жоба сауалнамасы: Инвестициялық жоба мақсаттары: ұлттық ыдыс өндіру цехін ұйымдастыру.
Өнімі: ұлттық ыдыс.
Жоба құны: 3 000 000 теңге.
Өзін өзі ақтау мерзімі: 3 жыл.
жоба тұжырымдамасы Кәсіпкер Қостанай облысында және басқа облыстардың оған шекаралас жатқан аудандарында ағаш ұлттық ыдысты
өндіруді және сатуды жоспарлап отыр.
Кәсіпкердің басты мақсаты Қостанай облысында ұлттық ыдыс өндірісін ұйымдастыру болып табылады.
Жоғарыда аталғанның негізінде біздің бизнес-жобамызды қолдауыңызды және оны іске асыруға көмек көрсетуіңізді
сұраймыз.
Бұл бизнес-жоспар инвестициялық жобаларды әзірлеуге қойылатын талаптар мен нормаларға сәйкес әзірленген.
Жоба мақсаты ағаш ұлттық ыдыс өндірісін ашу және оны сату болып табылады.
Осы өнімді сату қолжетімді бағалар бойынша үйге арналған ұлттық ыдысты ұсыну арқылы халықтың барлық топта-
рының сұраныстарын қанағаттандыратын болады. Баға саясаты нарықтағы бағаны үнемі бақылаудан, жақын бәсекеле-
стерден, сонымен қатар, нарықтағы сұранысқа байланысты құрылатын болады.
Назар сапалы тауарға және кең ассортиментке аударылатын болады.
Осы жобаны іске асырудың артықшылықтары:
• аумақ бюджетіне салық аударымдары;
• аумақты қолжетімді бағалармен ұлттық ыдыспен қамтамасыз ету.