пецияны әлсіз токпен емдеу секілді қызметтер түрлері.
Лэшмейкер – бизнестің межелес түрлерін үйымдастыру үшін қолайлы жер екенін ұмытпау керек, мысалы, шаш пен
бетті безендіру және күтім көрсету тауарларын сату. Өз кезегін күтіп отырған келушілер үшін кофе және басқа сусындар
бар сауда автоматын қоюға болады. Сонымен қатар, витринада тұрған әшекейлер назар аударып, сатып алуға қызықты-
рып тұрады.
Маркетингтік талдау және өткізу стратегиясы Лэшмейкер табысы орташа және одан төмен тұтынушылар сегментіне бағдарланатын болады, қызметтер құны бәсеке-
лестер ұсыныстарын ескереді. Келешекте ірілену және жаңа бағыттарды дамыту жоспары бар.
Жобаның табыстылық дәрежесі жоғары дер бағаланады, себебі осы қызметтерді ұсынатын мекемелердің көптігіне
қарамастан, осы қызметтерге сұраныс тұрақты.
Жарнама. Маңдайша жарнама ретінде қызмет атқарады. Ол қымбат болмаса да, стильді, назар аударатын болуы тиіс.
Жарнама ретінде жақын орналасқан үйлерге ілінген хабарландырулар бола алады, сонымен қатар, адамдар арасында жұ-
мыс жасауға, жарнамалық парашалар таратуға болады. Лэшмейкер үшін үздік жарнама – Сіз көрсететін қызметтердің
сапасы.