Ж. Жабаев. «Ленинградтық өрендерім».
Балалар, өлеңнен теңеуді табыңдар
- бұлағымдай (Нева өзенін)
- күндей (шамы)
- шоқылардай (таулары)
- Балалар, Жамбылдың осы өлеңді жазуына себеп болған қай қала?
Ой, ойлану, ойлату барлық пәндерге де керек. Ойсыз өмір сүру мүмкін емес. Бірақ бұл жердегі ерекше бір еске алатын мәселе - өзіндік пікірде жатыр.
Поэзиялық шығарманы оқытудың ең бастысы, сол поэзиялық шығарма туралы оқушы пікірі, ойына ерекше көңіл бөлген жөн. Бұл пәннің басқа пәндерді оқытудан өзгешілігі де, күрделігі де осында. Басқа пәндерге қарағанда әр түрлі осы пәнде ерекше көрінеді.
Түгелдей жайлап, еш уақытта да көзге көрінбейтін сезім қылдары арқылы ақыл иесі адамды өз арқылы жетелеп алатын қасиетті дүние. Оны оқытудың қызығы да, күрделігі де осында жатса керек.
Поэзиялық шығарманы оқытқан кезде төмендегідей деңгейлік жұмыстарды жүргізуді кешенді бағдар:
І деңгей– өлең ішіндегі негізгі ойларды бөліп алып, соны шағындап өз сөзімен жазуға дағдыландыру.
ІІ деңгей– тірек сызбалары арқылы поэзиялық шығарманың негізгі мазмұнын ашқызу.
ІІІ деңгей - поэзиялық шығарма бойынша бейнесөз, сөзжұмбақ құрастырту(өздері түсінген сөздер бойынша)
Көркем әдебиетте тілдің эмоциялық және эстетикалық қуаты ерекше көрінеді. Бұл қазақ тілін жоғары деңгейде үйренуге мүмкіндік береді
Достарыңызбен бөлісу: |