Шағын бизнеске арналған 100 жоба 2019 МазМұны Кіріспе



Pdf көрінісі
бет582/636
Дата31.12.2021
өлшемі24,3 Mb.
#23298
1   ...   578   579   580   581   582   583   584   585   ...   636
Байланысты:
Бизнес-жоспар үлгілері

Өндіріс жоспары
Осы бизнес-жобаны дамыту аясында 10 ш.м. жалға алынған үй-жай бар, сонымен қатар, ақша төлеуге дайын әлеуетті 
клиенттер бар. Ол өз бетінше, патент бойынша жұмыс жасайды. Сонымен қатар, бүгінгі таңда кірпік өсіру, бетке күтім 
жасау курстарын оқыған және тиісті сертификаты бар. 
Бастапқы кезеңде кресло, айна және кірпік өсіру құралдары болады. Сонымен гранттық қаржыландыруға тапсыру ба-
рысында жобаны 100 пайызға іске асыру үшін жұмысқа арналған арнайы үстел және қосымша жабдықты сатып алу қажет.
Орташа баға сегментінің лэшмейкер кабинетін ашу базарлар мен дүкендерге жақын орналасқан.
Лэшмейкер кабинеті тек бірінші қабатта орналасады. Мұндай кабинет үшін жертөле қабаттарды пайдалануға бол-
майды. Лэшмейкер кабинетін ашу үшін санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау және өрт қауіпсіздігі инспекциясында 
анықтамаларды рәсімдеу жөніндегі стандартты процедуралардан өту керек. Толығырақ ақпаратты ҚР Денсаулық мини-


309
                                                        100 ЖОБА        100 ПРОЕКТОВ
қысқы нөмір 1432
services.atameken.kz
www.atameken.kz
стрінің  «Санитарлық-эпидемиологиялық  ережелер мен  нормаларын  бекіту туралы»  2004  жылғы  18  тамыздағы №  632 
бұйрығын оқып алуға болады.
Жоғарыда аталғанның негізінде, Дана Абил  «Электро»», Эльвира Удод «ТЦ Кристал», Ирина Васетская «гостиница 
Ишим» секілді менің үш бәсекелесімнен ерекшелігім – қолайлылық және өзінің қайталанбас атмосферасы, оған телефон 
арқылы жазылу мүмкіндігі, ауабаптағыш, күтуге арналған ыңғайлы орындықтар, теледидар, жаңа журналдар, жағымды 
музыка, әсем безендіру, бөлме гүлдері.
Осы қызмет үшін жабдық таңдау барысында баға-сапаның оңтайлы қатынасын ескеру қажет. Бірақ клиенттердің қо-
лайлылығына үнемдеудің қажеті жоқ, ыңғайлы креслолар мен жуғыш, сенімді электр жабдығы қажет. Өндіруші-ел үшін 
артық ақша төлеу керек емес, мысалы, итальяндық айналардың орнына сапалы қытайлық айна табуға болады.

 
Алынатын жабдық: 

 
1:Штативтегі лупа шам

 
2:Шарикті гласперленді зарарсыздандырғыш, пластик

 
3:Лэшмейкер орындығы

 
4:Лэшмейкер жастығы

 
5:Бірреттік жиналмалы қалпақшалар қаптама

 
6:Орамадағы бірреттік төсеніштер 

 
7:Небулайзер (нано - ылғалдандырғыш) 

 
8:Кірпіктерді кептіруге арналған потративті ауабаптағыш

 
9:Микробраш 3 қаптама

 
10: Кремді ремувер 

 
11:Иілген қысқыш 

 
12:Vetus ESD қысқышы

 
13:Lovely хош иістендіргішсіз праймері

 
14:Коллагенді патчтар 20 жұп

 
15:Lovely кірпіктері Қара шоколад-20 линия (D 0.07 09мм)

 
16:LovelyDelyxe кірпіктері 20 линия МИКС

 
17:Дебондер

 
18:Lovely гидрогельді жастықшалары 

 
19:Кірпіктерге арналған щеткалар 

 
20:Lovely Cieopatra қара желімі

 
21: Гелевый Lovely ремувері

 
22:Қара иілген кірпіктер 
Осы бизнес-идея 240 000 теңге көлемінде гранттық қаражат тартуды көздейді. Гранттық қаражат 232 000 тг сомасында 
өндіріске арналған жабдықты сатып алуға, сонымен қатар, ай сайынғы ағымдағы шығындарды, соның ішінде, 25 000 тг 
сомасында шикізат пен материалдар сатып алуға жұмсалатын болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   578   579   580   581   582   583   584   585   ...   636




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет