бизнесті бастау тәуекелі. Кез келген кәсіпорынның қызметін бастауда туындайтын тәуекел. Бұл тәуекел жаңа кәсіпорын өзінің қызметінің
басында бизнесте тұрақты байланыстары мен қатынастардың, мәселелерді және тауындайтын проблемаларды шешу
тәжірибесінің, жеткізушілермен және сатыпалушылармен, әкімшілік және бақылау органдарымен тұрақты қатынастар-
дың, қалыптасқан беделінің және несиелік тарихының болмауына, заманауи жағдайларда бизнесті жүргізу қиындығына
байланысты. Бұл тәуекел жобаны мұқият дайындау арқылы, кәсіби даярланған өндірістік және басқару қызметкерлер
құрамының болуымен, жобаның өзектілігімен және сұранысқа ие болуымен төмендетіле алады.