Маркетингтік талдау және өткізу. Сәбізді жеке тұтынушыларға (жергілік көкөніс базарында) өткізуді жүзеге асыру ұсынылады. Сонымен қатар, қоғам-
дық тамақтандырудың жергілікті кәсіпорындарымен (асханалар, дәмханалар, мейрамханалар және т.б.) шарттар жасасуға
болады.
Өндіріс жоспары. 5 га алаңда экологиялық таза сәбіз өсіру жоспарлануда. Бір гектарға орташа өнімділік 30 тонна, жалпы 5 гектардан
(өнімнің шығуы 90%): 5га*30 тн = 150 тонна*90% = 135 тонна аламыз.
Егу Егу мерзімдері сұрыпқа және өндіру мақсаттарына байланысты болады. Сәбізді егудің ұсынылған нормасы 2,5-3 кг/
га. Уақыты бойынша сәбіз егудің үш түрі бар: қысқы, көктемгі және жазғы. Қысқы егіс жерді толығымен қатырып та-
стайтын аяздардың болуына 10-20 күн бұрын. Ертекөктемдік егістер сәбізді жазда ерте байламды тауарға пайдалану үшін
жүргізеді. Жердегі ылғал қорын пайдалануға тырысып, егіс жұмыстарын бастау мүмкін болғанда егуді жүргізеді. Күздік
және қысқы пайдалану егісінің аса таратылған мерзімі бірінші жартысы және 25 мамырға дейін деп санайды. Егуден
кейін әсіресе жібітілген немесе барботаждалған тұқымдарды егуден кейін жердің кебіп кетуіне жол бермеу өте маңызды
– тұқымдардың кеуіп қалған жерде өсуі көктеудің өліміне әкеледі.