132
100 ЖОБА 100
ПРОЕКТОВ
services.atameken.kz
www.atameken.kz
қысқы нөмір 1432
Кептіру барысында судың булануы диффузиялық жолмен жүреді. Қозғалыс күші жылу тасығыштың беткі қабатын-
дағы және көлеміндегі будың парциалдық қысымының әртүрлілігі болып табылады. Үлгінің сыртқы қабаттарындағы
ылғалдықтың төмендеуі оның көлемінде ылғалдылық градиенті пайда болуымен сүйемелденеді, ол үлгі көлемінен беткі
қабатқа тамшылы сұйық судың диффузиясын тудырады.
Суды шығару барысында үлгі кеуектерінде сұйықтықтың иілген тегіршіктері туындайды. Капиллярлық қысым ұлғая-
ды, сұйықтық қабаттарының қалыңдығы төмендейді, қаңқа жасап, бөлшектер жақындайды. Сыниға жақын ылғалдылықта
капиллярлық күштер үйкелу күштерімен теңеседі, бөлшектердің жақындалуы мен үлгінің отыруы тоқтатылады. Ылғал-
дылықтың бұдан әрі төмендеуі көлемдерін өзгерусіз кеуектер көлемі босатылу есебінен жүреді.
Сыни ылғалдылық және отыру көлемі кептірудің режіміне байланысты. Теңестірілген жағдайларда кептірілген үлгілер
аса жоғары отырады. Жылу тасығыштың температурасы қаншалықты жоғары және ылғалдылығы төмен болса, отыру
соншалықты аз. Үлгі көлеміндегі ылғалдылық градиентінің өсімі іс жүзіндегі және барынша болжамды отыру арасындағы
айырмашылықты ұлғайтады. Бұл айырмашылық (жіберілмеген отыру) механикалық кернеудің пайда болуына әкеледі.
Егер соңғысы материалдың төзімділік шегінен асса, онда үлгі денесінде сызат пайда болады. Кептірудің төмендеуші
жылдамдығы кезеңінде отыру болмайды, сол себептен, жылу тасығыштың қозғалыс жылдамдығы мен температурасын
арттырып, кептіру жетілдіруге болады.
Кептіру барысында әртүрлі ақаулар туындауы мүмкін. Үлгі денесі арқылы өтетін үлкен сызаттар кептірудің бірінші
кезеңінде ылғал өткізушілік коэффициенті төмен үлгіні жылытудың жоғары жылдамдықтарынан болады. Ортасындағы
сызаттар ылғалды орталық бөліктердің отыруын болдырмайтын үлгі жиектеріндегі бөлшектердің қатты қаңқасы пайда
болған соң пайда болады. Шет жақтарын ылғал оқшаулаушы заттекпен (маймен, сульфитті-спиртті барда немесе поливи-
нилді спирт ерітіндісімен) жағып, шеткі және орта сызаттардың пайда болуына жол бермеуге болады. Жақтау сызаттары
отыру үрдісінде үлгінің қойғышқа үйкелу барысында пайда болады. Ақаудың бұл түрі пластикті қалыпты кірпіш үшін
сипатты. Мұның алдын алу үшін өнімді бір шетінен екінші шетіне ауыстырып тұрып, сепкіш (құм, жоңқа, төзқыш) қол-
дану керек. Шағын сызаттар мен шашты сызаттар кептірілген жартылай дайындалған өнімнің түтінді газдарынан немесе
ауасынан суды сыртсіңірту барысында туындайды. Ақаудың бұл түрін болдырмас үшін осы
температурада материалдың
ең жоғары ылғал көлемдігінен бірталай жоғары ылғалдылықта кептіруді тоқтату керек.
Өнім сапасын қамтамасыз ететін маңызды физикалық-химиялық үрдістер
Достарыңызбен бөлісу: