59. сәбіз Өсіру жоба сауалнамасы: Инвестицияланған жоба мақсаттары: Тамшылатып суармалауды қолданумен 5га егін алаңында сәбіз өсіру.
Өнімі: Сәбіз.
Несие сомасы: 2 967 450 теңге.
Сұратылған несие мерзімі: 12 ай.
жоба тұжырымдамасы. Бизнес-идея қолданыстағы шаруа қожалығының базасында экологиялық таза сәбіз өсіру қызметін ұйымдастырудан
тұрады.
Адамзат сәбізді тамаққа 4 000 астам уақыт қолданып келеді және медицинада өзінің емдік қасиеттерімен жоғары
бағаланады. Ол көздің нашарлауын емдеуге көмектеседі, ағзаның нығаюына және оны жұқпалы аурулардан қорғауға
көмектеседі.
Тауарлар мен қызметтер сипаттамасы. Сәбіз негізінде дайындалған тағамдар бір қалыпты өт айдау қасиеттеріне ие және ішектерді сауықтырады, қан айна-
лым ауруларын, тері ауруларын, бронхитті емдейді. Сәбіз шырыны диеталық және балалар тағамында әсіресе қаназдықты
емдеу үшін тиімді құрал ретінде кеңінен қолданылады. Медициналық нормаларға сәйкес, жылына Қазақстанның әрбір
тұрғыны 20 кг сәбіз тұтынуы тиіс. Жалпы ел бойынша бізге шамамен 330 мың тонна сәбіз қажет болады.