ұйымдастыру жоспары Кәсіпорын жеке кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық нысанына ие болады және шағын бизнес субхекттері үшін салық
салудың жеңілдетілген режімін қолданатын болады.
Кәсіпорынды жалпы басқаруды, сондай-ақ, бухгалтерлік есепті жүргізуді жеке кәсіпкердің өзі жүзеге асыратын бо-
лады. Сатып алынғалы жатқан өндіріс үшін әрбір сегментке саны кем дегенде екі адамнан тұратын қызметкерлер штаты
қажет. Штаттық кестеде 1 технолог-жұмысшы және 1 қосалқы жұмысшы көзделген.
қызметкерлер құрамы лауазымы саны, адам жалақысы, теңге Технолог
1
70 000
Жұмысшы
1
50 000
барлығы 2 120 000 Жобаны іске асыру аясында өндірісті ұйымдастыру үшін алаңы 75 м2 өндірістік үй-жайды жалға алу көзделеді. Ай
сайынғы жалға алу төлемі – 30 000 теңге. Үй-жайға жабдық жеткізуші келесі талаптарды қояды: орналасқан жері – өнер-
кәсіп аумағы; алаңы 50 кв.м жоғары; электр қуаты 380V /220V (15 kW дейін); жылу, сумен жабдықтау, тұрмыстық кәріз-
дендірудің болуы; тегіс еден; төбе биіктігі 3 м жоғары; жүк көлігіне үшін кіру жолдары. Жалға алынған үй-жай жоғарыда
аталған барлық талаптарға толығымен сәйкес келетін болады.
Бұл бизнес-идея 5 960 000 теңге көлемінде қарыз қаражаттарды тартуды көздейді.