Шағын және орта кәсіпкерлік



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата19.01.2017
өлшемі3,61 Mb.
#2197
1   2   3   4   5   6

ЖАСАДЫ

 

Жуырда Селигер көлінің жазғы 



лагерінде Ресей премьері Владимир 

Путин «Наши» жастар қозғалысының 

белсенділерімен кездесуі барысындағы 

Ресей мен Беларусь елінің қосылуы 

туралы сұраққа: «Бұл әбден мүмкін. Бәрі 

де беларус халқының ерігі мен ниетіне 

байланысты», – деп жауап берді. 

Екі бауырлас халықтың арасындағы 

келіс пеу шілігінен кейін көп ұзамай Путин 

Беларусь Президенті Александр Лука-

шенконы ешбір негізсіз мақтай жөнелді. 

Бұл «Қулықпен бәрін жасауға болады» 

деген ежелгі нақылды еске түсіреді. Іле-

шала Беларусь Сыртқы істер министрлігінің 

баспасөз хатшысы Алек сандр Лукашен-

коның пікірін жеткізді. Оның айтуынша, 

Президент үшін ең құнды нәрсе – Беларусь 

елінің егемендігі. Диктатор біріккен елде 

екі президент бол майтынын жақсы біледі. 

Ал енді екі мемлекет біріге қалған жағ-

дайда, оның басшысы ол болмайтыны 

екібастан белгілі. Лукашенко халықты өзіне 

мұқтаж деп ойлайды. Және оған иман дай 

сенеді. Оның экономика лық реформа-

ларына қарап кәсіподақтар федера ция-

Биылғы жылы Азаматтық форумға ша-

қырылған мемлекеттік емес ұйым дардың 

саны 623-ке жетіп отыр. Аймақ бас шы-

сының айтуынша, 2011 жылы «мем лекеттік 

әлеуметтік тапсырыс» бабы бойын 

ша, 

жергілікті бюджеттен 91 млн теңге қаржы 



бөлінді. 

Сергей КУЛАГИН, 

Қостанай облысының әкімі:

– Біз мемлекеттік емес ұйымдарды 

өз жұмысы барысында белгілі бір әріп-

тес және көмекші ретінде қарас 

ты-

руымыз керек. Бүгінгі таңда қоғамдық 

ұйым дардың жұмысы әлеуметтік салаға 

бағытталған. Олардың еңбегі біздің 

қоғамда тұрақтылықты сақтауға мүм-

кіндік беріп отыр.

Облыс әкімі сондай-ақ әлеуметтік бағ-

дарламалары мүлдем жүзеге асырыл май 

келген кейбір аудан әкімдерінің орын-

басарларына қатаң ескерту жасады. Оның 

айтуынша, мемлекеттік органдар қоғамдық 

ұйымдармен тығыз жұмыс істеп, әлеуметтік 

бағдарламаларды барынша жүзеге асы-

рулары қажет. Сондықтан алдағы екі айдың 

ішінде осы мәселені шешуді тапсырды. 

Арнайы секциялар бойынша жұмыс 

жасап болғаннан кейін форум делегаттары 

әріптестік қарым-қатынасты дамытуға ар-

налған мемлекеттік емес ұйымдар мен 

мемлекеттік органдардың ұсыныстарын 

қабылдады. Айта кетейік, форум бары-

сында бюджеттік қаржыны тиімді пай-

далану мәселесі де қарастырылған бола-

тын. 

Ерғали НӘБИҰЛЫ

Бөлінетін қаржы көбеюде

Қостанай облысында соңғы екі жылда мемлекеттік емес ұйым-

дарға бөлініп келген қаржы үш есеге көбейді. Бұл туралы Қостанай 

қаласындағы облыстық филармонияда өткен Облыстық азаматтық 

форумның ашылуы барысында Қостанай облысының әкімі Сергей 

Кулагин мәлімдеді.

сының төраға сы Леонид Козак бастаған 

бір топ белсенді Лукашенконы экономика 

саласы бойынша Нобель сыйлығына 

ұсынып отыр. Қазіргі экономикалық жағ-

дайға ха 

лық риза болғандықтан, тағы 

біраз уақыт Александр Лукашенкоға сенім 

артатыны сөзсіз. Беларусь экономикасына 

қаржының көп бөлігін бауырлас ел салып 

отыр. Алайда басқаның қаржысына өмір 

сүруді «паразиттік тірлік» деп атаған 

Владимир Путин көрші елге қаржы беру 

мәңгілік жалғаса бермейтінін ашық айтқан 

еді. Астарлап айтылған сөзде мағына көп 

сияқты. 


Berliner Zeitung (Германия) газетінен

Дайындаған 

Жарқын ТҮСІПБЕКҰЛЫ

ӘСКЕРИ ЖАТТЫҒУ

Оқу-жаттығуға 1400-ден астам әскери 

қызметші және жүзге жуық жауынгерлік 

техника тартылған. Биылғы бірлескен жат-

тығулар осымен тоғызыншы рет өткізіліп 

отыр. Жаттығулардың ашылу салтанатына 

Қорғаныс министрлігі Штабтар бастық-

тары комитеті төрағасының орынбасары, 

гене 


рал-майор Мұқан Дүйсекеев, шет 

мем  лекет тердің  әскери  бақылаушылары, 

НАТО-ның әртүрлі штабтарынан сарап-

шылар және Қазақстан Республикасында 

тіркелген әскери-дипломатиялық корпус 

өкілдері қатысты. Жаттығуды өткізу мақ-

саты – бітімгершілік операцияларды орын-

дау кезінде Қазбриг пен Альянс қарулы 

күштері бөлімшелерінің үйлесімділігін тек-

серу, сондай-ақ бөлімшелерді үздіксіз бас-

қару кезінде командирлердің іс-тәжіри-

бедегі дағдыларын жоғарылату, бітімгер-

шілік операцияларын өткізу барысында 

өзара іс-қимылдарды ұйым дастыру. 

Естеріңізге сала кетейік, «Дала қыраны» 

жаттығуы 2003 жылы басталып, бірінші 

рет екіжақты ынтымақтастық шеңберінде 

Ұлыбританияда өткізілген болатын. Оқу-

жаттығу бітімгершілік операциялары 

кезінде «Қазбригтің» жедел үйлесімділігіне 

жетуге бағытталған және бітімгершілік 

бри гадасының біріккен қолбасшылықпен 

көп ұлтты күштер құрамында тапсырма-

лар 


ды орындау қабілеттерін шынайы 

тексереді. Осындай іс-шаралардың құнды-

лығы дала шарттарында серіктестіктің құ-

ры луына, қазіргі заманға сай қару-жарақ 

пен техника жүйесі игеріліп, тәжірибе ал-

масу іске асырылады. Жаттығулар өткізі-

летін полигондар аймақтық және халық-

аралық қауіпсіздікті нығайту ісінде мүше 

мемлекеттердің сындарлы ынтымақтастығы 

үшін тамаша орын болып табылады. 



Жарқын ТҮСІПБЕКҰЛЫ

«Дала қыраны – 2011» 

жалауын көтерді

Кеше «Іле» полигонында «Дала қыраны – 2011» тактикалық-арнайы 

бітімгерлік оқу-жаттығулары басталды. Биылғы оқу-жаттығуларға 

Қазақстан әскері, Ұлыбритания және АҚШ қарулы күштерінің әскери 

қызметшілері, Литва және Қырғыз Республикасының жауынгерлері де 

қатысуда. 

А

б



ай ОМАРОВ (к

о

лла



ж)

ФОР


УМ

ОҚИҒА


Ресми өкілдің мәліметіне сүйенсек, пав-

лодарлық студент қыз өзі жұмыс істеп жүрген 

отельдің бассейнінде ес-түссіз күйде жатқан 

жерінде табылған. Нендей жағ дайдың орын 

алғаны да белгісіз. «Полиция офицерлері 

келіп жеткен мез гілде оның денесі судан 

шығарылып алынған. Және қасында екі 

адам болғанға ұқсайды. Айнұрдың тамыр 

соғысы бай қалмай, тыныс алуы да білінбеген. 

Сондық тан да оның жүрегіне алғашқы жәр-

дем процедуралары жасалған», – дейді 

Асқар Әбдірахманов. Оның айтуынша, қа-

зақ стандық  дип ломат тардың  мәліметі 

бойын ша А.Ахметова аса ауыр халде комаға 

түскен. Осыған орай, Сыртқы істер ми нистр-

 лігі Айнұрдың үлкен әпкесіне амери калық 

виза мәселесін шапшаң шешуге жәрдем 

беріп, оның жедел АҚШ-қа ұшуына көмек 

көрсеткен. «Нью-Йорк қала сындағы ҚР Бас 

консулдығы қажетті қол дауды жан-жақты 

көрсетуде», – дейді ресми өкіл. 

Сонымен қатар брифинг барысында 

Қытайда мотоциклді мас күйінде жүргізген 

қытайлықты автобус көлігімен қағып кеткен 

Қазақстан азаматына қатысты мәселелер де 

сөз болды. 

Естеріңізге сала кетсек, оқиға маусым-

ның 6-сында Қытайдағы Қосталғаш елді 

мекенінің жанында орын алған. Жол-көлік 

оқиғасынан жапа шеккен қытайлық аза-

маттың қанынан алкагольдың табылғаны 

да белгілі болып отыр. «Жол апаты сал-

дарынан Қытай азаматы қайтыс болды. 

Сондықтан да көршілес елдің заңнамасына 

сәйкес, автобус жүргізушісіне қатысты 

тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұл әлі 

аяқталған жоқ. Ал енді алдағы болуы 

мүмкін үдеріске келсек, мәселені сотқа 

жеткізбей-ақ марқұмның туыс 

тарымен 


ымыраға келіп шешуге де болады. Әйтсе 

де әзірше бұл проблема өз шешімін таппай 

отыр», – дейді ведомствоның ресми өкілі. 

Сонымен бірге А. Әбдірахманов қыл-

мыстық қудалауды тоқтату үшін Қазақстан 

азаматынан қытайлық құқық қорғау 

органдарының ірі мөлшерде ақша талап 

етіп, қоқан-лоқы жасағаны туралы қауесетті 

жоққа шығарды. «Негізінен, бұл жерде 

марқұм болғанның туыстарына өтемақы 

төлеу туралы әңгіме болып отыр», – дейді 

А. Әбдірахманов. 



Қанат ҚАЗЫ

Айнұр АҚШ-тағы 

ауруханада хал үстінде жатыр

Павлодарлық студент, АҚШ-та Work & Travel бағдарламасы бойынша 

жұмыс істеп жүрген Айнұр Ахметова Массачусетс штатындағы 

госпитальдардың бірінде ауыр халде комада жатыр. Кеше бұл туралы 

Сыртқы істер министрлігінің дүйсенбілік брифингі барысында ресми өкіл 

Асқар Әбдірахманов мәлімдеді. 

бұл аймақтың табиғаты мен климаттық 

жағ дайы асылтұқымды ірі қараны өсіруге 

аса қолайлы. Сондай-ақ осы мал өнімдері 

сатылатын негізгі нарық – Ресей Федера-

ция сы алыс емес. 

Жалпы, Президент Нұрсұлтан Назар-

баев Ақмола облысында мал шаруа шы-

лығын дамыту бағдарламасы аясында жү-

зеге асырылып жатқан жұмыстарды жоға-

ры бағалады. 2015 жылға қарай сиыр 

етінің экспортын – 60 мың тоннаға, ал 

2020 жылға қарай 180 мың тоннаға дейін 

жет 


кізу қажеттігін еске салған Елбасы: 

«Мен еліміздің солтүстік аймақтарындағы 

мал шаруашылығын дамыту бағдар лама-

сының жүзеге асырылу барысын тексердім. 

Бұл – жаңа бастама, осы уақыт қа кейін 

бол


 

маған деп те айтуға болады. Біз мал 

шаруа шылығын жаңаша дамытып келеміз. 

Біз еттің тоннасы бидайдың тоннасына 

қара ғанда 5 есе қымбат екенін түсіне бас-

тадық. Ал Қазақстанда бұрыннан қалып-

тасқан мал шаруашылығы үшін қолайлы 

жағдай бар. Бұл – біздің байырғы кәсібіміз. 

Сон дықтан біз мал шаруашы лығына қайта 

мойын бұрып, оны қайта жан дандыруымыз 

қажет. Қазақстанның ауыл шаруашы-

лығында көптеген жаңа өндірістер құры-

луда. Оған жастарды тарту керек. Жастар 

тек дәрігер мен мұғалім болып қана қой-

май, мал шаруашылығының да кәсіби 

мамандары болуы тиіс. Олар үшін жақсы 

жұмыс орындары баршылық», – деп атап 

көрсетті Н.Назарбаев. 



РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№138 (590) 9.08.2011 жыл, сейсенбі



www.alashainasy.kz

3

e-mail: info@alashainasy.kz

НАРЫҚ

 

Астық сақтау төңірегінде жыл сайын мәселе туындамас үшін элеваторлардың 50 пайызын мемлекет меншігіне алу керек пе?



Мейрам 

ҚАБДРАХМАНҰЛЫ, 

экономист сарапшы:

Атамұрат 

ШӘМЕНОВ, 

ауыл шаруа-

шылығы ғылымы-

ның докторы, 

профессор:

Мәкен 

ТОЙШЫБЕКОВ, 

ауыл шаруашылығы 

ғылымының докторы

профессор:

?

А Л А Ш Т Ы   А Л А Ѓ Д А Т Ћ А Н   С А У А Л

А Л А Ш Т Ы   А Л А Ѓ Д А Т Ћ А Н   С А У А Л

– Жасыратыны жоқ, қазірде біздің еліміздегі астық сақтайтын 

элеваторлардың технологиялық қуаттылығы тіптен төмен. Мәселен, 

астық жиналған уақытта элеваторлардағы дым астықты кеп-

тіргіштердің орны ерекше. Өкініштісі, біздегі элеваторларда сол 

қарапайым ғана астық кептіргіштер талапқа сай емес. Осыдан 

барып жиналған астықтың басым бөлігі дымданып, шіріп, сапасын 

жоғалтып жатады. Сондықтан біз көп кешіктірмей, элеваторларды 

модернизациялау үрдісін бастап кеткеніміз дұрыс. Мысалы, 

Аргентина мен Канадада астықты полимер қапшықтарда сақтау 

технологиясы дамыған. Бұл – жаңа технология, өте арзан әрі 

қолжетімді. Міне, бізге осы тәрізді астықты қапшықта сақтау әдісін 

меңгерген абзал. Элеваторларды модернизациялау үрдісі мем-

лекеттік тұрғыда жүргізіле ме, болмаса оны жекелеген кәсіпкерлер 

жүргізе ме, бізге дереу осы шараны қолға алу керек. Өйткені 

қазірде астықты елдердің дені бұл үрдісті әбден меңгеріп 

үлгерген.

– Қазірде «ҚазАгро» инвестициялық бағдарламасы аясында 

жұмысының басым бөлігі автоматтандырылған, қол күшін көп 

қажет етпейтін біраз қамба салынды. Бірақ сол қамбалардың 

басым бөлігі жеке кәсіпкерлердің қолында қала бермек. Міне, 

бізді алаңдататын жайт осы болуы керек. Меніңше, жекелеген 

кәсіпкерлердің қолындағы элеваторларға деген талап күшейтілуі 

тиіс. Жалпы, жекенің қолындағы дүниеге мемлекеттік бақылауды 

күшейткен дұрыс. Өз басым «элеваторларды мемлекеттің 

меншігіне алу керек» деген пікірлерді қолдаймын. Егер еліміздегі 

астық сақтайтын элеваторлардың жоқ дегенде 20 пайызы 

мемлекет меншігінде болса, сонда қандайда бір істен оңтайлы 

нәтиже шығады. Сондықтан болашақта ұлттық холдинг, Үкімет, 

мемлекеттік органдар осы мәселеге назар аударса жөн болар 

еді.

– Өз басым астық элеваторларын мемлекет меншігіне 



қайтарып алудан мәселе шешіле қояды деп ойламаймын. 

Сондықтан мұны анағұрлым қолдамаймын. Бұл – 

экономикалық жағынан тиімсіз дүние. Себебі бізде астық 

өндіру, одан өнім алу, ауыл шаруашылығы өнімділігін арт-

тыру тәрізді істер жекенің қолында. Ал енді сол ша руасын 

дөңгелетіп отырғандардың элеваторларын мемлекет өзіне 

қайта сатып алмақ ниетте болса, бұдан ауыл шаруашылығы 

өнімін шығаруға бейімделіп қалған қауымды үркітіп аламыз. 

Қазірде біз үшін тиімдісі – астық өндіруді бір жүйеге келтіріп 

алу. Кезінде елдегі астық элеваторларының қабілеті 22 млн 

тонна астықты сақтауға жетіп тұрды. Меніңше, бүгінде 15-

16 млн тонна астық өн дірсек, оны сақтау, баптау қолымыздан 

келеді. Осыған орай айтарым, бұл жерде мемлекет меншігіне 

енбесе де, элеваторлар жұмыстарын жалғастыра береді. Тек 

эле ваторларға бақылауды күшейткен абзал...

Әзірлеген Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 

400 бас өнімділігі жоғары сиырларды мем-

лекеттің қолдауымен «Петерфельд Агро» ЖШС 

са тып алды. Асқар Мәдиевтің шаруашылығына 

асылтұқымды сиырлар дың алғашқы партиясы – 

203 бас жоғары өнімді ірі қара осы аптада жет-

кізілді. Ал қалған 197 симментал тұқымдас Зең-

гібаба төлдері келесі аптада жететін болады. Серік-

тестік мұндай мүмкін дікке Мал шаруашылығын 

дамыту мемлекет тік бағ дарламасының арқасында 

қол жеткізген. 

Солтүстіктің ауа райына бейімделгенше шетел-

дік мал арнайы орында күтіледі. Мұндай ірі қара 

малдың салмағы 500-ден 900 келіге дейін жетеді 

екен. Бұл сиырлар алдағы күз айларында төл бе-

реді деп күтілуде. Еттілігімен қатар жылына бір 

сиырдан 7-8 мың литр сүт сауылатын көрінеді. Тәу-

лігіне торпақтар 750 грамға дейін салмақ қосады 

екен. 

Асқар МӘДИЕВ, кәсіпкер:

– Мемлекет тарапынан жақсы қолдау көріп 

отырмыз, сондықтан алдағы уақытта 

асылтұқымды мал өсірумен айналысуды 

жоспарлаудамыз. «Солтүстік» әлеуметтік-

кәсіпкерлік корпорациясы жылына 4 

пайыздық үстемеақымен бес жылға 

қаржыландырды. Бұл біз үшін өте тиімді. 

Бұған дейін 400 бас жылқы, 180 бас 

қазақтың ақ бас сиырлары мен 1000 қой 

ұстадық. Енді, міне, шетелдік асылтұқымды 

сиыр алып отырмыз. 

Серік БІЛӘЛОВ, 

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі: 

– Облысымызда асылтұқымды малды 

шағылыстыратын екі репродукторлық ферма 

іске қосылады. Мал басын арттыруда оның 

себі зор болмақ. Мал шаруашылығын дамыту 

бағдарламасының келешегі бар. Үкімет те 

қаржылай көмек жасап тұрады. Ол үшін 

бюджеттен қажетінше ақша қарастырылған. 

Алманиядан біздің облыс биыл 1200 сиыр 

сатып алады. 

Ербақыт АМАНТАЙҰЛЫ,

Қызылжар

МА

Л ШАР



УАШЫЛЫҒЫ

Асылтұқымды мал 

Алманиядан әкелінуде

Жақында ғана Солтүстік Қазақстан облысындағы шаруашылықтардың бірі 

Аустриядан сиыр әкелген болатын. Енді тағы бір кәсіпкер Алманиядан 400 бас ірі қара 

сатып алды. Шетелден асылтұқымды мал сатып алуға мемлекет тарапынан бөлінген 

қаржы көп көмек болып отыр.

Басы 1-бетте

ОЙ-КӨКПАР



Тимур НАЗХАНОВ, 

Тәуелсіз Қазақстан кәсіпкерлер 

қауымдастығының вице-президенті

Шағын және орта кәсіпкерліктің қызметін 

реттейтін арнайы мемлекеттік орган керек пе?

Құнанбай ТОБАТАЕВ, 

қаржыгер маман

 Сондықтан бізге бюджетті үнем-

деуге ерекше көңіл бөлген дұрыс.

Сондай-ақ Елбасымыздың тапсыр-

масы мен Үкімет жанынан Кәсіпкерлік 

мәселелері жөніндегі үйлестіруші кеңес 

құрылған. Оның мақсаты – әкім шілік 

кедергілерді мейілінше жойып, 

бизнесті жүргізуді оңтайландыру. Бұл 

бағытта да үлкен істер атқарылып жа-

тыр. 

«Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры 



да шағын және орта кәсіпкерліктің 

субъек тілеріне жыл сайын мониторинг 

жүргізіп, реттеуші функцияны атқара-

ды. Бұл бағытта да жеңілдетілген не-

сиелер осы секторға бағытталуда. Ал 

жеке министр ліктер жанын дағы кә-

сіпкерлікпен тығыз байланысты меке-

мелерді ыдыратуға болмайды. Өйткені 

ол арада сол саланың маман 

дары 


отыр. Яғни олар кәсіпкерлікке қатысты 

заңна ма ларды 

қалай 

кірік тіруге 



болатынын жақсы біледі. 

Ерасыл ӘБІЛҚАСЫМОВ, 

медицина ғылымының докторы, профессор:

– Шағын және орта кәсіпкерлікті реттейтін арнайы мемлекеттік орган 

міндетті түрде қажет. Өзімнің таяуда жарық көрген кітабымда осы 

мәселеге тереңірек тоқталған болатынмын. Онда кәсіпкерлік жөнінде 

арнайы агенттік құру керектігін айтқан едім. Себебі бізде ірі бизнеске 

мемлекет тарапынан толықтай жағдай жасалады да, ал шағын және 

орта кәсіпкерлік соның көлеңкесінде қалып қояды. Шынтуайтында, 

қандай да бір тауар шығарғаннан кейін, шетелде лицензиядан 

бастап, оның нарыққа шығуына дейінгі процесіне мемлекет қолдау 

көрсетіп отырады. Ал біздегі шағын және орта кәсіпкерлік осының 

бәрін өз күшімен жүзеге асырады. Осындай салмақты өзі көтеріп 

отырғанына қарамастан, оларды тексерушілердің саны жылдан-

жылға арта түсуде. Әрине, ол тауар мен қызметтің құнына әсер етеді. 

Одан кейін «инфляция қайдан келді?» деп шалқамыздан түсеміз. 

Әрине, осыдан кейін мыңдаған жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер 

көлеңкелі бизнес жүргізуге мүдделі болады. Оған басты себеп – мем-

лекеттік қолдаудың жоқтығы. Елбасымыз да «кәсіпкер деген – бір неше 

несиені мойнына артқан қайыршы, оларды тексере бергенді қойыңдар, 

керісінше, оған қолдау көрсетіңдер» деп жиі айтады. Бірақ, өкінішке 

қарай, билікте соны естір құлақ, сөзді ұғар шенеунік болмай тұр.

БЕЙТАРАП ПІКІР

Қалай дегенмен де бізге «Жеке кә-

сіпкерлік туралы» дара заң керек. Ме-

нің ше, мемлекеттік орган құру қажет-

тілігі туралы мәселе осыған қатысты 

туындап жатқан секілді. «Айтақтай-

айтақтай иттен де ұят болды» демекші, 

кәсіпкерлік құқығына қатысты қоғамда 

талай пікірталас болды. Тәуелсіз кә-

сіпкерлер қауым дастығы, Қазақстан 

кәсіпкерлер форумы секілді формат-

тарда бұл мәселе кеңінен талқы ланған 

деп білемін. Сондықтан бұл бағыттағы 

заң наманы түзу бізге қиынға соқ пауы 

керек. Оның нақты қолданыста қандай 

сипатқа ие болатындығын тек халық 

қалау лылары  біледі.  Парламентке 

Кәсіпкерлік мәсе лелері жөніндегі үй-

лестіруші ке ңестің ықпал ете алатындай 

әлеуетке ие болса, бұл мәселенің де 

шешімі табылады деп ойлаймын.

Дайындаған 

Кәмшат САТИЕВА

  Өйткені енді тура осы саладағы 

бә секелестік қатты қарқынмен күш ала 

түседі. Ал бұл орган тікелей ел Прези-

дентіне ба ғынуы тиіс. Мәселен, Аме-

рика Құрама Штат тары, Оңтүстік Корея, 

Үндістан мен Жапониядағыдай. 

Шағын бизнестің мәселесімен ай-

на лысатын Экономикалық даму ми-

нистрлігі, сол секілді әрбір жергілікті 

әкімшілікте ша ғын және орта кәсіп-

керлік ісімен шұғыл данатын басқар-

малар бары рас. Бірақ ол жерде, мәсе-

лен, бір облыс бойын ша не бәрі екі-үш 

адам отырады. Ал олардың тіке лей 

міндеті – бизнесті қолдау. Бірақ мұндай 

қызметкерлердің жалақысы 20-30 

мың теңгеден аспайды. Сол себепті бұл 

арада тұрақтап жұмыс істеу мүмкін де 

емес. Яғни бүгіндері кәсіпкерлердің 

мүд десін қорғайды деген мемлекеттік 

меке мелердің жайы «байтал түгіл, бас 

қайғыға» саяды. Бұл – біріншіден.

Екіншіден, өкінішке қарай, Салық 

ко дексінде шағын кәсіпкерлікке ба-

сым дық берілген, ал орта бизнес заң-

дық жағынан көп қағажу көріп жатыр. 

Оларды шағын кәсіп керлікпен салыс-

тыруға мүлде кел мейді, салығы да өте 

көлемді. Сондықтан осы бағытта көп 

жұмыс істеу керек. 

Үшіншіден, бүгінге дейін бұл сала 

ешқандай басқарусыз өз бетімен да-

мыды. «Дамыды» деген артықтау бо-

лар, өйткені олар халықаралық дең-

гейде қойылатын талаптардың басым 

бө лігіне жауап бере алмайды. Мысалы, 

мұнайшылар жергілікті шағын және 

орта кәсіпкерлікпен қоян-қолтық жұ-

мыс істеуі керек. Бірақ нақты істе ол 

бұ лай емес, яғни «Шеврон» немесе 

сол секілді ірі мұнай компанияларының 

та лап тарын біздің шағын және орта кә-

сіпкерлік қанағаттандыра алмайды. 

Өйт кені жағдайы мәз емес. Демек, 

салалық мемлекеттік орган құрылатын 

болса, оның атқарар міндеттері мен 

жұмыс тары қыруар болары сөзсіз.

А

б

ай ОМАРОВ (к



о

лла


ж)

ӨНДІРІС


Құрттан да пайда табуға болады

Еліміз мата шығарумен мақтана ал-

майды. Өте жоғары өндірістік қуатты 

қажет ететін салаға дәл қазір тісіміз 

бата қоймасы тағы анық. Ақыры 

қымбат бағалы матаны өзіміз өндір-

месек те, оған аса қажет шикізат – жі-

бек құртын өсіріп, экс порт тасақ, ақ ша-

ның астында қалмасақ та, ауыл ша-

руашылығына тың үлес қосылары 

сөзсіз еді. Бүгінде оңтүстік өңірдегі 

Мақ та арал, Түркістан, Сарыағаш ау-

дандарында осы кәсіпті нәсіп етіп 

отырған бірді-екілі кәсіпкерлер бар. 

Мақтаарал ауданындағы Қалыбеков 

ауылдық округінің тұрғыны Жорабек 

Тағабаев жібек құртын өсірумен 

айналысады. Бұл саланың бүге-шігесіне 

дейін беске білетін кәсіпкер: «Үй 

жағдайында өсіруге болады, тек ауа 

қысымын бірқалыпты сақтаса болғаны. 

Жібек құртын өсіру оңай шаруа емес. 

19 келі ұрықтан 93 келі жібек құртын 

алуға болады», – дейді. Әзірбайжандық 

жібек матасын өндіретін фабрика 

шикізат керек болған соң, одан өздері 

сұрау салыпты. Олардың ұсыныстары 

кәсіпкерді ойға қалдырыпты. Барлығын 

екшей келе, тәуекелге бел бууға тура 

келген. Облыстың әр түкпіріне сұрау 

салдырғанда білгені – жібек құртының 

негізгі қорек көзі – тұт ағашы өте аз 

қалыпты. Түркістанда азғана тұт план-

тациясы сақталған. Басқа аудандарда 

оталып кеткен. Бұрын оңтүстік тұт 

ағашын өсіріп, оған жібек құрттарын 

«жайып», өнім алған өлке болғаны 

қазір сағымға айналған... Сөйтіп, «Яс-

сы Групп» ЖШС жібек құртын өсіру мен 

айналыса бастаған. Нәтиже де жаман 

емес. Мақтаарал ауданы мен Түр-

кістанда «Яссы-Групп» ЖШС тұт ағашын 

өсіруге шаруа қожа лықтарымен ке-

лісім 


шартқа отырды. Елімізге тұт 

ағашының көшеттерін жеткізу де аса 

қиын шаруа екен. Оны көрші елден 

жеткізу үшін Сыртқы істер министрлігі 

мен Ауыл шаруашылығы министрлігін 

араға салуға тура келген. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет