Кәсіпорын қызметінің негізгі бағыттары - Кәсіпкер қызметінің жоспарланған түрлері – ұлттық ағаш ыдыс өндіру және сату.
қызметкерлер құрамы. қызметкерлер құрамының біліктілігі Басшы өз қызметінде Қазақстан Республикасының нормативтік актілерін басшылыққа алады және келесі функциялар-
ды орындайды:
• Өндіріс қызметін ұйымдастырады, жоспарлайды және үйлестіреді;
• Дайындау және сату жоспарының орындалуын қамтамасыз етеді;
• Зардаптарды болдырмау үшін жауап береді;
• Жабдық пен құрал-сайман стандарттарының талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз етеді;
• Өндіру барысында тиісті жағдайларды қамтамасыз етеді;
• Ресурстарды дұрыс пайдалануын бақылауды жүзеге асырады (материалдық, қаржылық, еңбек);
• Сатылым нәтижелерін талдайды, өндірістік үрдістің сапасын арттыру шараларын жүргізеді;
• Шикізат жеткізілуіне, тауарлар тапсырысы мен сатылымына байланысты келіссөздер жүргізеді;
• Тауарлық-материалдық құндылықтарды есепке алуын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
• Өндіріс қызметкерлерін басқарады.