жобаны қаржыландырудағы жоспарланған сұраныс: атауы: сомасы, теңге Жабдық
1 500 000
Жөндеу жұмыстары
3 650 000
Айналым қаражаттары
1 050 000
жалпы: 6 200 000 нарық талдауы барбершоптар нарығындағы жағдай Ерлер шаштарыз қызметтерін ұсынатын тікелей емес бәсекелестер арасында Алматыда шамамен 800 ұйым әрекет
етеді. Тікелей бәсекелестері 8 барбершоп, олардың төртеуі ірі желілік жобалардың филиалдары. Көбінесе барлық осы
салондар қала орталығында орналасқан, жергілікті топ ішінде танымал, жиналған клиенттік базасы бар, олардың бөлігі
әлеуметтік алаңдарда (Facebook, Instagram) жақсы ұсынылған.
Жалпы сұлулық нарығы әлі де өсуінің үлкен әлеуетіне ие, себебі тұтынушылардың барлық сұраныстары толық көлем-
де қанағаттандырылмайды.
2019 жылғы наурыздан сәуірге дейін, бір ай ішінде шаштараздар мен сұлулық салондарының қызметтері, сонымен
қатар, маникюр 0,1% қымбаттаған.
Жыл ішінде салондардағы баға 7,1%, тырнаққа күтім мастерлерінде - 6,6% өскен.
жылжыту Мақсатты топты тарту міндетіне байланысты старттық маркетингтік бюджетті бөлу қажет. Ашылғанға дейін жеке
сайтты әзірлеуден, үш әлеуметтік желілерде (Facebook, Instagram) аккаунттар мен топтарды жүргізуден тұратын марке-
тингтік дайындық жүргізілетін болады. Ерекше назар авторлық мини-блогты тұрақты жүргізуден, ерлік, ерлердің шаш
алу үлгілері және сақал мен мұрт күтімінің мәдениеті, тақырыптық әлеуметтік сауалнамалар мен конкурстар туралы та-
нымдық посттар жасаудан тұратын әлеуметтік желілердегі дайындық жұмысына аударылатын болады. Осы үрдістің мақ-
саты – топты ашылуға дайындау және әлеуетті клиенттер базасын қалыптастыру. Топқа бірінші орында сақалы мен мұрты
бар ерлер, шығармашыл жастар шақырылатын болады.
Мекеме атмосферасында акцент нағыз ерлерге тән қасиеттер – ерлік және өзара құрметке жасалады, клиенттер мен
қызметкерлер арасындағы қатынастар достар әңгімесі форматында құрылады.
Бастапқы тәуекелдерді төмендету үшін бірқатар қорғаныс шараларын қабылдау жоспарлануда: Біріншіден, барбер-
шоп жайғасымы барынша кең топқа (бизнесмендер және топ-менеджерлер, шығармашыл жастар, отбасылық адамдар
(әке+ұл жұптары және т.б.) бағытталатын болады. Осы мақсаттарға бірнеше әлеуметтік желілердегі алаңдар жұмыс жа-
сайтын болады.
Екіншіден, кәсіби мастер-класстардан және клиентпен жұмыстың психологиялық жақтарынан тұратын Алматыда
тағлымдаманы ұйымдастырып, қызметкерлер құрамымен ауқымды дайындық жұмысты жүргізу жоспарлануда.