Шағын жинақты мектеп және оның ерекшелігі


Шағын жинақталған мектептерде оқу-тәрбие үрдісінің деңгейін көтеру жолдары



бет25/35
Дата14.06.2022
өлшемі92,18 Kb.
#36806
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   35
Байланысты:
Тест Жауаптары ШЖМ

42. Шағын жинақталған мектептерде оқу-тәрбие үрдісінің деңгейін көтеру жолдары.
Шағын жинақталған мектептерде оқу-тәрбие үрдісінің деңгейін арттыруда біздің назар аударатын ең негізгі мәселелеріміз мыналар:

Оқушылардың алдына бүгінгі тақырып бойынша меңгеретін негізгі мәселені мақсат етіп қою. Алдағы уақытта не істеу, қалай жасау қажеттігі жөнінде жалпылама бағыт беру.


Оқушылар белгіленген бағыт бойынша материалдармен жұмыс істейді. Яғни олар таблицамен, схемамен, графиктік сызбалармен айналысады.


Мұғалімнің сұрақтарына сүйене, схема, таблица және тағы басқа материалдар көмегімен өздері бақылап, байқап, жұмыс істеп көргендерінің ішінен ізделінді қасиетті бөліп шығаруға тырысады. Шығарылған есептің шығарылу жолын, оған нақты қандай дайын формулаларды пайдаланды, сол формуланың көмегімен қандай нәтижеге жеткенін пайымдайды.


Оқушылар мұғалімнің көмегімен орындаған жұмыстарын тағы бір рет тексеруден өткізеді: анықтаған қасиеттердің дұрыстығына көз жеткізеді.




43.Шағын жинақталған мектептерде білім берудегі жаңа технологиялармен оқушы шығармашылығын дамыту жолдары.
Жаңа технологияны оқыту-тәрбие үрдісінде қолдана отырып, біз неге үйрете аламыз?
1. Өз бетімен ойлауға.
2. Жаңа шешімдер табуға.
3. Ұжымдық өмір сүруге.
4. Шыдамды болуға.
5. Өзгелердің көзқарас пікірлерін тыңдай білуге.
6. Өзінің жеке болашағын жасақтауға.
7. Өз бетімен білім алуға.
Жаңа ақпараттық технологияларды қолдану нәтижелері
- өз бетімен жұмыс істей отырып, шеберлігін арттыра біледі;
- өз беттерімен ізденулеріне, шығармашылықпен жұмыс істеулеріне бағыт беріледі;
- ойлау қабілеті дамиды;
- нәтижелерін керек жағдайда түзетеді және одан қорытынды жасай алады;
- қорытындыны басқа нәтижелермен салыстырады;
- әр түрлі жағдайда өз шешімін таңдай біледі, мұғалімге жалтақтамайды;
- өзін-өзі бағалай білуге үйренеді;
- жаңа технологияны пайдаланып, интерактивтік тақтада жұмыс жасай біледі.
Оқушыға білім, білік, дағдыларын игертіп қана қоймай, қабылдауын, ойлауын, қиялын, сезімдерін, яғни жан-жақты, шығармашыл, өз бетімен жұмыс жасай білетін,бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дамыту үшін инновациялық әдістер мен оқытудың ақпараттық технологияларын пайдаланудың маңызы өте зор.
Дегенмен, әлі де болса бізді ойландыратын, толғандыратын істер жетерлік. Атап айтқанда, олар – білім сапасын арттыру, оқушылардың біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқыту, ғылыми – ізденіс қабілеттерін қалыптастыру, т. С. С. Өйткені, ХХІ ғасыр – білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан – жақты парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн деп ойлаймын
44. Бастауыш шағын жинақты мектептегі білім алушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру жолдары.Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру
Баланы тәрбиелеу үздіксіз процесс, ол оның бос уақытында да жүзеге асырылады. Адам өмірінде бос уақыттың рөлі өте ерекше. Ол демалу, тынығу үшін емес, рухани қажетін өтеуге, ойлау қабілетінің жетілуіне, жалпы жан – жақты болуына арналады. Әр адам бос уақытын өзінше бір нәрсеге арнайды. Бірақ, бос уақытты ұтымды етіп өткізу әлдеқайда тиімді. Бос уақытты пайдалана отырып, қоғам, ұжым, отбасы оқушылардың демалысын тиімді етіп ұйымдастырылуына күш жұмсауы қажет. Дұрыс тиімді ұйымдастырылған бос уақыт – олардың рухани өмірін, көзқарасын толықтырылуын қамтамасыз етеді.
Баланың бос уақытын оның өз қалауымен өткізуге атсалысу, оған аса мән беру – қазіргі таңның басты мақсаты саналуы тиіс. Сонымен қатар, қазіргі кезеңде бос уақытты әлеуметтік құбылыс ретінде қарастыру мәселесі әлемдегі барлық ғылымдардың назарын аударып отыр, өйткені қоғамымыздағы әлеуметтік – экономикалық, саяси және мәдени өзгерістер тұлға санасына да жаңаша көзқарас қалыптасуын қамтамасыз етуде.
Адам факторының белсенділігін жандандырудың көп шарттарының бірі – бос уақытты тиімді пайдалану. Бос уақыт – бұл жұмыстан немесе оқудан тыс мезгілде өз бетінше білім деңгейі мен мамандығын көтеруге, қоғамдық жұмыстарды атқаруға, дене тәрбиесі мен спортпен айналысуға, шығармашылық еңбек пен бала тәрбиесіне көңіл бөлуге, көркем өнермен айналысуға, көңіл көтеруге бағышталған уақыттың бір бөлігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет