Технологиялық үрдіс Кәсіби жуу құралдарын өндіру цехін ұйымдастыру үшін СОЖ Синтез ҒӨК франшизасын сатып алу жоспарлануда.
“СОЖ Синтез” ғылыми өндірістік компаниясы химиялық өнеркәсіп саласында 10 жылдан астам жұмыс істейді. Зерт-
теу орталықтарымен және аккредиттелген зертханалармен ынтымақтастық оларға химиялық өнім түрлерін айтарлықтай
ұлғайтуға ықпалын тигізді. Компания Ресей, Украина, Белорусь, Қазақстан және ТМД және таяу шетелдің өзге елдерінде-
гі біздің клиенттеріміз үшін кеңінен пайдаланылатын химиялық өнімдердің өндірісін ашуда.
Өндіріс сегменттері: көлік жууға арналған көлік сусабындары мен көлік косметикасы; тосолдар мен антифриздер;
несепнәр; жылу жүйелеріне арналған жылутасығыштар; қатпайтын сұйықтық; кәсіби клининг; тұрмыстық химия; өнер-
кәсіптік клининг.
Франшиза сатып алғанда өндірісті таңдау мүмкіндігі, сонымен қатар, үйлестіру нұсқалары ұсынылады. Сондай-ақ,
қайталанбауға, сату географиясын таңдауға және өндіріс сегментінің көлеміне бостандық кепілдігі беріледі.
СОЖ Синтез ҒӨК франшизасының артықшылықтары: 10 жылдам астам жұмыс тәжірибесі; ТМД елдерінде 36 өн-
дірісті іске қосу тәжірибесі; компанияның барлық франчайзи арасында тұрақты байланыс және тәжірибемен алмасу;
тұрақты оқыту тренингтері; бар болғаны 100 ш.м.алаңдағы жеке табысты өндірісі; үнемі кеңейтілетін сегменттер тізімі;
үнемі толтырылып тұратын өнім тізімі.