шығарылуы жоспарланған өнім түрлері Аскөк күшті татымды, сергіткіш дәмге және иіске ие. Балғын, кептірілген немесе тұздалған түрінде қолданылады.
Көкөністерді консервілеу, хошиісті сіркесу дайындау үшін аскөк гүлдену немесе жемістену кезеңінде қолданылады. Кеп-
тірілген аскөк дәмдеуіштердің әртүрлі қоспаларында және тамақ дайындау үшін қолданылады.
Аскөктің жас жапырақтары ыстық және салқын тағамдарға дәмдік хошиістік дәмдеуіш ретінде қолданады, молынан
тұздайды және кептіреді; көк және жемістерін – кондитерлік өнімдерге хошиіс беру, шай, маринадтар, тұздықтар, ашы-
тылған қырыққабат үшін қолданады. Өсімдік құрамында фитонцидтер бар және көкөністерді тұздау барысында оларға
ерекше дәм беріп қоймай, сонымен қатар, көгеруден және бұзылудан сақтайды.
Аскөктің эфирлік майын тағам, консерві, ликер-арақ және сабын қайнату өнеркәсіптерінде кеңінен қолданады. Ақ-
желкен Шатырлылар тұқымдасының аса танымал түрі. Кептірілген және балғын түріндегі ақжелкен жапырағы – танымал
аспаздық дәмдеуіш.