Шағын және орта бизнес субъектілері өнімдері саясатының мәні.
Қаржы ұйымының өнім саясатын іске асыру ерекшеліктері.
Әлемнің және Қазақстан Республикасының қаржы-кредит ұйымдары өнімдерінің қатарын дамытудың негізгі бағыттары.
Банк өнімін әзірлеудің негізгі кезеңдері-әр кезеңдегі жаңа өнімдер мен маркетологтардың рөлі
Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, шағын бизнес дамыған нарықтық шаруышылықтың бөлінбес бір элементі болып табылады. Шағын бизнес халықтың әл-ауқатын арттырумен қатар, жаңа қосымша жұмыс орындарының ашылуын құру сияқты дәйекті мәселелер оның ақтуалдылыгын көрсетеді және экономиканы реформалаудың ажырамас бөлігі деп қарастыруға негіз береді.

Қазақстан Республикасының экономикасы шаруашылықтың эртүрлі формаларын дамытпай қалыптаспайды, оның ең маңызды бөлігі шағын кәсіпкерлік болып табылады. Шағын және орта бизнес – нарықты қалыптастыруда, ірі өндірушілер монополизмін шектеуде және бәсекелестікті дамытуда, тауар және қызмет сұранысын қанағаттандыруда, жұмыссыздық мәселесін тежеуде, жаңа технологияларды енгізуде, Қазақстан Республикасының экономика саласын дамытуда маңызды роль атқарады.
Сонымен, шағын және орта бизнестің ел экономикасындағы алатын орны ерекше. Өйткені мемлекеттің жалпы қоғамның алға жылжуының бірден-бір рычагы болып табылатыны сөзсіз. Шағын бизнес ірі бизнеске қарағанда нарыққа тез бейімді, өзгермелі жағдайларға байланысты икемді, жаңа дамып отыратын өндіріс секторларында жұмыс істеуге қаблетті.

Шағын және орта бизнестің субъектісі ретінде кәсіпкер танылатыны айқын. Шағын және орта бизнестің мәні мен мағынасын тереңдеп білу үшін, ең алдымен сол шағын және орта бизнесті алып жүруші субъект — кәсіпкер терминіне тоқталсақ.
Кәсіпкерлік феномені бағзы заманнан бері экономикалық, элеуметтік ғылымдардың зерттеу объектісіне айналған. Кэсіпкерлік, шағын және орта бизнес негіздері теориясын XVIII-XIX ғасырларда Ф.Кенэ, А.Смит, Ж.Б.Сэй, сосын И.Шумпетер, Ф.Хайск, А.Чаянов және тағы басқа экономист ғалымдар негізін қалаған.