Шағын бизнеске арналған 100 жоба 2019 МазМұны Кіріспе


Граноланың пайдалы қасиеттері



Pdf көрінісі
бет55/636
Дата31.12.2021
өлшемі24,3 Mb.
#23298
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   636
Байланысты:
Бизнес-жоспар үлгілері

Граноланың пайдалы қасиеттері:
1. Энергетикалық жаттығу.
Гранола үшін негіз жасалатын дәндер баяу сіңуінің арқасында қандағы қант деңгейін қалпына келтіреді. Тұтас астықты 
дақылдар қосылған тамақты таңғы асқа қолданған адамды ұзақ уақыт аштық мазаламайды – тіпті ол адам түске дейін сер-
гек әрі қуаты мол болады. 
2. Бүкіл күнге тамаша көңіл күй.
Гранола көбінесе құрамына кіретін кептірілген жемістер, жидектер және өзге дәмді қоспалардың арқасында тәтті бо-
лады. Жеу барысында адам ағзасында жүйке жүйесіне оң әсерін беретін серотонин, нейромедиатордың жеткілікті көлемі 
бөлінеді. 
3. АІЖ жұмысын қалпына келтіру.
Дәндер суды байланыстырып, ішек бұзылуының және тіпті тоқ ішек обырының алдын алуға ықпалын тигізе отырып, 
ас қорытуды жақсартатын жасұныққа бай. 
4. Дәремендер, минералдар және өзге қажетті элементтер қорын толтыру
Кептірілген жемістер, жаңғақтар, шемішкелер, жемістер, жидектер, бал секілді мюсли және гранола құрамына кіретін 
барлық құрасындар адам үшін қажетті заттектерге: дәрумендерге, магнийге, цинкке, темірге, тамақ талшықтарына, майлы 
қышқылдарға, микроэлементтерге, калийге және басқаларға бай. Е дәрумені, тиамин, фолий қышқылы – мұның барлығы 
жаңғақтар мен шемішкелерде бар. Е дәрумені антиоксидант ретінде әрекет етеді, біздің жасушаларымызды бос радикал-
дардан қорғайды, жүрек, тері, жүйке жүйесінің саулығын қолдауда маңызды рөл атқарады. Тиамин және фолий қышқылы 
метаболизмде,  жүйке  жүйесінің  қызмет  етуінде,  жасушалардың  өсуінде,  жүйке  жүйесінің  кейбір  ауруларының  алдын 
алуда маңызды рөл атқарады. 
5. Сұңғақтық және жеңілдік.
Гранола құрамына кіретін күрделі көмірсулар тез тойымдылыққа ықпал етеді және сонымен қатар, өте баяу сіңеді, 
ол май басу қаупін айтарлықтай төмендетеді. Адам тамақтың аз көлемімен тез тояды және одан кейін ұзақ уақыт аштық 
сезімі мазаламайды. 
Бір сөзбен айтқанда, жоғарыдағының барлығын қосқанда, гранола – пайдалы тамақтану үшін керемет шешім!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   636




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет