143
100 ЖОБА 100 ПРОЕКТОВ
қысқы нөмір 1432
services.atameken.kz
www.atameken.kz
Қарыз қаражат
17 809
2019 г
64%
жалпы
27 809
100%
* Жеке қаражаттар тушенка өндіруге арналған жалпы алаңы 180 ш.м. цех құрылысына жұмсалды.
Өнім сипаты
Мемлекеттік Сапа Стандартының, жоғары сұрыпты, темір банкаларға жабылған сиыр еті бірінгі көзге көрінгендей
тарихы қысқа әрі қарапайым емес. Адамзат кем дегенде жүздылдықтар бойы ет секілді жоғары калориялы, тойымды,
сонымен қатар, өте қажетті өнімді күрделі жағдайларда ұзақ сақтау мәселесін ойластырды.
МЕМСТ сиыр етінен жасалған тушенканың түпбейнелері тарихы «байырғы» («Табиғиға жақын» деп аталған дұрысы-
рақ) мәдениеттерге кететін қазіргі таңда танымалдылығы аз үш өнім болып табылады: кептірілген ет, тұздалған ет және
пеммикан.
Біріншісі ежелгі уақыттан келе жатқан, бірақ аса тиімді емес, жұқа кесектерге кесілген етті күнге кептірудің техника-
лық тұрғыдан қарапайым тәсілі. Күннің ультракүлгіні етті жейтін бактериялардың бөлігін өлтіргенмен, өздігінен ол ешқа-
лай қорғалмаған, себебі ыдысы болмаған, сондықтан ұзақ сақтала алмаған. Кептіру түрлері – бұқтырылған етті сақтаудың
аса жетілдірілген тәсілі, дегенмен ол жылы температураларда үлкен бостандық бермейді.
МЕМСТ заманауи сиыр етінен жасалған тушенканың тиімділігі бойынша екінші тегі – тұздалған ет. Сиыр етін тұздау
– техникалық құралдарсыз жылы температураларда етті сақтаудың жалғыз тиімді тәсілі. Ол сан етті тұздың үлкен көлемі-
не салудан тұрады. Осы үрдістен өткен соң ет ұзақ сақтала алады, бірақ уақыт өте келе ащы болады, тамаққа қосуға
жарамай қалады. Бұдан басқа, мұндай өнімде адамға қажетті бірді бір дәрумен болмайды, осы себептен өзімен тұздалған
етті алуға мәжбүр болған көптеген теңіз экспедициялары құрқұлаққа (өліп қалу қаупі жоғары, дәрумендер, әсіресе С дәру-
менінің қатты жетіспеу түрі) ұшыраған.
Үшіншісі сиыр етінен жасалған тушенканың ең қызықты бастамашысы пеммикан болып табылады. Әртүрлі уақытта,
әлемнің әртүрлі жерлерінде ойлап табылған (дәл қашан ойлап табылғаны белгісіз), ол аумағына байланысты үйеңкі қанты,
жидектер, қытырлақ нандар немесе дәмдеуіштер қосылған, қырық пайыз сиыр етінің алпыс пайыз сиыр майының қоспа-
сынан тұрады. Етті консервілеудің осы әдісінде қызықтысы және жаңалығы – пеммиканды дайындау үшін – арктикалық
және антарктикалық экспедицияларды жабдықтауға арналған сиыр майын еріту қолданылған және қазір де қолданылады.
Қосылатын ет ұсақталған. Пеммикан өзінің тез қорытылуымен, ерекше тойымдылығымен тамаша. Ол жаяу жүруде өте
қолайлы, оны жүріп жеуге болады, сонымен қатар сорпаларға негіз ретінде пайдалануға болады. Пеммикан солтүстік аме-
рикандық үнділерді колонистер жоюды аяқтағанға дейін олардың тамағына қосылған азық-түліктің негізгі түрлерінің бірі
болған. Бұл американдық байырғы халықтар ұн дайындау үшін қолайлы нан дақылдарын өсірумен айналыспағандығымен
түсіндіріледі, солндықтан жабайы жидектер мен үйеңкі қантты пайдалануға мәжбүр болған. Техникалық тұрғыдан, пем-
микан МЕМСТ таза сиыр етінен жасалған тушенка емес, етөсімдікті консерві немесе концентраты болып табылады.
Қазіргі таңда сиыр етінен жасалған тушенкаға сұраныс өте үлкен.
Ет консервілері – ет және ет өнімдерінен жасалатын сақтау мерзімі ұзақ өнімдер. Келесілерге бөлінеді:
- табиғи және кесілген еттен жасалған («Бұқтырылған сиыр еті», «Бұқтырылған шошқа еті», «Бұқтырылған қой еті»,
шошқа және сиыр етінен жасалған «Саяхатшының таңғы асы»);
- ет өнімдерінен жасалған (шегілген шошқа етінен, сосискалы, шұжықты, тауық шұжық және басқа);
- қосалқы өнімдерінен («Любительский», «Московский», «Особый»; «Язык в собственном соку» паштеттері және
басқа);
- етөсімдікті – еттен және өсімдік шикізатынан (қырыққабат, макарон, күріш, түйебұршақ, бұршақ және басқа).
Толық аспаздық дайын өнімдер болып табылатын ет консервілерінен тойымдылығы жоғары бірінші және екінші та-
мақтар, сонымен қатар, салқын шайнамалар дайындауға болады. Ет консервілері рецептурасына және қолданылған шикі-
затына байланысты барлық қажетті тағамдық құрамдастарға ие.
Достарыңызбен бөлісу: