Шағын бизнеске арналған 100 жоба 2019 МазМұны Кіріспе


жобаның қаржылық көрсеткіштері



Pdf көрінісі
бет461/636
Дата31.12.2021
өлшемі24,3 Mb.
#23298
1   ...   457   458   459   460   461   462   463   464   ...   636
Байланысты:
Бизнес-жоспар үлгілері

жобаның қаржылық көрсеткіштері
 
1 жыл
2 жыл
3 жыл
Өткізуден түсім
28 061
29 733
31 505
Өндірістің өзіндік құны
4 311
4 340
4 386
Салық салуға дейінгі табыс
23 750
25 393
27 119
Таза пайда
19 000
20 315
21 695
Таза ақша ағындары
25 136
26 077
27 641
Қолма-қол ақшаның жиналған қалдықтары
18 369
37 467
57 901
NPV
18 713
65 634
135 763
жоба бойынша қаржылық есептеулер
сату жоспары
 
 
айына
 
айына
жыл
№ р/р
атауы
жалпы саны
қызмет бағасы
жалпы
 
1
Paco Romano ерлер аяқ киімі
24
22000
528000
6336000
2
Ecco әйелдер аяқ киімі (биік өкше)
27
34000
918000
11016000
3
Camber ерлер аяқ киімі
31
19000
589000
7068000
4
Bronx әйелдер аяқ киімі
28
8000
224000
2688000
5
Alice Line әйелдер аяқ киімі
30
12000
360000
4320000
 
жалпы
2619000
31428000
2619000
31428000


232
                                                          100 ЖОБА        100 ПРОЕКТОВ
services.atameken.kz
www.atameken.kz
қысқы нөмір 1432
Маркетингтік жоспар
Дүкеннің негізгі келушілері Алматы облысының тұрғындары болады.
Аяқ киім дүкенінің мақсатты тобы жекелеп сатып алушылар, олардың 75% – 18 және 50 жас аралығындағы қаланың 
әйелдер қауымы. Тұтынушы портреті: орташа табыс, артықшылықты сапалы, ыңғайлы, функцияналды аяө киімге береді.
Анықталған мақсатты топқа сәйкес жарнамалық стратегия қалыптастырылады. Аяқ киім дүкенінің жарнамасын екі 
түрге бөлуге болады – бейтарап және белсенді. Бейтарап жарнамаға маңдайшалар, баннерлер, штендерлер және т.б. жата-
ды. Белсенді жарнама парақшаларды таратуды, визиткалар беруді, радио мен теледидар, сонымен қатар, интернет арқылы 
жарнаманы білдіреді.
Сегменттегі бәсекелестік барынша жоғары болғандықтан, жарнамалық стратегияны толығырақ ойластыру керек. На-
рықта жылжыту үшін келесі құралдар пайдаланыла алады:
1) Әлеуетті клиенттердің назарын аударатын дүкеннің безендірілген витринасы. Маркетингтік зерттеулер нәтижелері 
бойынша клиенттердің 70% әсем безендірілген витрина назарын аударғандықтан кіретінін білдіреді. Витринаны безен-
діру құны орташа есеппен 17000 теңгені құрайды. Витринада өзіне назар аудартуға және дүкенге жаңа сатып алушыларды 
тартуға қабілетті аса қызық үлгілер орналастырылуы тиіс.
2) Сауда залын сауатты безендіру. Статистикалық деректерге сәйкес, дәл әйелдер аяқ киім дүкендерінің негізгі тобы 
болып табылады, олардың таңдауына дүкенді эстетикалық безендіру ықпалын тигізеді. Бүгінгі таңда әрбір дүкен сатып 
алушылардың қызығушылығын тудыратын тартымды интерьерге ие болуы керек. Сонымен қатар, тауардың орналасуына 
назар аудару керек – сатып алушы тауарды мұқият знерттеуі үшін әрбір позиция көрініп тұруы, қолжетімді жерде тұруы 
тиіс. Аяқ киім мерчендайзингінде ескерілуі тиіс бірнеше тәсілдер бар:
- сатып алушылардың жоғары қызығушылығын тудыруы мүмкін өнім кірген жерде оң жаққа орналастырған жөн. 
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, сатып алушылардың үлкен көлемі (90%) дүкенге кіргенде, бірінші кезекте оң жақтағы 
витриналарды қарайды. Сондықтан ең танымал үлгілерді дәл оң жаққа қойған дұрыс. Сонымен бірге, оң жаққа әйелдер 
аяқ киімін, сол жаққа – ерлер аяқ киімін орналастырған жөн екенін ескеру қажет;
- сатып алушы қызықтырған тауарды ыңғайлы таңдау үшін сөрелер тым биік болмауы тиіс;
- аяқ киімді белгілі бір белгілеріне сәйкес топтар бойынша орналастырған жөн. Аяқ киім мерчендайзингі аяқ киімді 
сөрелерге стилі, функционалдылығы, түсі, бағасы, маркасы, өлшемі, көлемі, маусымы, қатары (ерлер, әйелдер, балалар) 
бойынша орналастыру құрылымын көздейді. Таңдалған аяқ киім жіктелуіне қарамастан, жаңа топтама бөлек қойылады;
- аяқ киімнің орналасуы таңдалған принципке тәуелсіз, екі аптада бір рет ауыстырылуы тиіс;
- аяқ киім тұрған жердің жарығы жақсы болуы тиіс, бірақ аяқ киімге жарық құралдарының тікелей әсері болмаған жөн, 
себебі ол тауардың бұзылуына әкелуі мүмкін.
3) Дүкенді жылжытуды оның ашылуына дейін бастауға болады. Бұл әлеуетті сатып алушылардың қызығушылығын 
алдын ала тудыруға мүмкіндік береді. Мұндай жарнама ретінде жеңілдік купоны бар парақшаларды тарату, радио арқылы, 
интернетте жарнама тарату бола алады.
4) Акциялар мен жаппай сатылымдар туралы жарнамалық материалдарды, ақпаратты тарату тұтынушының назарын 
тартуға бағытталған.
5) Жағдайлық маркетинг. Жеңілдік акциясын дүкеннің ашылу күніне арнаған немесе бірінші келушілерге тұрақты 
сатып алушы картасын ұсынған жөн. Ашылу туралы БАҚ ақпарат жариялауға немесе дүкенге келу туралы парақшалар 
таратуға болады. 
6) Дүкен ассотиментінің суреттері, сонымен қатар, жеңілдіктер мен акциялар туралы ақпарат жарияланатын әлеумет-
тік желілерде аккаунттар құру.
7) Сыртқы жарнама – өзіне назар аудартатын көрнекті жарнамалық маңдайша орналастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   457   458   459   460   461   462   463   464   ...   636




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет