Матрастар жоғары сапалы материалдардан және құрамдауыштардан жасалады. Толықтырғыш-материалдар: латекс; жабысқақ иілімді поролон (аса қымбатырақ үлгілер үшін); тесілген латекс (серіп-
песіз нұсқа үшін өте қолайлы) – гевея ағашы шырынының сығындысын көбіктетумен алынатын шағын ұяшықтармен
қуысты жеңіл құрылымды табиғи материал, ол ауа өткізбейтіндігімен, жұмсақтығымен, икемділігімен ерекшеленеді, дене
пішімдерін қайталайды; термокиіз – синтетикалық, жүн және мақта талшықтарын араластыру арқылы алады, оқшаулау
қабат ретінде қолданады, ол серіппелердің жұмсақ толтырғышқа жақындауына мүмкіндік бермейді және өнімді барынша
серпімді етеді; кокос талшығы (қатты өнімдер үшін) – латексті жібітумен кокостың буланған қабықшаларынан жаса-
лынатын табиғи материал; көбікполиуретан – жеңіл жұқа қабырғалы ұяшықтармен толтырылған икемді синтетикалық
материал.
Қаптамаларға арналған материалдар: жаккард – мықты мата, созылмайды, жақсы жуылады, оңбайды; табиғи мақта;
жүн маталар; тоқыма трикотажы. Жүзеге асырылуы тиіс идеяның бірі «қыс-жаз» қаптамалары: бір жағы жүн матадан, ал
екінші жағы – жеңіл матадан жасалған.