Маркетингтік талдау және сату. Бизнестің бұл түрі барынша жылдам өзін өзі ақтайды. Егер сіз балмұздақ саудасын көшеде жүзеге асыратын болсаңыз,
бұл жағдайда жабдық шығындары дүкен немесе дәмхана ұйымдастырумен салыстырғандай үлкен болмайды. Оның үсті-
не, егер сіз орынды сәтті таңдаған жағдайда, сатылым көлемдері күннен күнге тұрақты болса, бұл жағдайда бір ай ішінде
барлық өзінің салған инвестицияларыңызды ақтап алу мүмкіндігі бар.
Аймақтардың келесі факторлары аймақта осы бизнесті дамыту үшін маңызды болып табылады:
– Ыстық климат;
– Демалыстар мезгілі;
– Қазақстанда адам басына балмұздақты орташа тұтыну көршілермен салыстырғанда айтарлықтай төменірек және
жылына 0,5 кг құрайды, ал Ресейде – 5кг, Еуропада – 8 кг. Дегенмен осы өнімге сұраныс ұлғаюда.
Сату. Тамақ өнімінің өндірісіне қатысты басқа барлық жағдайларда секілді сіз СЭС жергілікті бөлімшесінде рұқсат
алуыңыз қажет.
Барлығы дайын болған соң: рұқсат алынды, жабдық пен сатушы бар, өз бизнесіңізді
бастауға болады. Бизнестің табысының жартысы – сауда үшін қолайлы орын. Сауда
үшін аса қолайлы орындар адамдар көп жиналатын жерлердегі кинотеатрлар, сау-
да-ойын-сауық орталықтары, шағын дәмханалар жанындағы нүктелер болып табыла-
ды. Орын таңдалғаннан кейін (сауда үшін жер телімін беру санитарлық-эпидемиологи-
ялық қорытынды болған жағдайда беріледі), жақын тұрған бөліммен немесе
дүңгіршекпен электр қуаты туралы келісу керек.
Сіздің болашақ нүктеңіздің жанында кімдер жұмыс жасайтынына, олардың клиенттері
қаншалықты екеніне міндетті түрде назар аударыңыз, кіріңіз, танысыңыз. Өзіңізді та-
ныстырыңыз, немен айналысқалы жатқаныңызды айтып беріңіз, сізге қажеттінің барлығын айтып берген жағдайда, бал-
мұздақтың үлкен үлесін беруге уәде етіңіз. Олардан істері қалай жүріп жатқанын, қандай күндері адамдар көп, қандай
күндері аз болатынын біліңіз (статистика үшін қажет).