Шағын жинақты мектеп және оның ерекшелігі


Бастауыш шағын жинақты мектептегі балалар ұйымы мен ұлттық тәрбиенің рөлі



бет33/35
Дата14.06.2022
өлшемі92,18 Kb.
#36806
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
Байланысты:
Тест Жауаптары ШЖМ

61. Бастауыш шағын жинақты мектептегі балалар ұйымы мен ұлттық тәрбиенің рөлі.
Балалар ұйымдары — балалар мен жасөспірімдердің ерікті ұйымдары; қоғамдық ұйымның айрықша түрі.

Ол келесі белгілері ие болады:


Балалар мен ересектердің бірлескен қызметін жүзеге асыруына бағытталған кұндылық мұраттың (мақсаттың) болуы;
Ұйымға еркін ену және одна еркін шығу;
Бекітілген мүшелілік;
Ұйымдастырылған өзіндік, өзін-өзі басқару, бірлескен әлеуметтік шығармашылық;
Ұйымның әр мүшесі жағдайын анықтайтын нақты айқындалған құрылым;
Барлығына орнатылған нормалар, ережелер, сонымен қатар бірлескен қызметін жасаудағы кепілдемелі құқықтар (қызмет етудің түрлерін, формалары мен жолдарын таңдау құқығы);
Оның кұрамында кәмелеттік жасқа толмаған азаматтардың болуы;
Жарғының, бағдарламаның, ереженің болуы.
Мысалы: Жас ұлан” – өскелең ұрпақты жоғары рухани – адамгершілік құндылықтар,гуманистік,демократиялық ұстанымдарға негізделген қазақстандық патриотизм рухында қалыптасқан ұйым. “Жас ұлан” өз қызметінде ҚР-ның Конституциясын,заңнамасы және де басқа нормативтік құқықтық актілерін, ҚР-да ратификацияланған халықаралық актілерді басшылыққа алады.


62. ШЖМ біріктірілген сыныптарында білім беру процесін ұйымдастырудың халықаралық жəне отандық тəжірибесі.


63. Бастауыш шағын жинақты мектептегі оқу процесіндегі өзбетіндік жұмыстардың рөлі.
Бастауыш сынып оқушылары үшін де өздік жұмыстың маңызы

Зор.Өзіндік жұмысын ұйымдастырудың тиімді жолы – оқушыға


Шамасы жетіп, орындауға мүамкіндігі болатындай және танымын


Арттыратындай, өзіндік көзқарасын білдіріп,шығармашылықпен


Орындай алатындай тапсырмалар беру. Тапсырма арқылы оқу


Материалы жан-жақты әрі үлкен қызығушылықпен меңгеріледі


4.тест тапсырмаларын құрастыру; тірек-сызбалар құрастыру; реферат жазу;


Слайдтар жасау;презентация жасау;альбом жасап, газет шығару т.б


Аталмыш жұмыс түрлері бастауыш сынып оқушыларының жазбаша және ауызша тіл мәдениетін көтеруге қызмет етеді. Мұндай өзіндік жұмыс түрлері шығармашылықты дамытуды көздейді. Осыған орай берілетін тапсырманың шығармашылық сипатына басты назар аудару қажет. Шығармашылық ойлау қабілетінің дамуына әсер ететін жұмыс түрлері олардың ойлау мүмкіншілігін жан-жақты аша түседі, өз бетімен ізденуіне, талаптануына жол ашады. Жоғарыда келтірілген кей жұмыс түрлеріне тоқтала кетейік. Қазақ тілі немесе әдебиеттік оқу сабақтарында ең жиі қолданылатын тапсырма түрі – шағын әңгіме жазу. Сондай-ақ баланың қызығушылығын арттыратын өзіндік жұмыстар қатарында альбом жасап, газет шығаруды, газетке материал дайындауды атауға болады. Төртінші сынып балаларына интервью жүргізуді үйретіп, осы бағытта тапсырмалар беруге болады. Өзіндік жұмыстың қызықты түрі ретінде рөлдік ойындарды, іскерлік ойындарды назардан тыс қалдыруға болмайды.


64. ШЖБМ-тегі сабақтардың өзара үйлесуі
Қоғамымызда болып жатқан саяси және әлеуметтік өзгерістер білім берудің негізгі сатысы ретінде бастауыш мектепке аса зор мән беріп отыр. Өйткені, бастауыш оқытудың негізгі көздейтін мақсаты - оқушыларды үздіксіз білім берудің мемлекеттік жүйесінің талаптарына сай жоғарғы сыныптарда ғылым негіздерін терең игеруге дайындығын мүмкіндігінше көтере түсу. Осыған орай, бастауыш мектептегі білім мазмұнын жетілдіре түсудің басты бағыттары айқындала түсуде. Сол бағыттардың бірі бастауыш буында орындалатын әр түрлі ғылым негіздерінің арасындағы үйлесімді жолдарын анықтауға келіп саяды. «Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұны тұжырымдамасында» осы мәселеге, яғни «бір пәннен алған білім, білік, дағдыны екінші пәнді оқытуға тірек ету» керектігіне ерекше мән берілген.
Жаңа мемлекеттік стандартқа сай дайындалған бастауыш мектеп бағдарламаларында “Пәнаралық байланыс” деген арнайы бөлім берілген. Математиканы оқыту үдерісінде балалардың білімі мен біліктерін, танымдық қабілеттерін дамыту үшін пәнаралық байланысты жүзеге асыру қажет. “Математика” курсының бағдарламасында: пәнаралық байланыс - “ғылымның әр түрлі салаларының арасында айқын шекара жоқ екендігі және олардың бір-бірімен тығыз байланыста болатыны туралы түсініктерді, сондай-ақ, дүниеге ғылыми көзқарасты қалыптастыруда табиғат құбылыстарының біртұтастығын, өзара байланысын көрсетуге мүмкіндік туғызады” делінген. Сонда оқушының бір сабақта алған білімі, әсері, ойы, қиялы басқа пәнге келгенде тежеліп қалмай, ары қарай жалғасып, дами түседі, яғни бір пәннен басқа пәндерге көшудің үздіксіздігі қамтамасыз етіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет