Бүгінгі күнде коммерциялық банктер тек сауда-саттық операцияларымен айналысушыларды немесе тауар өндірушлерді ғана несиелеуді қолдап отырғанын айта кетуге болады. Шын мәніде банктік сектор шағын бизнесті көңілсіз түрде несиелеуге мүқтаж. Себебі несие берілген жағдайда шағын кәсіпорындардың несиені қайтара алмай қалуынан, оны өтейтін ресурстық базаның аздығы тіпті жоқтығы көңіл алаңдатады.

Кепілге қойылған мүліктің нарықта сүранысқа ие болуының екіталайлығы және банктік несиені алған кәсіпорынның оны тиімді басқара алмау проблемасымен түйіседі. Өйткені олардың көпшілігінің жоғары деңгейдегі менеджменті, толық қанды бизнес жоспарлары стандартқа сай келмей отыр. Статистикалық мэліметтерге сүйенсек шағын және орта бизнестің Республикамызда дамуы негізінен — қатаң салықтық саясат, қарыз қаражаттарын ала алмауы, лизингтік қызметтердің шектеулі болуы, өткізу нарығының жоқ болу қиындықтары кедергі болып отыр. Сондықтан Салықтык Комитет, сонымен қатар Ұлттық Банк тарапынан шағын және орта бизнесті қолдау және көтермелеу механизмдерін жүзеге асыру қажет.
Шағын және орта бизнесті несиелеудің негізгі нысандары мен түрлері
Несиелік құнның сипатына қарай несиенің тауарлы, ақшалай және тауарлы-ақшалы (аралас) түрлері болады. Несиенің тауарлық нысаны оның ақшалай түрінен бұрын болды. Ол тұтыну тауарларының артықшылығы бар субъектілер оларды төлеу мерзімін ұзартып басқаларға бере алатын тауар өндірісінің ең бастапқы кезеңінде пайда болды.
Ақшаның пайда болуымен несиенің тауарлық формасының шеңбері бірте-бірте тарылды. Ол (астық және қант несиелері) капитализмнен социализмге өту кезеңінде пайдаланылды. Несиенің ақшалай нысаны алтынмен қамтамасыз ету негізінде кеңестік рубльдің сатып алу қабілеті тұрақтанғаннан кейін (1924 ж.) және бюджет тапшылығы жойылғаннан кейін дамыды. Соған қарамастан, ол басым болмаса да, бүгінгі күнге дейін сақталған.