Шағын бизнеске арналған 100 жоба 2019 МазМұны Кіріспе



Pdf көрінісі
бет54/636
Дата31.12.2021
өлшемі24,3 Mb.
#23298
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   636
8. пайдалы Таңғы ас Өндіру
жоба сауалнамасы:
Инвестициялық жобаның мақсаттары: Гранола өндірісін ұйымдастыру
Өнімі: гранола
Жоба құны: 2 606 400 теңге.
Өзін өзі ақтау мерзімі: 25 ай.
жоба тұжырымдамасы
Жоба мәні: гранола өндіру және сату. Гранола – пеште пісірілген, бал және үйеңкі шәрбатымен карамелденген сұлы 
үлпектері, жаңғақтар, жеміс езбесі және кептірілген жемістер.
Жобаның мақсаты мен міндеті: елдегі жеңіл тамақ өнеркәсібін дамытуға көмектесу; табиғи және пайдалы гранола 
өндірісінің кепілденген көлемдерін қалыптастыру.
Бұл жобаны іске асыру кәсіпорынға табиғи гранола шығару жөніндегі өндірістік қызметті ұйымдастыруға мүмкіндік 
береді. Ол мыналарға әкеледі:
• бюджетке салық түсімдерін ұлғайту;
• жаңа жұмыс орындарын құру: 3 адам;
• тамақ өніміне ішкі нарықты қанағаттандыру;
Өнімнің сипаты
Гранола – бұл тез дайындалатын тамаша таңғы ас немесе жеңіл-желпі тамақтану, дәмді, табиғи әрі денсаулық үшін 
пайдалы. Құрамында қант жоқ, дәрумендерге, микроэлементтерге, жасұныққа бай 100% табиғи өнім. Оны әрдайым та-
маққа қолдану зат алмасуына оң әсерін береді, тері, шаш қалпын жақсартады, сонымен қатар, салмақты қалпына келтіруге 
ықпалын тигізеді. 
Бізде өндірілген гранола дайындаудың жоғары сапасымен ерекшеленеді.


28
                                                          100 ЖОБА        100 ПРОЕКТОВ
services.atameken.kz
www.atameken.kz
қысқы нөмір 1432
Мюсли және өзге құрғақ таңғы астарға сұраныс тоқтамай өсуде, өндірісті жақсы ұйымдастырған жағдайда өте жоғары 
табыс алуға болады. Бұл өнім өзінің тамақтану рационын қадағалайтын, сұлулығын, денсаулығын ойлайтын, диета ұстай-
тын немесе ауыз бекітетін адамдардың сұранысын қанағаттандыруға арналған. 
Таңғы ас және пайдалы жеңіл-желпі тамақтану тақырыбы әрдайым өте өзекті. Әсіресе өз дене бітімін қадағалайтын 
және өз денсаулығын ойлайтын адамдар үшін. Қуырылған жұмыртқа, бутерброд және аздап мезі болған ботқа орнына 
аса шығармашылық, дәмді әрі пайдалы нәрсе дайындауға болады. Бұл жай ғана сұлы немесе мюсли емес, бұл – гранола! 
Қытырлақ, ішінде жаңғақ, жидек немесе шоколад, бал және қоспалардың жылы және татымды дәмі бар, бүкіл күнге қуат 
береді. Аса дәмді және пайдалы тамақты ойлап табу мүмкін емес шығар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   636




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет