Сұхбаттасқан Салтан СӘКЕН
МИНИСТРЛІКТІҢ АЛДАҒЫ МІНДЕТІ
Елбасы өзінің Жолдауында аграрлық сектордың алдына үш маңызды
міндет қойды. Бұл – еңбек өнімділігін арттыру, еліміздің азық-түлік
қауіпсіздігін қамтамасыз ету және АӨК-тің экспорттық мүмкіндігін
арттыру. Өз кезегінде министрліктің барлық күш-жігері осы міндеттерді
орындауға бағытталатын болады.
Қойылған міндеттерге қол жеткізу жолдары мен оның шешімдері 2014
жылға дейінгі Агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасында
көрсетілген. Аймақтардың мамандандырылуын күшейту және аса
перспективтік бағыттар бойынша шараларды нақтылау үшін
министрлікпен шебер-жобалар әзірленді.
Әзірленген шебер-жобалар халықтың және сыртқы өткізу рыногының
қажеттілігіне сәйкес тиісті өнім түрлері, көлемі бойынша ақпаратты
қамтиды, олар кәсіпкерлер, қаржылық институттар, мемлекеттік органдар
және әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар үшін инвестициялық
жобаларды іске асыру кезінде нақты бағыттарды және индикаторларды
анықтауға мүмкіндік береді.
Найзағай соққысынан қалай сақтану керек?
АҚШ ұлттық ауа райы қызметінің мәліметінше,
жыл сайын Жер бетінде 16 млн найзағай ойнай-
ды. Бұл – бір мезгілде ғаламшарымыздың 1800
тұсында жасыл түседі деген сөз. Найзағайлардың
25 миллионы орман өрттеріне, күшті дауылдарға,
жанартаулардың атқылауы мен ядролық жары-
лыс тарға себеп болады. Басқаны айтпағанда,
күн күркіреп, жасылдың 40 шақырым жерден
түсуі тұрғындарды жазым етіп жатады. АҚШ-та
жыл сайын найзағай салдарынан 55 адам қайтыс
болып, жүздеген адам жарақат алады екен.
Қазақстанда биыл найзағай соққысынан ондаған
адам зардап шегіп, төрт адам қайтыс болды.
Қайғылы оқиға Шығыс Қазақстан және Қара-
ғанды облыстары мен Астанада тіркелді. Най-
зағай ойнап тұрған кезде жабық кеңістіктен
сырт қа шықпаған жөн. Жалт ойнау басылғаннан
кейін жарты сағаттан соң ғана ашық аспан астын-
да жүруге болады. Үй ішінде жуынатын шұңғыл-
шадан (раковина), ваннадан, дәретхана орнынан
алысырақ отырған абзал. Ертеде қариялар
найзағай ойнап тұрған кезде үйдегі айна, ыдыс-
аяқ сияқты жылтыр дүниелердің бәрін шүберек-
пен жауып қоятын болған.
Соңғы кездері үстіне найзағай түсіп, зардап шеккендер туралы жиі еститін болдық. Күн
күркіреп, жасыл ойнап тұрған кезде қалай сақтану керек?
Алтын
СМАҒҰЛОВА,
Алматы қаласы
ДАТ!
Асылжан МАМЫТБЕКОВ, ҚР ауыл шаруашылығы министрі:
Бүгінде бөлініп отырған субсидиялар көлемі
мен мөлшері ауылшаруашылық өнім
өндірушілерді қанағаттандырмайды
e-mail: info@alashainasy.kz
АЛАШ-АҚПАРАТ
Өткен жексенбіде жеті
адам суға кетті. Төтенше
жағдайлар министрлігі
баспасөз қызметі
мамандарының мәліметінше,
олардың бірде-біреуін құтқа-
рып қалу мүмкін болмапты.
Қостанай облыстық ішкі
істер департаментінің
хабарлауынша, қаза тапқан
такси жүргізушісі «Молния –
элит» таксофирма сын да
жұмыс істеген. Белгілі
болғандай, осы қылмысқа
қаты сы бар күдіктілер такси
жүргізу ші сінің автокөлігін
басқарып келе жатқан сәтінде
құрықталды. Құқық
қорғаушылар қылмыс кер-
лерді Силантьевка ауылының
маңайында GPS сигналы
бойынша тауып алған.
Жексенбіде жеті
адам суға кетті
Қостанайда такси
жүргізушісі өлтірілді
Алматы облысының Қапшағай қаласы-
ның демалыс орындарының бірінде 11
жастағы Е.Бәленов деген бала суға кетіп
қалды. «Песчаная коса» демалыс орнында
шомылған баланың өлі денесін Алматы
облыстық төтенше жағдайлар департамен-
тінің құтқару күштері 18.00-де судан шы-
ғар ды. Сол күні Қапшағайдағы тағы бір
жаға жай – «Ямайка» шомылу орнында
1991 жылғы Т.Нүсіпов деген азаматтың
жан сыз денесі табылды. Ал Алакөл ауда-
нына қарасты Көктұма ауылында орта жас-
тағы Қ.Бұқаев деген азамат суға батып
кет ті. Қайғылы оқиғаларға негізгі себеп
суға шомылушылардың арнайы бекітілген
қауіпсіздік ережесіне енжарлықпен қарауы
болып отыр.
Суға кеткендер тізімі Ақмола облысы
мен Маңғыстау облыстарында да көбейе
түсті. Каспий теңізінен 22 жастағы А.Қо-
шанов есімді жасөспірімнің мәйіті табылса,
Ақмола облысы, Жылтыр ауылындағы
Баян ды өзенінен 1971 жылғы Е.Квасчуктың
денесі шығарылды.
Ардақ ҚҰЛТАЙ
37 жастағы такси жүргізушісінің мәйіті
6 тамыздан 7 тамызға қараған түні Зареч-
ный ауылының маңайында табылған бол-
са, қылмыскерлер айдап әкеткен көлік Ал-
тын сарин ауданына қарасты Силантьевка
ауылының маңайында табылды. Ішкі істер
департаменті баспасөз қызметінің мәліме-
тіне сәйкес, қылмыскерлер такси жүргізу-
ші сін қымбат бағалы «Тайота Камри» мар-
калы көлігі үшін өлтірген болып отыр.
Тергеу амалдары барысында анықтал-
ғандай, такси жүргізушісі Рудный қаласын-
да тапсырыс алып, оны орындауға аттан-
ған. Бірнеше сағаттан кейін «Молния-элит»
таксофирмасының иесі дабыл соққан.
Бел гілі болғандай, тапсырыс алған авто-
көлік белгіленген бағыттан ауытқып, басқа
жаққа бет алған. Бұл жағдайды GPS жүйесі
тіркеген.
Навигатордың көмегімен ұрланған
автокөлік табылды. Оның көмегімен, авто-
көліктің Заречный ауылында тоқтағаны да
анықталды. Құқық қорғаушылар Заречный
ауылында іздестіру жұмыстарын жүргізген
уақытта зорлықпен өлтірілген такси
жүргізушісінің мәйіті де табылған. Қазіргі
таңда сарапшылар жәбірленушінің қандай
құралдан өлтірілгенін анықтау үстінде.
Арада бір күн өткеннен кейін Рудный және
ішкі істер департаментінің қызметкерле-
рінен құрылған іздестіру тобы 27, 28 және
29 жастағы күдіктілерді құрықтады. Анық-
талып отырғандай, ұсталған азамат тар дың
бірі бұрын сотталған болып отыр.
Ерғали НӘБИҰЛЫ
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ
№138 (590) 9.08.2011 жыл, сейсенбі
www.alashainasy.kz
7
e-mail: info@alashainasy.kz
ДОДА
?
Б I Л Г I М К Е Л Г Е Н Б I Р С Џ Р А Ћ
Б I Л Г I М К Е Л Г Е Н Б I Р С Џ Р А Ћ
БАСКЕТБОЛ
Жеңілістен кейін де жеңіс барын ұмытпайық
Ұлы Жібек елінің Луохе қаласында өт-
кен «Гран-при» додасында Қазақстан құ-
ра масы алғашқы кездесуін жергілікті Қы-
тай қыздарымен өткізді. Бойлары сырықтай
Қытай қыздарының техникалық ше бер лік-
тері жоғарылау екен, біздің қыздарға дес
бермеді. Тосқауыл қоюға да шебер екен-
дік терін көрсетіп, біздің қыздардың ша-
буыл дарын да, ойындарын да мандытпады.
Бірақ төрт құбыласы түгел деп айта ал май-
мыз. Олар да қателесіп, арагідік өрнекті
ойын үлгісін көрсете алмай жатты. Дәл
қазір Қытай қыздарының деңгейлері аса
жоғары емес. 2003-2004 жылдардағы
төрт күл дүниеге үстемдік құрған кездерін
тек сағынышпен еске алатындай халде
сияқты. Соңғы Азия чемпионатында Таи-
лан д қыздары олардың алдын орап кетіп,
Қытай құрамасы күмісті қанағат тұтып еді.
Соның сыры белгілі болды. Бірақ Қытай
құрамасы біраз әлсіресе де, біздің қыздар
оларды әзірше жеңе алатын емес...
Луохеде біздің қыздар Қытай құ ра-
масынан 0:3 (18:25, 23:25, 16:25) есе бі-
мен ұтылды. Ольга Дробышевская команда
қоржынына 13 ұпай салып, нәтижелі ойын
өр негін көрсеткенімен, біздің қыздар бір
сет те де жеңіске жете алмай, пұшайман
болды.
Бақытжан Байтөреев жаттықтыратын
Қазақстан құрамасы екінші ойынын азулы
АҚШ аруларымен өткізді. 2010 жылғы
«Гран-при» додасының жеңімпазы болған
Аме рика арулары біздің қыздарды аса қи-
нал май, оңай ұтты. Есеп – 3:0 (25:15,
25:21, 25:12). Деңгейлерінің анағұрлым
жо ғары екендігі көзге ұрып тұрды. Тіпті
допты ойынға қосуда да біздің қыздардан
асып түсті. Мысалы, олар допты ойынға
қосудан 15 ұпай еншіледі. Ал біздің қыздар
бар болғаны екі ұпайды көңілге медеу
тұтты. АҚШ-тың негізгі құрамда алаңға
шыққан қыздарының төртеуі өз қор жын-
да рына 10-нан артық ұпай салды. Бәрінен
асып түскен Дэстине Хукер болды. Ол осы
матчта 15 ұпай еншіледі. Ал біздің ко ман-
даның сапынан Ольга Дробышевская мен
Радмила Бересневаның әрқайсысы ко ман-
да қоржынына 10 ұпай қосты.
Қыздарымыз «D» тобындағы соңғы
матчты Сербия құрамасымен өткізді. Құ-
ра мында 20-дан асқан жас қыздары көп
Сербия құрамасы да біздің қыздарға үс-
темдік танытты. Қыздарымыз тосқауыл
қою да да шеберлік таныта алмай, соқ қы-
ла ры да діттеген жерлеріне дөп түспей,
дің келеді. Әйтсе де намысты қолдан бер-
меу ге тырысып бақты. Бақытжан Байтөреев
те тактикалық жағынан өзгерістер енгізіп
тұруға тырысқандай болды. Әсіресе допты
ойынға қосар кезде алаңға арагідік Зарина
Сейітқазинованы шығарып отырғанына
риза болдық. Алайда ұжымдық ойын үлгісі
әлі жетіле қоймаған ұлттық құрамамыз
Сер бия сұлуларынан да үш сетте ұтылды
– 0:3 (19:25, 15:25, 22:25).
Сонымен, Қазақстан қыздары Луохедегі
үш ойында да жеңілістің кермек дәмін тат-
ты. Әзірше бұл команданы сынап-мінеу де
дұрыс емес. Себебі қазір құрама сапында
халықаралық додаларда мол тәжірибе
жи нақтаған қыздар аз. Әртүрлі себеп тер-
мен Қытайдағы додаға кейбір қыздарымыз
бара алмады. Содан соң, былтыр қыз да-
ры
мыз
ды басқа бапкер жаттықтырған.
Бақыт жан Байтөреевке құрама тізгіні тек
жазғы Азия ойындарынан бастап тиді.
Оның өзінде құраманы биыл кім жат тық-
Волейболдан әйелдер
арасындағы «Гран-при»
додасының бірінші кезеңі
аяқталды. Қазақстан ұлттық
құрамасының қыздары
Қытайдағы «D» тобында
бақ сынап, үш кездесуде де
жеңіліске ұшырады.
«Астананың» мақтаулы легионерлері қайда?
Перу құрамасының капитаны – Қазақстан қызы
ты ратыны бірден белгілі болмай, басшылар
біраз ойланып, толғанған. Яғни әйелдер
ара сын дағы Қазақстан құрмасы әлі жетілу
үс тінде. Команда осындай құрамда жа ңа-
дан жасақталып, тәжірибе жинау үстінде.
Бас бапкеріміз де жас. Сондықтан бап кер-
дің де, құраманың да екпін алып, тәжірибе
жи нақтауына мүмкіндік берген дұрыс.
«D» тобы
о
ұп
1. АҚШ
3
8
2. Сербия
3
7
3. Қытай
3
3
4. Қазақстан
3
0
Нұрғазы САСАЕВ
Нұрғазы САСАЕВ
Азияда кәрістерден қалыспыз
БОК
С
Азия чемпионаты Оңтүстік Кореяда
осы мен үшінші рет өтіп отыр. Ең алғашқы
сары құрлық біріншілігі 1963 жылы Банг-
кок та (Таиланд) өткен. Азия бокс фе де ра-
циясының таратқан мына бір ақпаратына
сүйенсек, осы жылдар ішінде сегіз мем ле-
кет тің боксшылары жалпы командалық
есепте топ жарыпты. Бәрінен асып түскені
Оңтүстік Корея екен. Бұл елдің боксшылары
11 Азия чемпионатында бірінші орынды
же ңіп алыпты. Қазақстан, Өзбекстан және
Таиланд тарландары үш реттен үздік
шықса, Жапония жігіттері екі мәрте топ
жарған. Ал Қытай, Иран және Пәкістан
құра ма ла ры ның әрқайсысы бір рет жалпы
командалық есепте Азия чемпионатын
жеңіп алған. Оңтүстік Кореяның күрзі
жұдырықты жігіт тері тағы бір рекордтың
иесі болып та
бы
лады. Олар бір Азия
чемпионатында алтын медальды күреп
алу жағынан да оқ бойы алда екен. 1965
жылы Сеулде өткен Азия чемпионатында
осы елдің сегіз боксшысы чем пион атанып,
алтынмен апталса, 1987 жылы Кувейтте
осы ерен жетістіктерін қайталаған. Корея
қырандарының осы же тіс тіктеріне қарап,
Өткен аптаның аяғында
Оңтүстік Кореяның Инчхон
қаласында ХVІ Азия
чемпионаты басталды.
Сары құрлық біріншілігінде
Азияның 24 мемлекетінің
200-ге жуық боксшысы бақ
сынауда. Алайда олардың
қатары әлден-ақ селдірей
бастады.
біздің «бокстан Азияда теңдессізбіз»
деуіміз бос кеуде соғу ма деп қаласың...
Қазақстан бұл біріншілікке, негізінен,
екінші нөмірлі боксшыларын апарды.
Олар
ды «екінші» деуге де болмайтын
шығар. Бәрі де – өз мүмкіндіктерін тосып,
жер тарпып жүрген таланттар. Енді осы
бап керлер сенім артқан боксшылар тізіміне
тоқ тала кетелік:
49 келі: Азамат Исақұлов,
52 келі: Ілияс Сүлейменов,
56 келі: Мәди Шолақов,
60 келі: Айдар Әмірзақов,
64 келі: Алмасбек Әлібеков,
69 келі: Рустам Сыбаев,
75 келі: Дәурен Елеусінов,
81 келі: Арман Рысбек,
91 келі: Данияр Үстембаев,
+ 91 келі: Досжан Оспанов.
Өткен аптаның аяғынан бері Азия чем-
пионатының 1/16 және 1/8 фи нал да ры-
ның жекпе-жектері өтуде. Өкінішке қарай,
шы ғынсыз емеспіз. Елімізде көпшілікке та-
нымал былғары қолғап шебері Дәурен
Елеусінов (75 келі) өзінің тырнақалды ай-
қа
сында үнді Сингх Кулделден 14:17
есебімен ұтылып қалды.
Дәл осы күні 52 келі салмақтағы Ілияс
Сүлейменов көпшілікке беймәлім Лаос
боксшысымен кездесіп, төпелей жөнелген.
Лондонда жеңіл
атлетикадан «Бриллиант
лига» додасының он екінші
кезеңдік жарыстары өтіп,
әйелдер арасындағы үш
қарғып секіру сайысында
Ольга Рыпакова екінші
орынға ие болды.
Кеше Нидерландыда Eneco
Tour деп аталатын көпкүндік
басталды. Бұл велобәйгеге
«Астана» клубы да қатысуда.
Рыпакова Лондонда
екінші болды
«Астана»
дүлдүлдері ершіктен
түсер емес
Халықаралық жеңіл атлетика феде ра-
ция сының аталмыш коммерциялық дода-
сы аяқталуға да айналды. Жыл соңына
дейін енді екі кезеңдік бәсекесі өтеді
(Цюрих пен Брюссельде). Лондонда өткен
жарыстар мен сайыстарға үш қарғып секі-
руден әлемдегі үздік спортшы қыз дар дың
бірі болып саналатын қазақстандық Ольга
Рыпакова да қатысты.
Ольга өзінің үшінші мүмкіндігінде 14
метр 49 сантиметрді бағындырып, екінші
орын ға ие болды. Украина қызы Ольга Са-
ла
духа өзінің екінші мүмкіндігінде үш
қарғып, 14 метр 80 сантиметр жерге дейін
жетіп, көш бастаған-ды. Лондондағы бә-
се ке соңына дейін оның бұл көрсеткішінен
ешкім де асып түсе алмады. Үшінші орын-
ды 14 метр 48 сантиметр көрсеткішпен
Сло вакия қызы Дана Велдакова иеленді.
Енді үш қарғып секірушілер арасындағы
«Бриллиант лига» сайыстарының жалпы
есебіне тоқталатын болсақ, бірінші орынды
16 ұпаймен Ольга Саладуха иеленіп тұр.
Әйгілі Куба қызы Яргелис Савиньи 14
ұпай мен – екінші орында. Ал Ольга Ры па-
кова 4 ұпаймен үшінші орынға орналасқан.
Төртінші орындағы Қытай және АҚШ қыз-
дарының еншісінде – екі ұпайдан.
Айқын ЖАППАР
Алты кезеңдік бәйгеден тұратын көп-
күндікте «Астананың» жеті велошабандозы
бақ сынайды. Олар – Аллан Дэвис (Ав с-
тра лия), Максим Иглинский, Максим Гу-
ров, Валентин Иглинский, Томас Вайткус
(Литва), Сергей Ренев, Евгений Не пом ня-
щий. Бұл көпкүндікте команда мүшелері
Аллан Дэвиске жұмыс жасауы керек. Мак-
сим Иглинский де көлеңкеде жүрмес. Ал
Томас Вайткустің өзінің спринтерлік қа бі-
лет терін паш етуі ғажап емес.
Енді тек әліптің артын тосып, ве ло-
спорт шыларымыздың қазіргі спорттық
баптарын 14 тамыз күні жалпы есепке көз
жүгірте отырып білетін боламыз.
Жалпы есеп демекші, осыдан екі күн
бұрын «Польша туры» көпкүндігі аяқталған.
Онда астаналықтар аса жоғары нәтиже
көр сете алмады. Словакия дүлдүлі, Liquigas
клубының велошабандозы Петр Саган
жеңіске жеткен көпкүндікте астаналықтар
алғашқы ондыққа да іліге алмады. Фред-
рик Кессякофф (Швеция) 12-орынға ие
болса, Роберт Кисерловски (Хорватия) 31-
орын ға тұрақтады. Симон Кларк (Авс тра-
лия) 49-орынға, Андрей Мизуров 57-
орынға, Асан Базаев 77-орынға орналасты.
Ал әу баста көшбасшылардың 13 секунд
қана қалып келе жатқан (екінші ондықтың
басында болған) Энрико Гаспаротто (Ита-
лия) 84-орынға бір-ақ сырғыды. Жеңім-
паз дан 26,02 минут қалып қойды. Бұл
көп күндікті Евгений Петров (Ресей) 86-
орын мен, ал Александр Дьяченко 119-
орынмен тамамдады.
Бір көңіл аударарлығы, «Vacansoleil-
DCM» клубының намысын қорғайтын
Сергей Лагутин деген Өзбекстан вело-
спорт
шысы «Польша турының» жалпы
есебінде 14-орынды иеленді.
Дархан РАҚЫШ
ЖАҒАЖАЙ ВОЛЕЙБОЛЫ
ШАЙБАЛЫ ХОККЕЙ
ЖЕҢІЛ А
ТЛЕ
ТИК
А
ВЕЛОСПОР
Т
Ел намысын Александр Дьяченко мен
Алек сей Сидоренко қорғаған-ды. Олар
әуелі «Р» тобында сынға түсіп, үш кез де су-
дің біреуінде жеңіске жетті. Бүкіләлемдік
рейтингінің 26-сатысын иеленіп тұрған
Қазақстан жұбы швейцариялық Мартин
Ласига және Йонас Вайнгарт дуэтін 2:0
есе бімен тізе бүктірді. Бұл жұп бүкіләлемдік
рейтингіде 23-орында тұрған команда бо-
латын. Ал австриялық Клеменс Допплер
және Матиас Меллитцер жұбынан (рей-
тин гіде 10-ыншы) 1:2 есебімен, Швей ца-
рия ның Патрик Хошер және Джеффресон
Беллагуарда дуэтінен (рейтингіде 7-інші)
0:2 есебімен ұтылып қалды. Әйтсе де
Австрия қиыршық құмындағы дүбірлі до-
да ның келесі сатысына шықты. Әрі бү кіл-
әле м дік рейтингіде 18-орынды иеленіп
тұрған бразилиялық Тьяго Сантос Барбоса
және Харлей Маркес Сильва жұбынан 2:1
есебімен басым түсіп, аталмыш доданың
1/8 финалында бақ сынау құқығына ие
болды.
Өкінішке қарай, америкалық Кассей
Джен иннгс және Кевин Вонг жұбымен өт-
кен кездесу Қазақстан құрамасы үшін «Үл-
кен дулығаның» соңғы кезеңдік до да сын-
дағы соңғы матч болды. Александр Дья-
чен ко мен Алексей Сидоренко бүкіләлемдік
рейтингінің 24-сатысында тұрған Америка
жұбына 1:2 есебімен есе жіберіп алды. Де-
сек те, 9-орынға ие болып, деңгейі өз де-
рі нен жоғары жұптардың біразынан асып
түсті.
Әлихан ЖАППАР
Бұл команда жаңадан құрылып жатыр.
Бұйыртса, алдағы маусымнан бастап Ре-
сей д ің «Жастар хоккей лигасында» додаға
түсіп, шеберліктерін шыңдамақ. Жақында
Ғалым Мәмбеталиев жаттықтыратын
«Снеж
ные барсы» клубы Новосибирск
қаласында өткен «А.И.Белосоховты еске
түсіруге арналған» халықаралық турнирге
қатысып, төртінші орынмен шектелді.
Бұл турнирге бар болғаны бес команда
қа тысты. Астаналықтар «Авто» (Екате рин-
бург) клубынан 1:7 есебімен ойсырай ұты-
лып, «Кузнецкие медведи» (Но во куз нецк)
командасына 2:3 есебімен есе жіберіп
алды. Ал жергілікті «Сибирские снай перы»
(Новосибирск) ұжымынан 0:3 есе бімен
же
ңіліп, бар ашуларын «Крис
талл»
(Бердск) клубынан алды. Есеп – 10:3.
Сөйтіп, бұл турнирде үш ұпаймен төр-
тінші орынға табан тіреді. «Авто» барлық
қар сыластарына үстемдік танытып, тоғыз
ұпаймен бірінші орын алса, «Кузнецкие
мед веди» солардан ғана ұтылып, екінші
орын ды иеленді. Осы екеуіне шамасы жет-
пе ген «Сибирские снайперы» алты ұпай-
мен үшінші орынды меншіктеді. Ал оңды-
солды ұпай үлестірген «Кристалл» соңғы
орынды саялады.
Команданың бас бапкері Ғалым Бау-
бекұлы бұл турнирден біраз нәрсені кө-
ңіліне түйіп қайтқан сияқты. Енді Бело со-
хов турниріндегі ағаттықтарын түзеуге
кірісері сөзсіз. Себебі «ендігі турнирде
жүл делі орындардың біріне ілігеміз» деп
отыр. Ал «Снежные барсы» клубының ен-
дігі бақ сынайтын додасы – Орынбордағы
«Еу ропа кубогы» турнирі.
Жексенбі күні Австрияда
жағажай волейболынан
бүкіләлемдік «Үлкен дулыға»
додасының соңғы кезеңдік
турнирі аяқталды. Қазақстан
құрамасының жігіттері бұл
додада 9-орынға ие болды.
Шайбалы хоккейден
Астананың «Барысының»
ізбасарлары болып саналатын
«Снежные барсы» клубы алғаш
рет халықаралық турнирге
қатысып келді.
Алғашқы
ондыққа іліндік
«Барыстың» «інілері»
бақ сынады
«Астана» баскетбол клубы 7-14
тамыз аралығында елордада алғашқы
жаттығу жиынын өткізеді. Бұл жиында
команданың бас бапкері Маттео Бо-
ни чиоли, негізінен, қазақстандық жас
та ланттарды сынақтан өткізбек. Сол
се б епті командамен келісімшартқа
отыр ған Рустам Ерғалиев, Антон По-
номарев, Артем Скорняков, Всеволод
Фадейкин, Максим Воейков, Егор
Бирюлин сынды тәжірибелі ойын шы-
ла рымызбен бірге бірнеше дарынды
жігітімізге өз қабілеттерін паш етуге
мүмкіндік берілген. Олар – Павел
Ильин («Барсы», Атырау), Рүстем
Мыр зағалиев (ЦСКА, Алматы), Дмит-
рий Климов («Барсы», Атырау),
Антон Котенко («Атырау», Атырау),
Жаңадан құрылып жатқан «Астана» баскетбол клубы алдағы
маусымға дайындығын бастап, алғашқы жаттығу жиынын өткізіп
жатқан көрінеді. Бірақ жаттығу жиынына келгендер арасында бірде-
бір легионер жоқ, бәрі де өзіміздің баскетболшылар сияқты. Сонда
келісімшартқа отырған мақтаулы легионерлері қайда?
Орлан ТАЛҒАТҰЛЫ, Астана қаласы
Василий Савченко («Атырау», Аты-
рау), Роман Марчук (ЦСКА, Алматы),
Юрий Кожанов («Алматы», Алматы),
Денис Дягтерев («Алматы», Ал ма-
ты).
Италиялық бас бапкерімізге Ви-
талий Стребков, Алехандро Юритио,
Андрей Меховых секілді білікті
мамандар көмектесуде. Ал «Ас та на-
ның» Джерри Джонсон, Роул Маршал,
Бранко Цветкович, Эрик Вильямс сын-
ды легионерлері командаға 17 та-
мыз
дан 1 қыркүйекке дейін Сло-
венияда өтетін оқу-жаттығу жиы нын-
да қо сылады.
Иә, Елена Келдібекова – Қазақстан тумасы,
ал матылық волейболшы. 1994 жылы қара ған-
дылық Наталия Романова екеуі Лима әуе-
жайында бапкерлерінен қашып, Перуде қалып
қойған. АДК клубы мен Қазақстан құ ра ма-
сының белді ойыншысы болған Романованың
осыдан біраз уақыт бұрын отандық жур на лис-
терге берген сұхбатына сенсек, сол кезде бап-
керлер әділеттік танытпай, оларды шетелдік
ко м андалар сапында ойнатқан. Осылай бап-
кер лерімен сөзге келіп қалған екі қыз төл құ-
жаттарын тексеретін жерге келгенде (Лима
әуежайындағы), ұшты-күйлі жоғалып, та бан-
дарын жалтыратады. Ал біздің елде «әлгі екі
қызымыз банкирлердің балаларымен та ны-
сып, соларға тұрмысқа шығатын болыпты»
деген сөздер желдей еседі...
Романова мен Келдібекова содан бастап
Пе
ру құрамасының сапында жай оғындай
жар қылдайды. Олимпиада ойындарына да,
Волейболдан әйелдер арасындағы бүкіләлемдік «Гран-при» додасында Перу
құрамасы да бақ сынап жүрген көрінеді. Осы команданың сапында Елена
Келдібекова деген қыз бар екен. Оны Қазақстан тумасы деп естідім. Шынымен,
солай ма, ол Перу құрамасының сапында қайдан жүр?
Ербол ӨМІРЗАҚ, Балқаш қаласы
әлем чемпионаттарына да, басқа да халық-
аралық додаларға да қатысады. Әрі үнемі
осы елдің құрамасының үздік ойыншылары
болады. Перу құрамасының Оңтүстік Аме-
рика құр лы ғында Бразилия қыздарынан
кейінгі азулы команда болуына өз үлестерін
қосады. Соңғы жылдары «ардагер» Ро-
манова Перу құ ра ма сының сапында ойнап
жүрген жоқ. Спорттық карьерасының аяғын-
да Испания клубтарында өнер көрсетті. Ал
37 жастағы Келдібекова әлі Пе ру құра ма-
сының сапында ойнайды. Тіпті осы құ ра-
маның капитаны да. Өткен маусымда Әзір-
байжаның «Локомотив» атты клубының
на мы сын жыртты.
Қазақстан қыздары «Гран-при» додасының екінші кезеңін Алматыда
өт кізеді. Бұған дейін хабарлағанымыздай, 12-14 тамыз аралығында Ал-
матыдағы Балуан Шолақ спорт сарайында «F» тобының ойындары өтеді.
Бұл топта – ылғи ығай мен сығайлар. Бразилия құрамасы – дәл қазір бү кіл-
әлемдік рейтингіде көш бастап келе жатқан төрткіл дүниенің ең үздік ко-
мандасы. Италия арулары – осы рейтингіде төртінші орында тұрған азу лы
құрама. Ал Таиланд қыздары – соңғы Азия чемпионатының жеңімпазы.
Ен деше, Алатау бөктерінде бізді нағыз тартысты ойындар күтіп тұр.
Кеше газетіміздің осы
саны беттеліп жатқанда
Инчхоннан қуа нышты хабар
келіп жетті. 52 келі салмақ
дәрежесіндегі Ілияс Сү лей-
менов бірінші болып
жартылай финалға шықты.
Ол ширек финалда
Индонезия боксшысы Жулио
Брианы 29:11 есебімен
ойсырата же ңіп, бапкерлерін
қуантып, қалған
боксшыларымызды жігер-
лен дірді.
Қар сыласы қазақ боксшысының құйын дай
орай соққан соққыларына төтеп бере
алмасын білген төреші жекпе-жекті екін ші
раундта тоқтатып, жеңісті Ілиясқа берді.
60 келідегі Айдар Әмірзақов та бірінші
жекпе-жегін жеңіспен аяқтады. Ол Фи лип-
пин жігіті Чарли Суареспен айқасып, тар-
тыс ты жекпе-жекте 18:17 есебімен басым
түсті.
Екінші күні рингке тек екі қазақстандық
боксшы шығуы керек болатын. Алайда 69
келідегі Рустам Сыбаевтың қарсыласы
(Кувейт боксшысы) шаршы алаңға шық-
пай, сенім артқан сыралғы саңлақ та ры-
мыз дың бірі жеңісті «шаппай» алды. Ал 56
келідегі Мәди Шолақовқа, керісінше шү-
мек тетіп тер төгуге тура келді. Биылғы ел
чемпионы бірден өзбектің қарулы бокс-
шы сы Шохрук Хужобековке тап болып,
бар күшін салуға мәжбүр болды. Бірінші
раундта қарсыласын тықсыра алма ға ны-
мен, қалған екі раундта ширақ қимылдап,
23:16 есебімен жеңіске жетті.
Сонымен, әзірше рингке бесеуі шығып,
біреуі қатардан шығып қалды.
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ
№138 (590) 9.08.2011 жыл, сейсенбі
www.alashainasy.kz
8
e-mail: info@alashainasy.kz
ДУМАН
№138 (590) 9.08.2011 жыл, сейсенбі
www.alashainasy.kz
8
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ
e-mail: info@alashainasy.kz
К
е
зекшi ред
ак
тор – Ләзза
т БЕК
ТЕМБЕК
ОВ
А
Республикалық
қоғамдық-саяси
ақпараттық газет
Бас редактор – Серiк ЖАНБОЛАТ
Мұратқали ДҮЙСЕНБАЕВ
Бас ред
ак
тордың бiрiншi орынб
ас
ары
Мақсат ӘДIЛХАН
Бас ред
ак
тордың орынб
ас
ары
Айдын ҚАБ
А – ж
а
уапты х
а
тшы
Талға
т КIРШIБ
А
ЕВ –
ж
а
уапты х
а
тшының орынб
ас
ары
Нұрлыб
ай ИТЕКБ
АЕВ –
те
х.ред
ак
тор
Күләш НАҚЫПОВ
А
–
аға к
оррек
тор, т
е
л.:
388-80-76
Газе
т 2008 жылдың 17 қар
ашасынд
а ҚР Мәдение
т және ақпар
а
т
минис
трлiгiнде тiрк
е
лiп, бұқар
алық ақпар
а
т құр
алын есепк
е қою
тур
алы №9650-Г к
уәлiгi берiлг
ен.
Р
ед
акция авт
орлар мақаласы мен ж
арнама мазмұнына ж
а
уап
бермейдi.
Авт
орлар қо
лж
азб
асы өңде
лмейдi және к
ерi қайт
арылмайды.
Көлемi екi к
омпью
терлiк бе
тт
ен (14 к
ег
ль) ас
а
тын ма
териалд
ар
қабылд
анб
айды.
«Алаш айнасынд
а» ж
арияланған ма
териалд
ар мен с
уре
тт
ердi
көшiрiп немесе өңдеп б
ас
у үшiн ред
акцияның ж
азб
аша рұқс
а
ты
алынып, г
азе
тк
е сiлт
еме ж
ас
алуы мiнде
ттi.
Құрылтайшысы және меншiк
иесi – «ТОЛҒАУ» ЖШС
Директор –
Александр Филимонович АН
Алма
ты қаласы «Дәуiр» РПБК ЖШС
Қалд
аяқов көшесi, 17-үй. Т
ел.:
8
(727) 273-12-04, 273-12-54
Тапсырыс – №997
А
ст
ана қаласы «А
ст
ана-По
лигр
афия»,
Бр
усиловский көшесi, 87-үй. Т
ел.:
8
(7172) 37-05-59
Тапсырыс – №1582
Шымк
ент қаласы «Оңтүс
тiк по
лигр
афия» б
аспалар үйi» ЖШС
Байтұрсынұлы көшесi, 18-үй. Т
ел.:
8
(7252) 30-03-30, 30-03-31
Тапсырыс – №8122
Бағасы к
е
лiсiмдi
Таралымы – 10 000 дана
Газе
т сейсенбi, сәрсенбi, бейсенбi, жұма, сенбi күндерi шығады.
«А
ла
ш а
й
на
сы
» г
аз
ет
iн
е ж
аз
ы
лу
и
нд
екс
i: 6
42
59
Ре
д
ак
цияның
м
ек
ен
ж
айы
:
А
лм
ат
ы
қ
ал
ас
ы
,05
0
05
1,
Б
ег
ал
и
н кө
ш
ес
і, 1
4
8/
1 А
e-
m
ail
:
inf
o
@
a
lashainas
y.
kz
Аймақтағы тiлшiлер:
А
тыр
ау – Бақытгүл Б
АБ
АШ, т
ел.: 87015533653
Қар
ағанды – Серiк САҒЫНТ
АЙ, т
ел.: 8777 3909779
Ж
амбыл – Гүлж
ан
КӨШЕРОВ
А, т
ел.: 8701 7711648
Қызылж
ар – Ерб
ақыт АМАНТ
АЙ, т
ел.: 8 705 4418255
Қызылорд
а – Әділж
ан ҮМБЕ
Т, т
ел.: 8777 7054466
Өск
емен – А
зама
т ҚА
СЫМ, т
ел.: 8777 3554114
Шымк
ент – Шадияр МО
ЛДАБЕК, т
ел.: 8705 9877799
Бөлiм редакторлары:
Құб
аш МЕҢДIҒА
ЛИЕВ – с
аяси бюро, т
е
л.:
388-80-72
Берiк ӘШIМОВ – нарық, т
е
л.:
388-80-69
Қалд
ар КӨМЕКБ
АЕВ – қоғам, т
е
л.:
388-80-65
Алма
т ИСӘДIЛ – өрк
ение
т, т
е
л.:
388-80-64
Нұрғазы СА
САЕВ – дод
а (спор
т), т
е
л.:
388-80-74
Бо
ла
тбек МҰХТ
АРОВ – ж
аңалықт
ар, т
е
л.:
388-80-68
Дарх
ан БЕЙСЕНБЕКҰЛЫ – меншiк
тi
тiлшiлер қосыны, т
е
л.:
388-80-62
БҮГІН:
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сн
Жк
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сн
Жк
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сн
Жк
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сн
Жк
Дс
Сс
Ср
ТАМЫЗ
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
Шығуы
Ұзақтығы
Батуы
05:51
14.14
20:05
ЖҰЛДЫЗ
-
ЖОРАМАЛ
ТАРАЗЫ
Жалпы, күніңіз сәтті қа-
лып тасады. Бірақ кейбір құ-
жаттарды толтырғанда қате
кетіп, жаңылысып қалуыңыз ық-
тимал. Алайда дер кезінде
байқап түзетсеңіз, айтарлықтай
қауіп жоқ. Негізі, осы күн жаңа
таныстықтар орнатуға қолай лы.
САРЫШАЯН
Сіз ақылды әрі байқам-
паз болғаныңызбен, дәл осы
күні басқа біреу қулы
ғын
асырып кетуі ғажап емес. Үміт
күт кен адамдарыңыз тек өз пай-
дасына жұмыс істейтінін бі ліп,
көңіліңіз қалады. Өзіңіз де еш-
кім ге уәде бермегеніңіз дұ рыс.
МЕРГЕН
Күніңіз өзіңіз күтпеген
табысқа толы болмақ. Сіз
кез келген тапсырманы тез
әрі тиімді орындап шығасыз.
Ешкімнің көмегін де, қолында
билігі барлардың қолдауын да
қажет етпейсіз. Алайда қазірше
құжаттарға қол қоймаған аб-
зал.
ТАУЕШКІ
Бұл күн қызметіңіздегі
алға жылжумен, жағдайдың
жақсы жағына өзгеруімен
байланысты болады. Пайдалы
келісімшартқа отырып, серіктес-
тікке қызықты ұсыныс түсуі
мүмкін. Алайда бар уақытыңыз-
ды жұмысқа арнауыңызға тура
келеді.
СУҚҰЙҒЫШ
Өз өміріңізге өзгешелік
енгізетін күн де келіп жетті.
Бұл күн жаңа, осы кезге де-
йін сізге беймәлім болған нәр-
селерді танып-білуге қолайлы
болмақ. Сіздің жұмысқа қатысты
идеяңыз әріптестеріңіздің тара-
пынан қолдауға ие болады.
БАЛЫҚТАР
Бүгін шешім қабылдаған-
да батылырақ болыңыз
және де оны жария етуден
қорықпаңыз. Осы күннің табысы
басқалардың назарын тек өзі-
ңіз ге аудара білуіңізге байла-
нысты болмақ. Аз да болса таза
ауада серуендегеніңіз дұрыс.
ТОҚТЫ
Бұл күн жаңа жұмыстар
бастау үшін қолайлы. Сізге
ғаламат күш құйылып, бел-
сен ділігіңіз арта түседі. Іссапарға
шықсаңыз, табысты болады. Ке-
ліс сөздер өткізуге ыңғайлы күн.
Сүйіктіңізбен арақатынасыңыз
да жақсара түсері анық.
ТОРПАҚ
Осы сейсенбіде сіз өзіңізге
қажетті адамдардың сеніміне
кіре аласыз. Бұл күн әсіресе
шығармашылықпен айналыса-
тындар үшін сәтті болады. Ше-
тел дерге саяхаттауды жоспарлап
жүрсеңіз, бүгіннен бастап да-
йын далғаныңыз дұрыс.
ЕГІЗДЕР
Бүгін сізді жұмыста, әріп-
тестеріңіздің арасында – өз-
ара түсіністік, ал үйіңізде үй-
ле сім ділік күтеді. Киім-кешек
са тып алуға сәтті күн. Басшылық
тара пынан келіп түскен ұсыныс-
тан бас тартпаңыз, материалдық
жағ дайыңыз жақсарады.
ШАЯН
Сіз үшін бизнесте де, жеке
өміріңізде де маңызды өзге-
рістердің уақыты келді. Биік
мақсаттарды бағындыру үшін
өзіңізге қарауды ұмытпағаныңыз
абзал. Кез келген мәселені бас-
қалардың ой-пікірімен келісіп
шешуге тырысыңыз.
АРЫСТАН
Бүгін сіздің күш-қуатыңыз
артып, жан-жағыңызды гүл-
дей жайнатып жібере аласыз.
Сондай-ақ қабілетіңізді қажет
ететін істерді ойдағыдай орын-
дайсыз. Кәсіптік және қаржы
мәсе лелердің оңды шешілуіне
де қолайлы күннің бірі.
БИКЕШ
Бүгін күніңіз тыныш өтеді.
Алайда іскерлік белсенділі-
гіңіз де біраз төмендейді.
Сондықтан осы күнге жоспарла-
ған барлық ісіңізді бітіре ал-
мауы ңыз мүмкін. Есесіне кешке
уақытыңызды достарыңыздың
арасында жақсы өткізе аласыз.
Тар
ат
у қызме
тi
те
л.:
8 (727) 388-80-88
Ж
арнама бөлімі
те
л.:
8 (727) 388-81-00
8 (727) 380-41-78
e-
m
ail
:
alikulova.a@orangepoint.kz
СІЗ ЕСТІДІҢІЗ БЕ?
Қабылдау бөлмесі: 8(727)388-80-60, факс: 8(727)388-80-61
Ауа райы
Астана бюросы:
Мек
енж
айы: Сейфу
ллин көшесi, 31, офис 215
Те
л.
:
8 (7172) 54-27-31
E-mail: aa_as
tana@mail.ru
Айбын ШАҒА
ЛАҚОВ –
Аста
н
а б
ю
р
осының ж
ет
екшiсi
Салт
ан СӘКЕН – тiлшi
Қана
т Т
ОҚАБ
АЕВ – тілші
А
рман А
СҚАРОВ – тілші
Тамыздың 9-ы
Алаштың атаулы күні:
Әлемнің байырғы халықтарының халықаралық күні.
1994 жылы Алматыда ҚР Ұлттық банкінің Мемлекеттік қазына
қоймасының іргетасы қаланды.
15 жыл бұрын (1995) Иранда «Абай шығармашылығына көзқарас»
атты кітап жарық көрді.
7 жыл бұрын (2004) Қызылорда облысының Шиелі ауылында ақын,
әнші, термеші Нартай Бекежановтың шығармалар жинағы жарық
көрді.
Туған күн иелері:
Мағзұмбек Машайықов (1939) – ақын;
Хасен Қожа-Ахмет (1949) – Қазақстан Жазушылар одағының
мүшесі, журналист-публицист, сазгер, қоғам қайраткері;
Абдулла Ахметов (1950) – Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша
бақылау және әлеуметтiк қорғау департаментiнiң директоры;
Ертай Сәрсебеков
(1951) – ҚР Президентінің Іс басқармасы Орта-
лық клиникалық ауруханасы Ғылыми-инновациялық орталығының
жетекшісі, медицина ғылымының докторы, профессор, Ресей
Медициналық-техникалық Ғылымдар академиясының академигі,
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ҚР еңбек сіңірген қайраткері;
Ержан Қалекенов (1962) – ҚР Біріккен Араб Әмірліктеріндегі
елшілігінің кеңесші уәкілі;
Жақып Марабаев (1962) – NCOC басқарушы директорының
орынбасары;
Шолпан Нұрымбетова (1980) – «Альянс Банк» АҚ басқарма
төрағасының орынбасары.
Мерейлі күндеріңіз мерекеге ұласып,
мәртебелеріңіз арта берсін!
«Алаш айнасы»
Белгілі есімнің белгісіз сыры:
ХАСЕН – араб ныспысы. «Хасан» сөзі – «қас сұлу, әдемі, көрікті» деген мағына
береді. Қазақ арасына бұл есім ислам дінімен бірге келген. Әу баста қожаларға
тән болған аталмыш есім кейін келе қарапайым халық ішіне сіңісті болып кетті.
Бұл ныспы бүгінде ел ішінде жиі кездеседі.
Сәтбаев көшесі
Абай даңғылы
Құрманғазы көшесі
Қабанбай батыр көшесі
Достық даңғылы
Луганский көшесі
Бегалин көшесі
Бегалин көшесі
«Алаш айнасы» газетiне жазылу индексi: 64259
Редакцияның мекенжайы:
Алматы қаласы, Бегалин көшесі, 148/1 А
Телефон: 8(727)388-80-60,
Факс: 8(727)388-80-61
e-mail: info@alashainasy.kz
Республика
сарайы
Коккинаки көшесі
Байтасов көшесі
«АЛАШ АЙНАСЫ»
Бегалин
көшесі, 148/ 1а
Ері мен әйелі қонаққа барғалы жатыр. Әйелі:
– Сен көп ішіп бара жатсаң, мен саған «зима»
деймін, сол кезде қоя ғой, жарай ма?
– Жарайды.
Ертесіне әйелі ренжіп отыр:
– Мен «зима» дегенде қоймадың. Еще
«огонь» дедің. «Огонь» деген не?
– «Оттамашы» деген.
***
– Сүйіктім, мына мысыққа компьютерлік
атау берейікші.
– Давай, «мышка» дейік.
– Қой, «мышка» деген тышқан емес пе?
– Жарайды, онда «Блокпитания» болсын.
***
– Дәрігер, мына таблеткалардың бесеуін
бірдей ішсем, қалай болады?
– Алдымен, екеуін ішіп көрші, егер таңнан
тұрып жатсаң, қалғанын көрерсің.
***
– Мені біреулерге ақымақ депсің ғой, рас па?
– Ақымақ екенің рас, бірақ айтқан – мен емес.
Әзіл-шыны аралас
Құрастырған Айтқазы МАЙЛЫБАЙ
СКАНВОРД
Газетіміздің №137 (589) санында жарияланған сканвордтың жауабы
КӨЛДЕНЕҢІНЕН:
Шыра. Опық. Зере. Жылу. Атау. Капри. Рамат. Ода. Лаг. Бөрте. Лат. Аттик. Өкіл. Офис. Мық. Ре. Анна. Азот.
ТІГІНЕН:
Сыпыра. Өркен. Мор. «Базука». Талма. Атлет. Торап. Тоқа. Петроглиф. Аид. Акиро. Аққу. Аут. Сет.
Түзу өсетін
жіңішке
бұта
Құдалар
киімі
Хуан
Морено
Үлкен
Кеңпейілді,
жомарт
Уықты
жабатын
киіз
Егістіктегі
бөлік
Міністі,
мықты
жылқы
Хим.
элемент,
газ
Тілсіз
жау
Екінші
халифа
Соғым
Балапан
Айып
Дойыр
мінез
Мемлекет-
тің өзгеге
жерді, кенді
жалға беруі
Жер серігі
Құпия ой
Тьерри
...
(Футболшы)
Голландия
ф/клубы
Тізілім
Тотықұс
түрі
Виктор
...
(Әнші)
...
Ахматова
Муз.
шығарма
Шпалға
сіңірілетін
иісті май
М. Шаха-
новтың
поэмасы
Сыныққа
таңылатын
зат
Дедалдың
баласы
Шағын
әдеби
шығарма
Махаббат
поэзия.
музасы
+21+23
о
+13+16
о
+29+31
о
+19+23
о
+26+28
о
+17+21
о
+30+31
о
+24+26
о
+30+32
о
+24+26
о
+25+27
о
+16+18
о
+22+24
о
+14+16
о
+24+26
о
+19+22
о
+28+30
о
+15+18
о
+32+34
о
+17+21
о
+22+24
о
+14+16
о
+17+19
о
+11+14
о
+20+22
о
+13+15
о
+27+29
О
+14+17
О
+23+25
о
+13+15
о
+23+25
о
+13+17
о
+18+19
о
+8+10
о
+24+26
О
+15+17
О
Балаларын азық-түлікке
айырбастап жатыр
Қазіргі заманғы
кеңселер миға зиян екен
Кенияда тұрғындар аштан өлмеудің қамы үшін балаларын азық-
түлікке айырбастап жатыр. Елде қуаңшылықтың арты бұрын-соңды
болмаған ашаршылыққа ұласып барады.
Ашық кеңістік технологиясы бойынша жасалған қазіргі за-
ман ғы кеңселер адам денсаулығына зиян. Мұндай кеңселерде
еңбек өнімділігі де төмендейтін көрінеді.
ИТАР-ТАСС-тың хабарлауынша,
елдің солтүстігінде кәдімгі жұт бас-
тал ған. Адамдар жүрек жалғар нәр
таппай, ашығып жатыр. Азық-түлік
табу үшін балаларын сатып жатқан
тұрғындар бар. «Халық тойып тамақ
ішу үшін балаларын шетелдіктерге
астыртын, айқау-шусыз сатып немесе
айырбастап жіберіп жатыр. Қаншама
қыз бала сатылды. Бірақ бұл жайлы
ешкім тіс жармайды. Өйткені қазір ең
басты мәселе – нан табу», – дейді
Фа тума Ахмед есімді тұрғын. Естері-
ңізге салайық, Кенияда биылғы жаз-
да 12 жылда болмаған ірі қуаңшылық
басталды. Өзен-көлдер кеуіп кетіп,
жайылым жерлер қурап қалды. Бү-
гінге дейін 40-тан астам піл қырылған.
4 млн-нан астам халыққа азық-түлік
жетпей жатыр. Өңірде эпиде
мио-
логиялық ахуалдың ушығатын түрі
бар.
АҚШ-тың Солков институты
дә рі герлерінің
зерттеуін
The
Telegraph басылымы жария етті.
Зерттеушілердің айтуынша, ашық
типтегі кеңсе қызметкер
лерінің
миында қажетсіз бел сен ділік пайда
болып, олардың ойы істеп отырған
жұмысынан жиі бөлінеді. Бұған
қоса, бірне ше адамның қимылынан
туын дайтын шулы жерде жұмыс іс-
теу адам миының көлемін кіші-
рейтеді екен. Мұны дәрігерлер ты ш-
қандарға жүргізілген сынақ бары-
сында дәлелдеді. Оңаша, жабық
кеңістікте өмір сүрген тышқан миы-
ның 15%-ға үлкей гені белгілі бол-
ды. Ғалымдар қызметкерлердің
оңаша каби нет терде жұмыс істеуі
пайдалы екенін айтып отыр. Әсіре-
се гүл дер мен картиналарға толы
бөл мелер еңбек өнімділігінің ар-
туы на ықпал етеді. Айта кете йік,
ашық типтегі кеңселер, яғ ни оупен с-
пейстер өткен ғасыр дың ортасында
қолданысқа енген.
ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ
ДОСТЫҚ ҮЙІ
Алматы облысының
орталығындағы Достық үйі ғимараты
2008 жылдың 28 қарашасында
ашылды. Еңселі зәулім ғимараттың
жалпы ауданы 4 217 шаршы метр
болады. Мұнда мемлекеттік және
басқа да ұлттар тілін үйренуге
арналған мультимедиялық және
лингофон кабинеттері, дыбыс жазу
студиясы, би залы бар. Ғимараттағы
мәжіліс залына 200 адам сыяды. Түрлі
мәслихаттар мен дөңгелек үстелдер
өткізуге арналған 50 орындық
конференц-зал тағы бар. Ұлттық
асханалардың басын біріктіретін
дәмхана – 70 орындық. Мұнда 23
ұлттық-мәдени орталықтың кеңселері
орналасқан. Егемен ел сәулеті
үлгілерінің бірі саналатын нысан
жобасының авторы – Қазақстан
Сәулетшілер одағының мүшесі Нұркен
Белдібаев. Ғимарат облыс бюджетінің
500 млн теңгесіне тұрғызылған.
Достық үйі этникалық және мәдени
алуан түрлілігімен ерекшеленетін
Алматы облысындағы 103 түрлі ұлт
өкілін бір панаға біріктіріп, татулығын
нығайтып отыр.
ТӘУЕЛСІЗДІК ТУЫНДЫСЫ
ТӘУЕЛСІЗДІК ТУЫНДЫСЫ
ТӘУЕЛСІЗДІК ТУЫНДЫСЫ