мен тігу тезнологиясы қамтамасыз етеді. 
Мақсатты нарық ретінде біз Балқаш өңірін қарап отырмыз. Ал дәлірек – бұл 20 астам өнеркәсіптік ұйымдар. Қазіргі 
сәтте біздің өнімді сатып алу туралы алғышарттар бар, болашақта республикалық нарыққа шығуды күте аламыз. Ыдысты 
үш рет пайдаланғанда бір рет ауыстыру мерзімі анықталды. 
Жекелеп алғанда, бастапқы кезеңде негізгі тұтынушылар ұйымдар, бұл Балқаш өнеркәсіптік алаңы, «Сары Қазына» 
ЖШС, «Жамбыл-Цемент» ЖШС, фермерлік шаруашылықтар болады. Болашақта, өңірдің ішкі нарығына сәтті шыққанда 
біздің өнімізді ұйымдардың тұтынуы орташа есеппен шамамен 30000 дана/ай құрайды, ол біздің шағын-цехтің тұрақты 
дамуын қамтамасыз етеді. Бірақ қазіргі уақытта біз 2000 дана/ай ең пессимистік сценарийді қараймыз.
Біздің  өңірде  бигбэг  өндіру  нарығының  қатысушылары  жоқ.  Мұндай  ыдыстың  негізгі  жеткізушілері  ресейлік  өн-


112
                                                          100 ЖОБА        100 ПРОЕКТОВ
services.atameken.kz
www.atameken.kz
қысқы нөмір 1432
дірушілер болып табылады. Бұдан басқа, бигбэгтерді сатып алу ұзақ жеткізумен сүйемелденеді. Ал біздің өніміз нақты 
артықшылықтарға ие болады және оған жеткізу шығындары кіргізілмейді. Біз өз беделімізге жұмыс істейтін боламыз. 
Осыған байланысты бағасы бойынша өзге өндірушілермен бәсекелестікке түсе алатын, өзге адал өндірушілерден кем 
түспейтін ыдыс өндірісінің заманауи технологиясын енгізу қажеттілігі бар екені анық.
Маркетинг мақсаттары мен стратегиясы
Негізгі басымды мақсаттар ретінде біз келесілерді қараймыз:
1. өндіріс жоспарлары мен өсуіне қолжеткізу;
2. белсенді жарнамалық қызмет;
3. облыста біздің өнімді сату бойынша бірінші орынға табысты шығу;
4. 4-жіпті бигбэгтер өндірісін енгізу.
Сатылым өсімінің ең маңызды себебі – белсенді жарнамалық қызмет, конвейерлік тігу әдісі арқылы өнімділіктің жоға-
ры жылдамдығы және Қазақстан бойынша біздің өнімнің тұтынушыларын кеңейту. Жеңіл өнеркәсіптің отандық нарығы-
на шығу стратегиясы дәл осыда, топ барынша ауқымды.
Біздің өңірде тамақтан басқа қызметтің барлық өндірістік түрлеріне бейімделген сапалы ыдыстың белгілі бір кемшілігі 
сезіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   636




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет