Шағын және орта бизнесті жүзеге асырушы кәсіпкерді -«индивид» түрінде өз бетінше нарықтық жағдайда жоғары шешім қабылдай алатын, жеке меншік иесі ретінде, өзгенің көмегінсіз табыс пен пайдаға қол жеткізе білетін және атқарылған қызметтің барлығы өз қимыл іс-әрекетінің жемісі екендігін түсінетін заңды және жеке тұлғаларды айтуға болады.

А.Смит шағын және орта бизнес пен кәсіпкер туралы төмендегідей жазған екен «..ол тек өзінің жеке қызығушылығын, өзінің жеке пайдасын ғана ойлайды және де көрінбейтін қол арқылы жоспарланбаған мақсаттарына жетеді. Қоғамға қызмет етемін деп ойлаған кезден гөрі, өзінің жеке пайдасын ойлаған кезде, қоғамға көбірек пайда алып келеді.».
Кәсіпкерліктің объектісі — адамның белгілі қызметі. Мұның ерекшелігі қандай? Кәсіпкерліктің соңғы нәтижесі өндірілген өнім мен көрсетілген қызмет. Бірақ ең бастысы — әр кәсіпкер оның тек өзіне тиімдісін, пайдалысын ғана жасайды.
Міне, осы себептен кәсіпкерлердің ең басты мақсаты — өз кәсіпорынының пайдасын барьінша жоғарлату немесе шағындарын барынша азайту болып табылады. Ал, кәсіпкердің табысы көбіне оның бизнесті ұйымдастыруына тікелей байланысты. Қызметінің бастапқы кезеңінде кәсіпкер қатаң бәсеке жағдайында нарықтан шығып қалмас үшін өндіріс факторларын комбинациялаудың жаңа жолдарын іздейді, яғни, бұл кәсіпкерліктің ең басты мэселесі.

Сонымен, кәсіпкерлік — жаңа мүмкіндектері іздеу, жаңа технологияны пайдалану, капиталды жұмсаудың тиімді салаларын іздеу, ескі ойлау шеңберінен шығу. Былайша айтқанда, өндірістің жаңа түрін ашып, дамыту; тауарлар мен қызметтердің жаңа түрлерін шығару мақсатында ұйымдастыру құрылымдарын өзгерту, сонымен қатар оларды жаңарту және өркендету.