48. КӨК Өсіру жоба сауалнамасы: Инвестициялық жоба мақсаттары: көкөністерді өсіруге арналған жылыжайлар құру.
Өнімі: Өндірілетін өнімнің негізгі түрі көкөністер болады (көкөністер, өсімдіктер, саңырауқұлақтар, гүлдер және т.б.
өсіруге арналған - өнеркәсіптік жылыжайлар, жылыжайлар, оранжереялар).
Жоба құны: 3 000 000 теңге.
Өзін өзі ақтау мерзімі: 27 ай.
жоба тұжырымдамасы жылыжай кешені – оларға өндіріс құралдарын орналастыруға және нәтижесінде ауыл шаруашылық өндірісінің өнім-
дері өндірілетін еңбек үрдістерін орындауға арналған өнеркәсіптік ғимараттар (көкөністер, өсімдіктер, саңырауқұлақтар,
гүлдер және т.б. өсіруге арналған - өнеркәсіптік жылыжайлар, жылыжайлар, оранжереялар).
Осы жобаны ҚР аумағында іске асыру жоспарланып отыр, бизнес келесі мекенжай бойынша орналасқан: Қазақстан
Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы. Учаске аумағында жер қабаты тегіс, аздаған биіктік дең-
гейінің айырмалары бар. Учаске аумағында және оның жанында жерүсті коммуникациялары өтеді: жылу құбыры, жоғары
кернеулі электр беріліс жолы, су құбыры, сонымен қатар, жерасты коммуникациялары: кабельді байланыс желісі (теле-
фон және интернет), канализация, су құбыры, жоғары және төмен кернеулі электр кабельдері.