Шағын жинақты мектепте көптілділікті оқыту мәселелері


Сабақтардың тақырыптық бөліністерін оқыту бірліктері



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата18.01.2017
өлшемі0,58 Mb.
#2137
1   2   3   4   5

Сабақтардың тақырыптық бөліністерін оқыту бірліктері

Лексикалық сөйлеу  дағдыларын қалыптастыру  сабағы. Сабақтың мұндай

түрінің мақсаты  оқушы  сөзіндегі  сөздік қорды  байыту  және  жаңа  сөздердің

кірігуі болып табылады. Қосымша мақсат ретінде ауызша сөйлеу және оқудағы

қабілет  пен  дағдыны қалыптастыру  және  жетілдіру,  айту  дағдысы  болуы

мүмкін.

Негізгі  жұмыс – мұғалімнің жетекшілігімен  берілген  сөйлеу  тақырыбы



шеңберінде  микротақырыптарды  ашуға қажетті  кілт сөздерді,  сөз  тіркестерін,

сөйлем  бөліктерін  таңдау.  Мұндай  таңдау  арнайы  таңдалған  мәтіндерді  оқу

немесе  тыңдау  кезінде  іске  асады.  Осы  сипаттағы  сабақта  жаттығулардың  10-

15%  тыңдау  және  оқу  бойынша  арналмаған  жаттығулардан  тұратын  болады

(кейбіреулері ғана  мәтіннің маңыздылығы  мен  салмақтылығына,  айтылуы

күрделі  және  меңгерілмейтін  сөздерге қарай  арнайы  болуы  мүмкін). Оқу

уақытының негізгі  бөлігін  сөйлеу  және  жазу  сияқты  дағдылар қалыптасуға

негіз  болатын,  дайындауға  арналған  сөздік  жаттығулар  алады.  Шағын

тақырыптарға  сәйкес  мұғалім  сұрақтар қояды,  оқушы  оларға  жауап  беру

кезінде, өз  жауабын  толымды  ете  отырып,  мәтіндегі  сөздер  мен  сөз

жасалымдарды  пайдаланады.  Олар  Е.И.Пассов

ұсынған  функцоналды-

семантикалық кестеде көрсетілген.

Білім  беру  стандарты  мазмұнына  сәйкес  осындай  типтегі  сабақта  келесі

дағдылар мен қабілеттіліктер туындайды:

оқу бойынша:

­ оқи алу, түрлі функционалдық стильдер мен жанрдағы мәтіндердің жалпы

мазмұнын түсіну;

­ өз ойын айту үшін қажетті кілтсөздер мен сөз жасалымдарын белгілеп ала

білу (қабілеттің бұл түрі стандартты толықтыруға ұсынылады)

тыңдау бойынша:

-

қалыпты



жылдамдықтағы  ақпаратты,  радио  мен  телевидениедегі

дикторлар

сөзін  (жаңалықтар,  хроника,  репортаж), ресми  тұлғалар  сөзін

тыңдап түсіне білу;

- мұғалім немесе сыныптастыры ұсынған ақпаратты түсіне білу;

дұрыс сөйлеу дағдысы бойынша:

­ артикуляция дұрыстығы;

­ айтар  сөзді  дұрыс  ырғақпен  айта  білу  дағдысы (акцентуация,  мелодика,

ритмика, паузация, тембрлік бояу, темп);



грамматикалық сөйлеу дағдысы бойынша:

­ ниетке қарай лексикалық бірлік таңдау дағдысы;

­ лексикалық бірліктерді басқалармен дұрыс үйлестіру дағдысы.

Жоғарыда 

аталған

қабілеттер 



мен 

дағдыларды

қалыптастыруға

функционалдық семантикалық кесте негізінде және онсыз дайындауға арналған



18

сөздік  жаттығулардың 85-90% жұмсалады. Лексико-фразеологиялық дағдыны

қалыптастыру және  жетілдіру  сабағы  тақырыптық түсінікті  анықтауға,  соңғы

түсінік  шеңберіндегі  тақырыптық бірліктерді  анықтауға,  тақырып  бойынша

кілтсөздердің парадигматикалық, семантикалық, деривативтік  байланыстарын,

сөздердің стилистикалық бояуын  анықтауға  бағытталған. Осындай  сабақ

түрінде сөздікпен  жұмыс  ерекше  орын  алады. «Халық....туралы»,  «Атақты

адамдар.....  туралы»  (тақырыпқа қарамастан)  міндетті  баған  болып  табылатын

функционалдық-семантикалық кесте  пайдаланылады. Соңғылары  оқытылатын

тіл  мен Қазақстан  туралы  лингвоелтанымдық  құзыреттілікті қалыптастыруға

бағытталған. Оқытудың кең тараған тәсілі синонимдік сөз қатарын, антонимтік,

омонимдік,  паронимдік  жұптар құру;  тақырып  бойынша  кілтсөздердің сөз

жасамдық тетігін құру,  түсіндірме  сөздікпен  жұмыс,  антонимдер,  синонимдер,

паронимдер  сөздігімен  жұмыс  жасау  болып  табылады. Бұл  сабақта ұзақ және

қысқа дауыстылар,  айтылмайтын  дауыссыздар  сүйемелдеуші  оқу  материалы

ретінде қызмет етеді.

Яғни, 

мұндай 


сабақ

түрі 


алғашқы 

дағдылар 

мен

қабілеттерді



қалыптастыруға бағытталған, қабілетті  бақылау  жеке  сипатқа  ие:  сөздердің

парадигматикалық және  синтагматикалық байланыстары  деңгейін  меңгеруді

тексеру.

Грамматикалық сөйлеу дағдысын қалыптастыру сабағы.

Бұл  сабақта  грамматикалық түрлерді – синтаксемді  дұрыс  пайдалану

қабілеті,  бөлініп  алынған  оқиға  көбірек  келетін  синтаксистік құраманың  (сөз

тіркестерінің, түрліқұрылымдық сөйлемдер  моделі,)  синонимдік қатарынан

мақсатты  таңдауға қол  жеткізіледі. Мысалы,  конференцияларда  сөз  сөйлеген

кезде  көпше  түрде (We  think  that…;  To  our  minds/  In  our  opinion...)

немесе

үшінші жақ түрін  (It’s  worth  of  noting...;  It’s  important  to  show...;  We  may



express...) қолданған дұрыс. Сипатталған кезеңде мұғалім барлық кездесетін сөз

орамдарын жинақтайды және оларды оқушылардың сөздерінде жандандырады.

Алдыңғы 

сабақ


типіндегі 

функционалдық-семантикалық

кестелерді

құрастырғанда шағын  тақырыптарды құрастыруда  «ажырату»  түрін  меңгеру

ерекше  күрделі. Осылайша  мұғалім  3-4-сөйлеу  тақырыптарын  оқыту  кезінде

шығыс  септігін  «объекті»  мәнімен қолдануды  бірнеше  рет қалыптастырады

және  жетілдіреді.  Осындай  жұмыс  түрі  кез  келген  грамматикалық

материалдарды бекіту кезінде де жүргізіледі.

Бұл  ретте,  осы  сабақ типтерінің мазмұны  синтаксемамен  жұмыс  істеу

болып  табылады.  Грамматикалық

дұрыс  сөйлеуге  сөйлемдермен  ойын

жеткізудің предакивті  негіздерін құру  тәсілдерінің  (бұл  жағдайда  5-9-

сыныптардағы 

оқыту 


кезеңінде 

предикативтік 

байланыстардың

-

координациялау,  ыңғайластыру,  жинақтауды  тәжірибе  жүзінде  меңгеру



қарастырылады), біртектес немесе жекеше сөйлем мүшелерін келістіру,басқару,

кірістіру,  кұрделендіру  жолымен

әртүрлі  синтаксемдерді  горизонталды

таратудың көмегімен қол жеткізіледі.

Бұл,  бірегей  семантикалық орталықпен  түрліқұрылымдық сөйлемдерді

жинақтау 

деп 

түсіндірілетін 



сөйлемдердің

тақырыптық-құрылымдық



19

парадигмасын

құру 

тәсілі 


болып 

табылады 

(«сөйлем 

парадигмасы»

лингвистикалық түсінікпен теңдестіруге болмайды).

It is summer.

Summer has come.

Бұл  тәсіл  бір  сөйлемнің грамматикалық негіз  пікірін  біртіндеп  тарату,

салалас  және  сабақтас  жалғаулық көмегімен  оған басқа  грамматикалық негізді

қосу немесе оқушыларды сөйлем құрылымын көруге дауыс ырғағымен үйрету,

сөйлем мүшелерін анықтау, жай күрделі, жайылма, күрделі және күрделі емес,

салалас құрмалас (бұдан ары - СҚС) және сабақтас құрмалас (бұдан ары - СҚС),

жалғаулықсыз  (бұдан  ары

-

ЖСС)  сөйлемдерді  ажыратуға



үйретуге

бағытталған.

Бұған қоса,  оқушылардың  қадамдық сауаттылығын қамтамасыз  етеді,

олардың синтаксистік қатарын байытады.

Оқу  уақытын үнемдеуге  байланысты ұсынылып  отырған  сабақ типі

көбінесе,  басқа  сабақ типтерімен – орфографиялық және  пунктуациялық

сауаттылықты қалыптастыру  және  жетілдіру  сабағымен  жалғастырылады.  Бұл

жағдайда грамматикаға байланысты барлық орфограммалар қарастырылады.

Грамматикалық дағдыларды қалыптастыру сабақтарында тілдік жаттығулар

көлемі  шағын- 5-10%  болуы  тиіс (егер  аралас  сабақ типі – грамматикалық,

орфографиялық, пунктуациялық  (стилистикалық) дағдыларды қалыптастыру

сабағы болса, онда тілдік жаттығулар көлемі 30-40% құрауы тиіс).

Осындай  сабақ

типінің


соңында  жеке  білімдеріне  (орфографиялық,

стилистикалық, грамматикалық, пунктуациялық) ағымдық бақылау  жүргізуге

болады.  Бақылау  түрлері:  сөздік  диктант,  сөздік-грамматикалық диктант,

синтаксистік 

нұсқауларды 

тарату 


тапсырмалары, 

сөз 


жасамдардың,

сөйлемдердің  құрамдас  бөліктері  арасындағы  байланыстарды  дұрыс  рәсімдеу

тапсырмалары, синтаксистік синонимдерге стилистикалық талдау жасау.

Орфографиялық және  пунктуациялық сауаттылықтарды қалыптастыру

және жетілдіру сабағы.

Бұл  тип  аспектілік  сабақтың

бір  түрі  болып  табылады,  алайда

орфографиялық және  пунктуациялық жұмыс барлық сабақ типтерін  жеке,

өзіндік тип ретінде тиімді шығаруды жалғастырады (соңғы мақсаттардың бірі –

сауатты жазудың жоғары деңгейіне қол жеткізу). Талданып отырған сабақтарда

кейбір  (циклдан  тыс

қалғандары)  орфографиялық және  пунктуациялық

ережелер 

оқытылады 

және 

оқушыларға 



белгілі 

ережелер 

бойынша

орфографиялық және  пунктуациялық  қабілеттер  мен  дағдылар  жетілдіріледі.



Қосымша мақсат ретінде тыңдау дағдыларын жетілдіру болып табылады.

Жұмыс әртүрлі  диктанттар  мен  мазмұндамалар  алудың сәйкес әдісі

бойынша  жүргізіледі. Қалыптастырылған  біліктерді  бақылау  диктанттар  мен

мазмұндамалар түрінде жүргізіледі, нәтижелері дәстүрлі критериялар бойынша

бақыланады.

Сөйлеудің лексикалық және  грамматикалық дағдыларын қалыптастыру

соңынан сөйлеу  дағдыларын  жетілдіру  сабағын жүргізуге  болады. Әртүрлі


20

стиль  мен  жанрдағы  мәтіндер  негізінде  сөйлеу  дағдыларын  жетілдіру  жүзеге

асырылады.  Мұндай сабақ типіндегі  негізгі  жұмыс – тақырып  бойынша

жоспарланған  сөйлеу  интенцияларын  іске  асыру, қарым-қатынас жағдайында

тәуелділік  түрінің

функционалдық

маңыздылығын  талқылаудың  әртүрлі

тәсілдерін үйрету.  Сәйкесінше,  жаттығудың негізгі  типі  мәтінге  сүйеніп  және

мәтінге сүйенбей сөйлеу жаттығулары болып табылады.

Бұл  кезеңдегі  жалғасын  табатын  міндет - тыңдау  және  оқу  біліктерін

жетілдіру.

Осы  сабақ

типінде  білім  беру  стандартына  сәйкес  төмендегілер

қалыптастырылады:



оқу бойынша:

-

оқу  білігі, әртүрлі  функционалдық стиль  мен  жанрдағы  мәтіндердің



жалпы мазмұнын түсіну;

тыңдау бойынша:

-

қалыпты ырғақта  естілетін  ақпаратты,  радио  және  телеарнадағы  диктор



сөзін  (жаңалықтар,  хроника,  репортаж);  ресми  тұлғалардың сөйлеген  сөздерін

түсіну білігі;



сөйлеу (сөйлеу дағдылары) және жазу бойынша:

-

берілген  мәтін  мазмұнына  жеке  көзқарасын  білдіру  мақсатында



тапсырманы қиыстыру  және  трасформациялау  негізінде  сөйлеу  материалын

жеткізу дағдыларының болуы.



Сөйлеудің стилистикалық дағдыларын қалыптастыру сабағы.

Орта  бөлімдегі  бұл  тип  сөйлеудің

лексико-фразеологиялық

және


грамматикалық

дағдыларын 

жетілдіруді

қалыптастыру 

сабақтарымен,

диалогтық және  монологтық сөйлеуді дамыту  сабақтарымен қиыстырылады.

Жоғары  санаптарда  стилистка  бойынша  білім  мен  білікті  тереңдету  және

жүйелеу үшін  2-3  сатағттық арнайы  сабақтарды  жүргізу ұсынылады.  Алынған

стилистикалық білім  мен  білік  сабақтардың барлық мәтіндік  циклдерінде

бекітіледі.

Оқытудың негізгі тәсілдері:

1)

сөздің, сөйлемнің және  мәтіннің



стилистикалық бағытын  белгілі  бір

талқылау алгоритмі бойынша анықтау;

2)

синоним-сөздер,



синоним-сөйлемдер, 

синоним-мәтіндердің

стилистикалық қатарын құрастыру;

3)

сөздіктегі стилистикалық кемшіліктерді табу.



Мұндай 

сабақ


типінде 

стилистикалық

біліктер 

мен 


дағдыларды

қалыптастыру және  жетілдірудің негізгі  мақсаты  монологтық сөйлеу  білігін

дамытуға, 

орфографиялық

және 

пунктуациялық



сауаттылықты 

және


грамматикалық дағдыларды жетілдіруді жалғастырады.

Сабақтарға  келесі  кезеңдер  тән:  1)  мәтінді қабылдау;  2)  стилін  бекіту,

стилдің типтік  сипаты  негізінде  деңгейлік  талдау  арқылы  дәлелдеу;  3)  мәтінді

бір  стильден  екіншіге  ауыстыру;  4)  түзету  жасау  (ауыстырылған  немесе

құрастырылған мәтін); 5) белгілі бір жанрдағы мәтіннің стандартты құрылымы

мен тілдік құралдарына талдау жасау; 6) мәтіннің берілген стилін продуциялау.



21

Жаттығулар  типтерінің ара-қатынасы келесідегідей:  тілдік – 15-20%,

шартты-тілдік - 25-35% , сөйлеу - 30%, коммуникативтік – 30%.

Білім беру  стандартына  сәйкес  мұндай  сабақ типінде  оқушылардың: -----

сабақта жауап беру, жиналыстарда сөз сөйлеу;

-

кітапқа ауызша және жазбаша пікір беру;



-

көркем,  публицистикалық  әдебиет  шығармаларының шағын үзінділерін

орыс тіліне ауызша және жазбаша аудару;

-

мәтін бойынша қарапайым  немесе  күрделі  жоспар құру,  конспекті,  пікір



жазу (ғылыми стильде жұмыс істеу);

-

іскерлік құжаттардың түрлерін  (өтініш,  хабарландыру,  автобиография,



мінездеме, іскерлік хат, хаттама) жазу;

-

белгілі  бір қызмет  саласына  байланысты өтілген  тақырыптардың бірі



бойынша ойын ауызша және жазбаша ресімдеу білігі қалыптасады.

Диалогтық және  полилогикалық  қарым-қатынас білігін қалыптастыру

және жетілдіру сабағы.

*

Бұл  сабақ типінің ерекшелігі  оқыту  бірлігін  таңдауға  дәстүрлі  емес  тәсіл

қолдану болып  табылады.  Соңғылары 4  типтің  (хабар-хабарға әрекет;  сұраныс

ақпараты - оған әрекет;  іздену – ізденуге әрекет;  эмоционалды-экспрессивтік

диалогтық бірлік)  диалогтық бірлігі ғана  емес,  диалогтық  құрылымдық-

мазмұндық типтері немесе бастапқы сөйлеу әрекетімен диалогты байланыстыру

сызбасы  болып  табылады  [8].  Белгілі  бір  тақырып бойынша  диалогты әлеуетті

байланыстыру  сызбасын қосу  ағылшын  тілінде  мазмұнды  диалог  жүргізудің

білігін қалыптастыру  және  жетілдіру  бойынша  нақты  нәтижелер  береді.  І

сабақтың осы типінде орыс тілінің сөйлеу әдебі ерекше орын алады. Тәжірибе

көрсеткендей, қарым-қатынастың нақты  формуласын  белсенді қолдануға

психологиялық, нақтырақ айтсақ, олардың  «дайын»  сипаттағы  түрінде қарым-

қатынас жасауда  жасанды  болып  көрінгісі  келмеуі  негізгі  кедергі  болып

табылады.  Сабақтардың барлық тақырыптық циклдерінде  диалогқа  оқыту

процесінде  фразеологияланған  формулалардың жиі қайталануы  осы  кедергіні

жояды.  Диалогты  оқытумен қатар,  оқушылар  ресми  және  ресми  емес қарым-

қатынас жағдайын есепке алу және сәйкес тілдік құралдарды таңдау дағдысына

ие  болады. Қарым-қатынас тактикасы  Т.У.Тучкова ұсынған  функционалдық

тіректердің

көмегімен  жасалады.  Диалогтың

мазмұны  мен

құрылымы


профессор  Д.И.Изаренковтің лингводидактикалық зерттеулер  нәтижелерімен

құрылады [9].

Әңгімелесуші пікірін  бағалау, қарым-қатынасты қолдау,  байланыстыра

сөйлеу, толық ой айту біліктерін дамыту қосымша мақсат бола алады.

Оқытудың осы  кезеңіндегі ұсынылып  отырған  жаттығуларды  оқиғаға

адекватты  сөйлеу  интенцияларын  рәсімдеу  біліктерін

қалыптастыруға

бағытталған  сөйлеу  жаттығулары,  және ұлттық психология  ерекшеліктерін

есепке  ала  отырып,  диалог  жүргізу  тактикасын  меңгеруге  арналған  сөйлеу

жаттығулары сияқты үлкен екі топқа бөлуге болады.

Осы  сабақ типтерінің негізгі  және қосымша  мақсаттары  жаттығулардың

келесі  пайыздық  қатынасымен  анықталады:  тыңдау  жаттығулар  бойынша -



22

50%, оқу негізіндегі сөйлеу жаттығулары (тиімді) - 15%, бағалау, құптау, келісу

(келіспеу), қарсы  болу  және  т.с.с  сөйлеу  міндеттерінен  тұратын  сөйлеу

жаттығулары - 30%,  «логикалық» қарым-қатынас тактикасын  меңгеруге

арналған жаттығулар - 40%, жеке-коммуникативтік жаттығулар -10%.

Білім беру стандартына сәйкес мұндай сабақ типінде:

- әңгімелесушімен байланыс орнату және оны қолдау;

- сөйлеу әдебінің негізгі формулаларын қолдану;

- диалогтық тұтастықтың негізгі  типтерін  пайдалана  отырып,  тұрмыстық,

оқу, мәдениеттанымдық тақырыптарды белсенді жүргізу;

- әңгімелесушімен пікір алмасу;

- оқылған, тыңдалған хабарламаларға келіскенін/келіспегенін білдіру;

- әңгімелесу,  пікір  сайысу  кезінде өзінің көзқарасын  дәлелдеу  біліктері

қалыптастырылады және жетілдіріледі.

Бұл тізімді:

- өзіндік сөйлеу міндетін нақты анықтау;

- әңгімелесу барысын жоспарлау;

- қарым-қатынас барысында өзінің бағдарламасын жүйелі бағыттау;

- қарым-қатынас инициативасын қабылдау және қайта қабылдау;

- әңгімелесушінің қыстырма сөзін дұрыс қабылдау;

- әртүрлі сөйлеу тәртіптерін ажырата білу;

- бір қыстырма  сөз ішінде  функционалды  манипуляция  жасау  сияқты

біліктермен  толықтыруға  болады.Осы  сабақ түрінің  әртүрлілігі  топтық және

бұқаралық  қарым-қатынасқа оқыту  сабағы,  ал  тыңдау,  сөйлеу әдебін  дамыту

міндетті қосымша мақсат болып табылады. Сабақ түрлері әртүрі болуы мүмкін:

диспут-сабақ, конференция–сабақ,  «дөңгелек үстел» - сабағы,  кездесу-сабағы,

митинг-сабағы,  КТК-сабағы.  Мұндай  сабақ

түрлерінде  топтың

ортақ

проблемалары  талқыланады.  Бұл  ретте,  мұғалім  оқушылардың жеке  ой-



пікірлерінің

реттейді, 

ынталандырады 

(талқылау, 

бағалау, 

түзету).


Конференция-сабаққа  дайындалу  кезінде  алдын  ала өнімді  хат әзірленеді.

Сәйкесінше  түрлі  типті  жаттығулардың келесі  ара-қатынасы ұсынылады:

тыңдау  жаттығулары - 5%,  сөйлеу  жаттығулары - 40%, қосымша  мақсаттар

болған жағдайда жаттығулардың 15%-ын соларға қосу қажет, коммуникативтік

жаттығулар - 40%.

Білім  беру  стандартында  полилогикалық  қарым-қатынасқа  тиісті  көңіл

бөлінбеген,  алайда  шынайы  фактілерге  жүгінсек,  мұндай  сабақ типтерінің

қажеттігіне көзіміз  жетеді. Қазақ тілді  ортада  болып  келген  оқушылар  орыс

тілінде  полилогикалық  қарым-қатынас

кезінде  белсенділік  танытпайтын

тыңдаушы  болып қалады.  Себебі,  орыс  тілін  нашар  меңгерумен қатар

интровертивті ұлттық психологияның әсері болып табылады.

Мұндай сабақтарда:

- қарым-қатынас жасай білу;

- өзінің стратегиялық жолын жүргізе алу;

- қарым-қатынас белсенділігін ұстау;

- сөйлеу әдебін білу;


23

- сөйленетін бағытқа қажетті диалогты жүргізу;

- өздігінен,  кенет, қалыпты  ырғақта  сөйлеу  біліктері  осындай  сабақтарда

доминантты қалыптастырушы болуы тиіс.

Осындай қалыптасқан  біліктерге  арнайы  бақылау  жасамауға  да  болады,

алайда қадағалау  негізінде  мұғалім  полилогикалық  қарым-қатынас кезінде

оқушылардың кемшіліктерін түзетеді.

Нақты  тақырыптар  бойынша  диалогтық сөйлеуді  меңгеруді  тексерудің

негізгі  критериялары:  тұтас қыстырма  сөздер  саны,  инициативтік  және  еркін

айтылатын қыстырма  сөздер  саны, қажетті әдептілік құралдарының болуы,

қыстырма сөздерде ақпараттық мазмұндылығы болып табылады.

Қарым-қатынас процесінде монологтық сөйлеуді оқыту сабағы.

Осы  сабақ типін  жоспарлағанда әртүрлі  функционалды-мағыналық сөз

типтерін  оқыту  туралы ғылыми-әдістемелік ережелерге  сүйену қажет [10-13].

ОФКТ  тұлғалық-бағытталған  монологты  дамытуды  көздейді.  Басқа  тілде

монологтық сөйлеу  түрі қазақ тілді  оқушыларға қандай  да қиындық келтіреді.

Көптеген  жылдар  бойы  монологтық сөйлеу  белгісіз  бағытталған,  мәтінді

мазмұндау  (мәтінді қысқаша  мазмұндау)  ретінде  түсіндіріліп  келді.  Алдымен

монологтың мәнін әдістемелік  түсінік  ретінде  анықтайық. Функциональды-

коммуникативтік әдісті  іске  асыру  жағдайында  монологты,  біріншіден,

қыстырма сөзді-микромонолог  ретінде  («әңгімелесушілердің  өзара қысқа-

ойлары  арасындағы  сөз  кесінділері),  екіншіден  бұл  монологтың  өзі  деп

түсінеміз.

Сондықтан, талданып отырған сабақ типін сәйкесінше жеке сипатқа ие тип

тармақтарына бөлеміз.



а) қыстырма  сөзді-микромонологты  оқыту  сабағының негізгі  мақсаты

мағынасы  аяқталған  және  коммуникативті  бағытталған үздіксіз,  бірізді,

логикалық ой  туғыза  білу  білігін  дамыту  болып  табылады.  Пікірсайыс  кезінде

өзінің көзқарасын  дәлелдеу  және  сөйлеу әдебі  білігін  дамыту  бір  тип

тармағындағы қосымша мақсаттарға жатады.

Бұл  кезеңде:  1)  бір  сөйлем  деңгейінде  тақырып  бойынша  бір    ой  түю,  бір

аяқталған  ойды  айту;  2)  бір қыстырма  сөз  шеңберінде  сөйлемдерді  логикалық

байланыстыру;  3)  бірнеше  сөйлеу  міндеттерін  байланыстыру  және  оларды  2-3

және одан да көп сөйлемдермен жеткізуді жүзеге асыру біліктері қалыптасады.

Осыған  орай,  осы  3  деңгейдің  әрбір  сөйлеу    мақсатында  тұрақты қайталануы

қамтамасыз етілуі  тиіс.  Оң нәтижелерге қол  жеткізу үшін  жаттығулардың

келесі 


типтерінің

ара-қатынастары

қарастырылады: 

шартты-сөйлеу

жаттығулары - 40%, сөздік - 40%, коммуникативті - 20%.

Білім  беру  стандарты  мазмұнына  сәйкес  осындай  типтегі  сабақтарда

жағдайға сәйкес 2-3 [5] және одан да көп сөйлемдерден тұратын қыстырма сөз-

ойларды туғызу білігі қалыптасады.

Сипатталып  отырған  сабақ типінің тармағы қарым-қатынас процесіндегі

монологтық сөйлеуге  оқыту  сабағының кезеңі  (құраушы  бөлігі) ғана  бола

алады.


24

б) Жеке монологтық сөйлеуге оқыту сабағы

Осы  тип  тармағының негізгі  мақсаты  ауызша  және  жазбаша  түрдегі  мәтін

деңгейінде монологтық ой айтуды тыңдау білігін дамыту болып табылады.

Қосымша мақсат  айту,  оқу,  тыңдау,  жазу  дағдыларының графикалық және

пунктуациялық сауаттылығын жетілдіру бола алады.

Сабақ  (немесе  сабақ типі)  монологты  тиімді  меңгеру  білігін қалыптастыру

және жетілдіру бойынша келесі кезеңдерді ұсынады:

а)  мәтінді  түсіну  деңгейі  (тыңдау);  б)  мәтін құрылымын  талдау  және

анықтау  (композициялау  элементтері);  в)  мәтінді қайта құру;  г)  монологтық

сөйлеу өнімділігі.

Жаттығулардың

түрлі  типтерінің

ара-қатынасы

төмендегідей:  тілдік

жаттығулар - 10%,  репродуктивті  шартты-сөйлеу - 10%,  сөздік -40%,

коммуникативті - 40%.

Білім беру стандартының мазмұнына сәйкес сөйлеу бойынша:

- оқылған немесе тыңдалған мәтінді айту;

- берілген сөзйлеу тақырыбы бойынша хабарлама жасау;

- радио немесе телеарнадан тыңдалған хабарламалар мазмұнын жеткізу;

- көрген фильм және т.б. мазмұнын жеткізу;

- монолог-талқылау, монолог-сипаттау түріндегі жеке ойын айту;

-

тақырып  бойынша  жеке  хабарламасын  жазбаша  жазу  біліктерін



қалыптастырады.

Бұл тип әртүрлі функционалды-мағыналық типтегі әлеуметтік-бағдарланған

мәтінді,  адресатты  есепке  ала  отырып, қарым-қатынас жағдайы,  сөйлеуші

позициясы,  талқыланатын  «пән»,  адресат  позициясын

құруға  оқытуды

қарастырады.

Осылайша,  жұмыс  сипаты  туралы  сабақ типологиясының  «бөлшектенген»

нұсқасы ұсынылып  отыр  және  сабақтың  әрбір  типінде  оқыту  нәтижелерін

қадағалау бойынша түрлі деңгейдегі тапсырмалар типтері анықталды.

Бір 


сөйлеу 

тақырыбы 

аясында 

кешенінде

құзыреттер 

түрлерін


қалыптастыру

мақсатында, 

күнтізбелік-тақырыптық

жоспарлау 

кезінде

сабақтар типтерін «қысу» қажет. Осындай жағдайда олар аралас түрде беріледі.



Сөйлеудің лексикалық дағдыларын,  сөйлеудің грамматикалық дағдыларын

қалыптастыру және  жетілдіру, қарым-қатынастың диалогтық түрін, қарым-

қатынас процесінде  монологтық сөйлеуді  дамыту  сабақтары  негізгі  типтері

болып  табылады. Қалған  типтер  таза  күйінде  тәжірибеде  жиі қолданылмай,

негізгілермен  араласып,  сабақ кезеңі  ретінде ұсынады.  Осы  кезеңдерге

жоспарланған  біліктер  аралас  типті  сабақтар  кезінде  бір  уақытта  немесе

кезегімен қалыптасады.

Аралас сабақ типтері мынадай болуы мүмкін:

1)

Сөйлеудің лексикалық-грамматикалық дағдыларын қалыптастыру және



жетілдіру сабағы.

2)

Сөйлеудің



грамматикалық

дағдыларын, 

орфографиялық

және


пунктуациялық сауаттылықтарын қалыптастыру және жетілдіру сабағы.

3)

Сөйлеудің лексикалық-стилистикалық дағдыларын қалыптастыру  және



25

жетілдіру сабағы.

4)

Диалогтық және  полилогикалық  қарым-қатынас түрлерінің біліктілігін



дамыту сабағы.

5)

Қарым-қатынас процесіндегі  диалогтық және  полилогикалық және



монологтық сөйлеуді дамыту сабағы.

6)

Сөйлеудің лексикалық дағдыларын,  графикалық және  пунктуациялық



сауаттылығын қалыптастыру сабағы.

Оқу  уақытын  бөлу  кезінде  коммуникативті  біліктерді қалыптастыру  және

жетілдіру сабақтарын сыныптан тыс іс-шаралар түрінде сабақтан тыс уақытына

ауыстыру мүмкін болады.



10-12 сағат сабақ оқыту нәтижесін қадағалауға жұмсалады.

Білім  және  дағдыларды  бақылау  ағымдық және қорытынды  түрлерінде

болады.  Ағымдық бақылау  сабақтың соңында  немесе үй  тапсырмасының

көмегімен жүзеге асырылады. Қорытынды бақылау бірінші тоқсанның соңына,

оқу жылының соңына жоспарланады. Кейінгі түрінде:

1) орфографиялық және пунктуациялық сауаттылық;

2) сөйлеудің грамматикалық және стилистикалық дұрыстығы;

3) диалогтық қарым-қатынас білігін меңгеру деңгейі;

4) орыс  тілінде  монологтық сөйлеуді  меңгеру  деңгейін  бақылау  түрлері

қолданылады.

Қорытынды бақылау  сабағы  негізгі  мектептің тоғызыншы  сыныбында  бір

тоқсан,  бір  оқу  жылы  және  бір  курс  шеңберінде  оқылған  тілдік,  сөйлеу,

коммуникативтік,  этномәдениеттанымдық  құзыреттіліктерді

қалыптастыру

деңгейін  анықтауға  есептелген.  Оқу  процесінің 10%-ын  «бақылау»  сабақтары

алады. Сонымен, әр сыныпта жыл сайын төрт тоқсанға тең бөлінген (1-тоқсан –

фонетика,  лексика,  фразеология  бойынша  тілдік  білімін  көрсету  сабағы;  2-

тоқсан – сөз жасам құрамы бойынша тілдік білімін көрсету сабағы; 3-тоқсан –

морфология  бойынша;  4-тоқсан – синтаксис  бойынша)  8  сағаттық  (тілдік)

сабақтар жүргізіледі.

Сондай-ақ,  3-4  сағаттан  тұратын  12-14  тақырыптық сабақтар  циклі:

орфографиялық

сауаттылық

және  грамматикалық

сөйлеу  дағдыларын;

диалогтық  қарым-қатынас (ресми  және  ресми  емес  жағдайда)  дағдыларын,

стилистикалық сөйлеу  дағдыларын қалыптастыру  және  жетілдіру  және

монологтық сөйлеуді дамыту сабақтары жоспарланады.

8-12  сабақтар  (тілдік,  сөйлеу,  этномәдениеттанымдық, коммуникативтік

құзыреттіліктер) қадағалауға жұмсалады.

Қазақ мектебінде ағылшын тілін оқытудың мұндай концептуалды тәсілі:

- барлық оқыту  жылдарында  оқу  процесін,  бір  оқу  жылына  аралас

сыныптарда, бір тоқсанға, біріктірілген белгілі параллель сыныптарға бір нақты

сабақтың тақырыптық сабақтар  циклін    нақты ұсынуға  және  жоспарлауға

мұғалімге көмектесуге;

-

сөйлеу,  коммуникативтік,  этномәдениеттанымдық  құзыреттіліктерін



жүйелі және өзара байланысты қалыптастыруға мүмкіндік жасауға;

- оқушыларды  шынайы өмірде  туындайтын  барлық тақырыптарда қарым-



26

қатынас жасауға дайындауға;

- қарым-қатынастың сәйкес жағдайына қарай тілдік құралдарды қолдануға

және  мақсатты  түрде үйретуге (ресми/ресми  емес қарым-қатынас жағдайы,

үлкен/кіші,  «басшы»/қызметкер»)  немесе  толық ойын  білдіруге  (диалогтық

және монологтық мәтіндер);

- оқыту нәтижелерін қадағалауға  (ағымдық, аралық,  қорытынды  бақылау)

бағытталған.

Осындай  сабақтар  циклін әдістемелік  негіздеу  келесі  сұрақтарға  жауап

беруді қарастырады:

1

Сабақ циклдерінің сөйлеу тақырыптарын таңдау неге негізделген?



2

Орыс  тілінде  оқытылмайтын  мектептерде  орыс  тілін  оқыту  процесінің

жүйесінде бұл сабақтар циклінің алатын орны қандай?

3

Әрбір сабақ циклінің орны қандай және маңызы неге байланысты? Сабақ



типі және шарттары қандай?

4

Сабақ циклінің және әрбір сабақтың мақсаты қандай?



5

Сабақ  құрылымы  немен түсіндіріледі,  нақты қабілеттер  мен  дағдыларды

қалыптастыру мен жетілдірудің деңгейлері қандай?

6

Сабақ құрылымы мен мазмұны оның мақсаттарына сәйкес келе ме?



7

Сабақта


қандай 

жаттығулар 

түрлері

қолданылады? 



Жаттығулар

түрлерінің ара-қатынасы сабақ типіне  және қалыптасатын біліктер  мен

дағдылар сипатына сәйкес келе ме?

8

Әрбір



сабақ типіндегі  тілдік  материалдың алатын  орны

қандай?


Тапсырманы қалыптастыру кезінде кешенді тәсіл жүзеге асырылады ма?

9

Функциональдық және  коммуникативтік  принциптер қалай  жүзеге



асырылған?

10

Әрбір сабақ типінде оқыту нәтижесі қалай қадағаланады?



11

Сабақтар  цикліне  этномәдениеттанымдық материал қолданылады  ма?

Орыс тілінде сөйлеу әдебін оқытудың мазмұны қандай?

12

Оқушылар  мен  орыс  тілін  табиғи  тасымалдаушылар (интроверттер/



экстраверттер) психологиясында айырмашылық ескеріледі ме?

13

Оқушылардың



психологиялық

бейімі


қандай?  Ол  мотивациялық

оқытумен қалай байланысқан?

14

Мұғалім қорытындылары (пікірі, ескертуі, ұсыныстары).



15

Қазақ


мектебінде 

орыс 


тілін 

оқытудағы 

функционалдық-

коммуникативтік тәсілдің ғылыми-әдістемелік негіздері.

Тәжірибелік  бағыттағы,  және  тақырыптық

сабақтар  циклінің

тілдік

материалдарын үздіксіз беруге арналған аспектілік сабақтардың ұсынылған



үйлесімі:

-

топтастыру  принципі  (барлық оқу  жылына  арналған  оқу  материалы



ғылыми таңдалып алынған тілдік және сөйлеу жиынтығынан тұрады);

-

«Орыс  тілі»  (орыс  тілінде  оқытылмайтын  мектепте)  пәні  мазмұнының



экстралингвистикалық және  лингвистикалық  құрамдас  бөліктерінің  өзара

байланысы;

-

тілдік 


және 

сөйлеу 


материалының

тұсаукесеріндегі 

жүйелік,


27

функционалдық

және  коммуникативтік  принциптердің

іске  асырылуын

қамтамасыз етеді.

Сабақтардың тақырыптық циклдерін  жоспарлау үлгісі  осы  зерттеудің Ж

Қосымшасында берілген.

Сонымен қатар, тілдік жүйеде екінші циклдік оқыту ретінде ағылшын тілін

өткізу әдістемесінде [14], біздің әдістемеден айырмашылығы, онда біріктірілген

екі  сабақ

оқу  процесінің

бірлігі  ретінде  саналады,  және  материалды

ұйымдастырудың бастапқы  нүктесі  тек  тілдік  жүйе  болып  табылады,  ал  тілді

дамыту көп жағдайда «үзіліс» (ұзақтығы – 12-14 аптаға дейін) кезінде сыныптас

тыс сабақтарда жүзеге асырылады.

Аспектілік-тақырыптық-циклдік сипаттағы сабақтар:

1)

Дәстүрлі  бөлінген  сабақтар  санын қысқарту  есебінде  оқу  уақытын



тиімді, үнемді бөлуді қамтамасыз етеді;

2)

Оқу  материалдарын  блогтық мөлшерлермен ұсынуға  және  меңгеруге



мүмкіндік береді;

3)

Сыныпта қарым-қатынас дағдысын  дамыту үшін,  сыныпта  шынайы



жағдайға  жақындататын жасанды сөйлеу ортасын құруға мүмкіндік береді;

4)

Әртүрлі түрлерді  пайдалану,  оларды  түрлендіру  мүмкіндігін  кеңейтеді,



оқушының мұғаліммен қарым-қатынас жасау  уақытының санын  арттырады

[14].



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет