жоба бойынша әлеуетті тәуекелдер: Жобаны іске асыру барысында нақты табыс болжамдалғаннан басқа болу болжамы бар, себебі инвестициялық тәуе-
келдер бар.
Жалпы инвестициялық тәуекел жүйелі (әртараптанбайтын) және жүйелі емес (әртараптануға жататын) тәуекелдер
сомасы болып табылады.
Ұсынылған жобаны іске асыруға байланысты жүйелі емес тәуекел (әртараптандыру арқылы жою немесе қысқартуға
болатын тәуекел) келесілерден тұрады:
• жобаны іске асыру есептеу мерзімдерінің сақталмау тәуекелі;
• тауарлардың қолжетімділік дәрежесіне байланысты тәуекел;
• сұраныстың болмау немесе төмендеу тәуекелі;
• төлемеу тәуекелі;
• экологиялық тәуекел.
Жобаны іске асыру есептеу мерзімдерін сақтамау тәуекелі. Осы тәуекел келесі факторлар салдарынан ең төменгі өлшемдерге жеткізілген:
жобаның әрбір бөлімі бойынша толық жобаалды жұмыстары жүргізілді;
негізгі құралдарды жеткізу, орнату және баптау туралы жеткізушілермен уағдаластықтарға қол жеткізілді;
жоба қатысушыларына мұқият іріктеу жүргізілді;
кәсіпорын штаты дирекция және жұмыс ұжымының қызметтерін орындау үшін білікті мамандармен жинақталды.
Ақшалай қаражаттардың қолжетімділік дәрежесімен байланысты тәуекел. Тәуекелдің осы түрі аса маңызды элемент болып табылады, себебі кәсіпорынның бастапқы кезеңінде қызметтерді
ұсыну үшін ақшалай қаражаттардың қолжетімділігі қарыз қаражаттарды бөлетін екінші деңгейдегі банкке байланысты
болады. Тәуекелдің осы түрі екінші деңгейдегі банктің оң шешімі болған жағдайда шамалы.
Қызметтерге сұраныстың болмауы немесе төмендеу тәуекелі. Тәуекелдің осы түрі жоғары емес, себебі қаржылық қызметтерге жоспарланған идея тиісті нарықтың үлкен сыйым-
дылығымен, сонымен қатар, тұрақты клиенттердің болуымен сипатталады. Бұған қоса көрсетілетін қызметтер сапасы
келешекте барынша жоғары бағаланатын болады.
Төлемеу тәуекелі. Төлеуге қабілетті сұраныс дағдарысы жағдайларында төлемеу тәуекелінің ықтималдылығы барынша жоғары. Осын-
дай сипаттағы тәуекелді барынша төмендету үшін шарттар негізінде және азаматтардың жылжымалы мүлкін кепілге
алуды көздейтін компанияның маркетингтік бағдарламасы бағытталуы тиіс.
Экологиялық тәуекел. Ұсынылатын қызметтерді ұйымдастыруға жоспарланған қызмет технологиясы қоршаған табиғи ортаға үлкен қал-
дықтар бөлмейді. Жоспарланған қызмет өндірістік технологияларды пайдаланбайды, қызмет табиғатты қорғау қызметінің
талаптарын қатаң сақтауды ескерумен құрылған. Осы себептердің салдарынан тәуекелдің осы түрі барынша төмендетіл-
ген.
236
100 ЖОБА 100 ПРОЕКТОВ
services.atameken.kz
www.atameken.kz
қысқы нөмір 1432