Технологиялық үрдіс Бастапқыда калифорниялық құрттарды сатып алу керек, кәдімгі жауын құрты да болады (біздің жобада калифорни-
ялық құртты сатып аламыз). Құрттарды біз «Павлодар ауылшаруашылық ҒЗИ» сатып аламыз.
Сосын қорданы дайындауды бастау керек. Ол ормандағы, бақшадағы түскен жапырақтардан, көгеріп кеткен жоңқа-
лардан, көкөніс сақтау қоймаларындағы қалдықтардан (өсімдік тектес болуы міндетті), шошқалардың, қояндардың, та-
уықтардың, кептерлердің және т.б. көңдерінен, яғни органикалық материалдардан тұруы мүмкін. Биогумусты өңдіру
бойынша жообаны іске асыру аясында сатып алынатын ІҚМ органикасы пайдаланылатын болады. «Павлодар ауылша-
руашылық ҒЗИ» ЖШС біз үй жайларды жалға алатын боламыз, ол жерде қорда субстраты (құрттарға арналған жем)
дайындалатын болады, шығарылатын шикізатты қажеттің кондицияға дейін өңдеп және барлық компоненеттер араласты-
рылады, сосын қоспа белгіленген технология бойынша арнайы дайындалған жәшіктерге салынып, ферментация цехіне
тапсырылады. Одан әрі, арнайы дайындалған жәшіктерде жүретін қордалау үрдісі (ферментация) бастапқы материалдар-
дың аэробтық бұзылу үрдісі басталады және олар бірқалыпты қоспа – қордаға айнала бастайды. Осылай ТУ аралық та-
лаптарына жауап беретін дайындалған қорда, экологиялық таза, исі жоқ құрттарға арналған жем болып табылады. Сосын
дайын қордаға құрттарды жібереді, көп еңбекті талап ететін жұмыстың нәтижесінде ол биогумусқа айналады. 1 кв. метрге
5000 құрт жіберілу қажет.
Субстрат бес-алты ай шамасында өңделеді., құрттардың өмірі мен жұмысына тиімді жағдай жасалуына байланысты
құрттардың саны 5-10 есе көбейеді. Ересек құрттарды бөлу арқылы өндеуді жеделдетуге болады.
Бір құрт күніне 1 г субстратты өңдіреді, биогумустың шығуы 50 пайызды құрайды. 4 айда 1 шаршы метрдегі 5000 құрт
600 кг субстратты өңдейді.
Одан әрі биогумусты қаптарға салынады да көтерме және бөлшек тұтынушыларға, ірі ауылшаруашылық өңдірушілері-
не және жеке үй шаруашылықтарына сатылады. Өнімді сатудың кепілдері Павлодар ауыл шаруашылық ҒЗИ қарасты
«Қалдықсыз өндірісті қайта өңдеу» зертханасы болып табылады.