Шағын жанрды оқыту


Көлемдi жанрды оқыту. Романды ықшамдап оқыту жолдары



бет2/4
Дата21.06.2022
өлшемі75 Kb.
#37164
1   2   3   4
Байланысты:
00007475-26b9392c

Көлемдi жанрды оқыту. Романды ықшамдап оқыту жолдары.
Мектеп оқулығында көлемдi шығармаларды оқып-талдау қарастырылған. Бұл ретте әдiскер-ұстаз Қ.Бiтiбаеваның еңбектерiн атауға болады. Жалпы, әдебиеттануда роман жанрына қатысты зерттеу еңбектер жазған М.Атымов, Б.Майтанов, Ж.Дәдебаев секiлдi ғалымдардың еңбектерi белгiлi. Көлемдi эпикалық шығармалар көп ретте тек үстiртiн ғана өтiледi. Оның себебi, 1-ден, шығарманың ауқымдылығы, мазмұнның көпқырлылығы әсер етсе, 2-ден, туындының күрделiлiгi де бар. Көркем мәтiндi игерудегi алғашқы қадам мазмұнды бiлуден басталады. Яғни, сюжеттi әңгiмелеу, жоспар құру, бөлiмдерге бөлу, ат қою-мектеп практикасында бұрыннан бар. Бұдан басқа, шығарманың таңдап алған тұстарын мазмұндау; қысқартып, түйiндеп мазмұндау; жеке эпизодтарды мазмұндау; логикалық тiзбектi мазмұндау түрлерi бар. Мәтiндi ықшамдап оқытуда жоспар жасау, тарауларға ат қою, әр бөлiмдi жинақтап, негiзгi сюжеттi айқындау аияқты жұмыс түрлерiнiң мәнi үлкен. Бұл ретте жоғары сыныпта (11 сынып) өтiлетiн “Абай жолы” романымен жұмыс түрiн ұсынуға болады.
Өзін - өзі бақылау тапсырмалары:
- Шағын жанрды оқыту. Кейiпкерлерге мiнездеме беру жолдары;

  • Орта жанрды оқыту ерекшелiгi, повесть кейiпкерлерiн жүйелеу, мәтiнге жоспар құру;

  • Көлемдi жанрды оқыту. Романды ықшамдап оқыту жолдары.;

Әдебиеттер:
1. Атымов М. Қазақ романдарының поэтикасы.
2. Елеукенов Ш. Әдебиет және ұлт тағдыры. А., 1997.
3. Дәдебаев Ж.. Қазiргi кездегi қазақ тарихи прозасының дамуындағы М.Әуезов дәстүрi. А., 1987.
Керектi әдебиеттер.
1. Әуезов М. Жиырма томдық шығрмалар жинағы. 18 том. А., 1981.
2. Сөзстан. А., 1987.
3. Қазақ тiлi ме әдебиетi.№1,2006.
1. С.Сейфуллин. Сол жылдарда.А., 1972.
2. Қ.Бiтiбаева. Әдебиеттi оқыту әдiстемесi. А., 1997.
3. Храпченко М. Горизонты художественного образа. М., 1982.
9 - тақырып. Драмалық шығарманы оқыту.
Лекция мақсаты:
- Мектепте драмалық шығармаларды оқыту технологиясын меңгерту.
Сұрақтар:
1. Әдеби жанрлардың ішінде драманың өзіне тән спецификасы;
2. Драмалық шығармаларды оқытуда кіріспе сабақтардың алатын орны, түрлері;
3. Драмалық шығармаларды талдау жолдары.
Әдебиеттің басқа жанрларына қарағанда драмалық шығармаларды оқытудың өзіндік ерекшеліктері бар. Ол ерекшелік драмалық туындылардың жанрлық табиғатына тікелей байланысты болып келеді. Драмалық шығармаларда оқиғалар оқырман көз алдында жаңа өтіп жатқандай әсер қалдыруы керек. Күшті сюжет, ең бастысы, өткір, шиеленісті тартыс, өмірдегі қарама – қарсылықтар - драманың өзегі, негізгі арнасы. Драмалық шығарманы талдамас бұрын мәтінді алдын ала оқыту керек. Оқушыларға оқу барысында ақыл – кеңес, бағыт – бағдар беру міндетті түрде жүзеге асырылады. Талдау алдында оқушыларға әдеби – теориялық ұғым берудің маңызы зор. Талдауды драмалық шығарманы күйтабақтан тыңдау, немесе, содан көрініс көрсетуден бастаудың маңызы зор.
Оқушылар қызығушылығын арттыру мақсатында драманың жазылу тарихы, оны ойнаған артистер туралы әңгімелеу, туынды туралы әдебиетшілер, сыншылар пікірі жазылған көрнекіліктерді пайдалану тиімді болмақ. Талдауда мәтінге сүйену драмалық шығармаларды оқытудың алтын арқауы болмақ. Мұғалім ең негізгі көрініс, актілерді, монолог, диалогтерді бөліп ала отырып, сол бойынша жұмыс істеуі керек. Мәнерлеп оқу, түсіндірмелі оқу, рөлге бөліп оқуға ерекше назар аударылады. Талдау барысында оқушыларға жиі – жиі қозғау салу, олардың қиялы мен ойына ерік беріп отыру да драмалық шығармаларды оқытудың тиімді жолдарының бірі. Драмалық шығармаларды оқыту жолдары көп. Ол әр мұғалімнің ізденісі, шеберлігіне де байланысты шығармашылық жұмыс. Концерт - сабақтар, композициялық сабақтар түрі – драманы өтудегі тиімді сабақ түрлеріне жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет