Жинау және сақтау. Көбінесе сәбізді қолмен жинайды. Байламды сәбіз жапырағымен жиналады және байламға байланады. Пісу мерзімдері
кеш сәбіз жартылай механикаланған тәсілмен жиналады – тоғын көмегімен қазылады, сосын қолмен жиналады. Сәбіздің
тамыр жемістерін көкөніс қоймаларында және жертөлелерде үйіп, қатарлап, пирамида секілді, жәшіктерде және полиэ-
тиленді қаптарда, сонымен қатар, орларда және шұңқырларда сақтайды. Бұл ретте 1–20℃ шегіндегі температураны және
90–95 % салыстырмалы ылғалдылықты ұстайды.
Егер сәбізді көкөніс қоймасында сақтаса, оның беткі қабаты ылғалданады және шіриді. Сондықтан көкөніс қоймала-
рын жүйелі түрде желдетіп тұру керек немесе тамыр жемістерді қап маталарымен, төсенішпен жабу керек. Сәбізді жәшік-
терде сақтау үшін түбіне ылғалды топырақ (2-3 см) себеді, оның үстіне тамыр жемістерді бірнеше қатармен салады және
олардың үстіне топырақ себеді. Сәбіз салмағы 20– 25 кг полиэтиленді қапшықтарда да жақсы сақталады.