Шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарында біртақырыптық оқыту принциптері



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата22.12.2016
өлшемі2,83 Mb.
#111
1   2   3   4   5   6

3

Біріктірілген 

сыныптарда 

біртақырыптық

сабақтарды

ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері

Қоғамда  болып  жатқан әлеуметтік-экономикалық  өзгерістерге  сәйкес  білім

беру  мақсаты  мен  міндеттері  оқушыларды әлемдік  даму  деңгейіне  сәйкес

келетін  белгілі  бір  біліммен қаруландыруды  көздейді.  Осы  орайда  шағын

жинақты  мектеп  мұғалімдері  оқушылардың

жеке  ерекшеліктері  мен

қабілеттерін 

ескере 


отырып, 

оқытудың


тиімді

әдіс-тәсілдерінің

бар

мүмкіндіктерін қарастыру қажет. Ол үшін бір сабақтың үстінде мұғалім әртүрлі



жастағы,  ой өрісі  мен  білім  дәрежесі әртүрлі  оқушылармен  жұмыс  жүргізеді,

сондықтан ол балалардың психологиясын жақсы білуі тиіс.

Оқытудың  әдіс-тәсілдері  көп  болғандықтан,  шағын  жинақты  мектепте

қолдануға болатын бірқатар әдістерге сипаттама берілді.

Қазіргі қоғамның негізгі  талабы – оқушыларға  ақпараттық білім  негіздерін

беру,  логикалық-құрылымдық ойлау қабілеттерін  дамыту  және  ақпараттық

қоғамға бейімдеу.

Осы орайда логикалық-құрылымдық әдіс оқытудың тұтас жүйесін жобалай

отырып, алға қойған мақсатқа жетуді көздейтін педагогикалық процесс құруды,

мұғалімге  нәтижені  талдап,  түсіндіріп  бере  алатындай жүйе  таңдап, құруды

және оқушылармен  жұмыс  істеуде  кездесетін қиындықтардың алдын  алып,

түзеу  жұмыстарының жүйесін  жасауды  көздейді  Бұл әдістің негізін  академик

В.М.Монаховтың

технологиясы

құрайды.

Әдістегі 

негізгі 

объект


тақырыптық-дидактикалық модуль. Мұнда әр пакеттің өзінше қамтитын нақты

мәселелері болады [2, 3].

Логикалық-құрылымдық әдіс оқытушының бір оқу жылында пайдаланатын

әдістемелерді  жоспарлауына  көмектесіп,  төмендегідей  кезеңдер  жүзеге

асырылады:



1-кезең – нақты  технологияға  көзқарас  жүйесін (тұжырымдаманы),  оның

мағлұмат түрлері мен нақты дидактикалық модуль шеңберіндегі технологиялық

процестің соңғы қорытындысын өз құрамында  сақтайтын  «оқытудың жаңа

әдісін теориялық тұрғыдан негіздеу» деп аталатын құжаттар жинағын (пакетті)

зерттеп, дайындау;

2-кезең – «берілген  дидактикалық модуль  шеңберіндегі  технологиялық

атқару тәртібі» деп аталатын құжаттар жинағын дайындау;



3-кезең – берілген  дидактикалық модульге  сай  «мұғалімнің  әдістемелік

жабдықтары» атты құжаттар жинағын дайындау;



4-кезең – берілген  дидактикалық модульге  сай  «технологиялық жұмыс

мақсатын  іске  асырудың  қорытындыларын өлшеу әдістемесі  мен  белгілері»

деген құжаттар жинағын дайындау;

5-кезең – «оқытудың жаңа әдіс-тәсілін  меңгеру  мәдениеті»  атты құжаттар

жинағын дайындау [4].

Логикалық-құрылымдық  әдісті  аз  уақыт  ішінде  меңгеру  мүмкін  емес,  ол

мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне, әдістемелік  білім  деңгейі  мен  іс-

тәжірибесін  жүйелі қолдануына  байланысты.  Белгілі бір  дидактикалық модуль


14

бойынша  оқытуды  бірнеше  рет

қайталаған  жағдайда

ғана


мұғалімнің

әдістемелік  тұрғыдан  жетілуіне  мүмкіндік  туып,  пәнді  оқушыларға  саналы

меңгертуді жүзеге асыруға болады.

Оқытудың 

әдістері, 

формалары 

және

құралдарының



пәнішілік

интеграциясы  лексикалық, практикалық және  семинар  сабақтарын  жаңа

деңгейде ұйымдастыруды қамтамасыз  етеді,  ол үшін  мына  мәселелер  іске

асырылуы қажет:

- жеке тапсырмаларды құру және қарым-қатынас формаларын таңдап алуда

тұлғалық сапаларды есепке ала отырып, оқушылардың танымдық іс-әрекетінің

ұжымдық формаларын кеңінен пайдалану;

- ұжымдық және  жеке  оқу  іс-әрекетін  басқаруды ұйымдастыру үшін

оқушыларда сәйкес дағдыларды қалыптастыру;

-

интерактивті, 



проблемалық

оқытудың 

әртүрлі 

формалары 

мен

элементтерін



қолдану,

қазіргі  аудиовизуальды

құралдарды,  оқытудың

техникалық, ақпараттық құралдарын қолдану;

- мұғалімнің кәсіби даярлық мазмұнын жетілдіру.

Интеграциялық  әдіс-тәсілдерді  пайдалану  болашақ

бастауыш  сынып

мұғалімдерінің даярлығын жетілдіруге игі әсерін тигізеді.



Ойын әдісі белсенді  тұлғааралық  қарым-қатынас арқылы өзін-өзі  анықтау

үшін өте қажет. Әрбір  пәнді  оқыту  барысында  ойындарды  пайдалану

мұғалімдерге өздерінің іскерлік  сапалары  мен  тұлғалық  қасиеттерін  жақсы

түсінуге  мүмкіндік  береді,  себебі  ойын  арқылы өзара  іс-әрекетке  түсу  кезінде

олар әртүрлі  келісімдерді, қатынастарды  талқылайды,  іскерлік құжаттарға қол

қояды,  келіссөздер  мен  кеңестер,  мәжілістер  мен  конференциялар  жүргізеді,

т.с.с.

Ойын әдісі  оқу  процесін  белсендіру  және  жетілдіру құралы  ретінде  мына



жағдайларда қолданылады:

- оқу пәнінің ұғымдарын, тақырыптарын және тұтас бөлімін меңгеру үшін

дербес технология ретінде;

- жалпы технологияның бір бөлігі ретінде;

- сабақ немесе оның бір бөлігі ретінде;

- сабақтан тыс жұмыста дербес технология ретінде.

Ойын әдісі  педагогикалық процесті  педагогикалық ойындар  түрінде

ұйымдастыру әдіс-тәсілдерінің тобын құрайды.  Педагогикалық ойындардың

басқа ойындардан айырмашылығы – онда нақты оқыту мақсаты қойылып, соған

сәйкес педагогикалық нәтиже болады және олар нақты түрде негізделіп, бөлініп

көрсетіледі де, оқу-танымдық бағыттылығымен сипатталады [5; 6; 7].

Сыныпта оқушылар санының аз болуы «психологиялық бірсарындылыққа»

әкеледі,  ал  бұл өз  кезегінде  оқушылардың оқуға  деген қызығушылығын

төмендетіп,  олардың енжарлығын  тудырады.  Мұндай  бірсарындылықтан қашу

үшін  мұғалім  шағын  топтар  жұмысында  ойын  және  тренинг әдістерін

қолданады.



Тренинг әдісі қарым-қатынас  жасау  барысында  мұғалімнің тұлғааралық

және 


кәсіби 

мінез-құлқын 

жетілдіруді 

көздейді. 

Бұл 

технология



15

ынтымақтастықта оқытуға бағытталып, «жай ғана бір нәрселерді бірге орындап

қана қоймай,  бірге  оқу»  идеясын  да  іске  асырады.  Мұнда  оқып-үйренетін

тақырып  (проблема)  бойынша  жұмыс  істеу  барысында әр  топ  (команда)

мүшесінің басқа  топ  мүшелерімен үнемі өзара әрекет  жасау арқылы өздігінше

жұмыс істеуінің нәтижесінде қол жеткізген белгілі бір «топтық мақсатқа» және

барлық топтың жетістігіне ерекше көңіл аударылады [8].

Тренингтің негізгі талаптары:

- топта кез келген басқа серіктестермен өзара әрекетте болу;

- берілген тапсырмаға жауапкершілікпен қарап, белсенді жұмыс істеу;

- серіктестерімен сыйлы қатынаста болу;

- өз  жетістіктеріне қарап,  барлық серіктестерінің, топтық жетістіктеріне

жауапкершілікті сезіну;

- топта бірлесіп жұмыс істеу – бұл күрделі және өте жауапкершілікті еңбек

екенін толығымен саналы мойындау.

Тренинг технологиясын пайдалануда оның ерекшеліктерін білу қажет:

- топ мүшелерінің бір-біріне өзара тәуелділігі;

- әрбір  топ  мүшесінің және  жолдастарының жетістіктері үшін  жеке

жауапкершілігінің болуы;

- бірлескен  оқу-танымдық, шығармашылық және  топтағы  басқа  да  жұмыс

түрлерінің болуы:

- топтағы оқушылардың іс-әрекетін әлеументтендіру;

- топ жұмысын жалпы бағалау.

Осы  ерекшеліктеріне  байланысты  тренинг  технологиялары үш  негізгі

принципке сүйенеді:

- барлығына  ортақ марапат,  яғни  топ  бірлесіп әрекет  етуі  нәтижесінде

барлығына ортақ бір бағаға ие бола алады;

- әрбір  топ  мүшесінің жеке  жауапкершілігі,  яғни  топтың жетістіктерге  ие

болуы немесе болмауы оның әрбір мүшесіне байланысты;

- жетістікке  жетуде әрбір  топ  мүшесінің бірдей  мүмкіндіктері,  яғни әрбір

топ мүшесінің өз тобына ұпай әперу мүмкіндігі бар.

Жалпы, тренинг интерактивті оқыту әдісіне жатады, оның бастауыш сынып

мұғалімдерінің  ғылыми  ойлау  стильдерінің  қалыптасуына, қарым-қатынас

жасау  біліктерін  дамытуға,  тілдік қорын  байытуға,  ой-өрісін  кеңейтуге әсері

мол.

Тренинг  барысында  «әр  адамның  өз  пікірі  бар, әркімнің идеясы қашан  да



«дұрыс» қағидасына  сүйеніп,  оқушылардың шығармашылықпен, өздігінше

жұмыс  істеуіне  мүмкіндік  беріледі.  Мұның  өзі  оқушылардың пікірлерін еркін

айтуға және танымдық белсенділіктерін арттыруға септігін тигізеді.

Аталған  жаңа  педагогикалық  әдіс-тәсілдердің басқа  келешегі  мол «кейс-



стади» (нақты оқу жағдаяттарын пайдалану арқылы оқыту), рефлексия (өзін-өзі

тану, өзіне-өзі  баға  беру әдісі  және  оқушылардың оқу  материалын  белсенді

қабылдауын қамтамасыз ететін педагогикалық технология), жобалау әдістерін

қолдану арқылы оқыту технологияларын ерекше атап өтуге болады [8].



«Кейс стади» әдісін іске асыру мынадай кезеңдерді қамтиды:

16

1-кезең.

Жағдаят  жазылған  мәтінді  оқи  отырып,  оқушы

өздігінше

проблеманың мәнін түсінуге, жағдаятты бағалау үшін өз ұстанымын анықтауға,

сұрақтарға  жауап  ойластыруға  және  проблеманы  шешудің нақты  жолдарын

табуға тырысу керек.



2-кезең. Шағын  топта  жұмыс  істеу.  Оқушылар  шағын  топтарда  (4-6  адам)

кейстің негізін құрайтын  проблемалар  шеңберінде  пікір  алмасады,  диалогтік

қарым-қатынас  және  консенсус әдістері  арқылы  проблеманы  бірлесіп  шешеді.

Бұл  кезеңде  «брейнсторминг»  (ми  шабулы), диалог  және  полилог,  дискуссия,

сөз таластыру болуы мүмкін. Топтық талқылаудан кейін проблеманы шешудің

жолдарын баяндауға қабілетті санаткер көшбасшылар айқындалады.

3-кезең. Жалпытоптық талқылау  мұғалімнің басшылығымен өткізіледі.

Ереже бойынша әрбір топ жағдаятта баяндалған проблемалар шеңбері негізінде

өз  көзқарастарын  айтады.  Талқылаудың ерекшелігі – мұғалім  жауаптарға

сапалы  баға  бермейді, әрбір  айтылған  пікір өзінше қабылданады.  Жағдаятты

талдау  процесі  мұғалімнен  кең ой-өрісті,  тіл  табыса  білу қабілетін,  бірнеше

ұқсас  пәндерден  білім  кешенін,  пікірталасты  жүргізу  техникасын  меңгеруді

талап етеді [8, 9].

«Кейс  стади»  технологиясын  кез  келген  пәнді  оқыту  барысында қолдануға

болады.  Нақты  жағдаят  нақты  дұрыс  немесе  дұрыс  емес  жауапқа  ие  бола

алмайды, ол  тек  оқу  материалы қызметін  атқарады,  сол  арқылы  оқушылар

талдауға, сөз сөйлеуге, пікір таластыруға, өз ойларын негіздеуге үйренеді.

Рефлексия оқытушының педагогикалық  әрекетінің табыстылығы  мен

тиімділігіне өзіндік диагностика  жасау әдісі, белгілі  бір  педагогикалық

құбылыс пен өмірлік жағдаятты еппен сезу құралы болып табылады.

Рефлексия әдісін меңгерудің негізгі шарттары мыналар:

- педагогтің өз жұмысын толығымен беріліп істеуі;

- өзінің ішкі даусын «қоса білуі»;

- өз әрекеттерін өзінше  талдауға  және  оған  психологиялық даярлығы

болуы;


- педагогикалық іс әрекеттің нәтижелеріне жауапкершіліктің болуы;

- кәсіби шебер болуға тырысуы;

- ішкі әлемінің  (қырағылық,  қарапайымдылық, т.б.)  белгілі  бір  деңгейде

дамуы;


- сырттан  алынған  вербалды  және  вербалды  емес  ақпараттарды  білу  және

мәнін түсіну.

Рефлексия кезеңдері мынадай алгоритм түрінде беріледі:

1. Педагогтің санасына жағдаятты, аудиторияның, жекеленген адамдардың,

педагогикалық

процеске 

немесе 

коммуникацияға



қатынасушылардың

реакциясын бағалауға мүмкіндік беретін минуттық «тоқта» белгісі.

2. «Мен не істеп жатырмын?», «Осы сәтте не болып жатыр?», «Қалай істеу

керек?» деген ойлардың жұмысын «іске қосу».

3. Өзінің санаткерлік, эмоциялық жағдайына және қарым-қатынас бойынша

серіктестерінің жағдайына баға беру.



17

4.  Инсайт  (аяқ астынан  шешім қабылдау,  «қалай  екенін  ...  білемін, әзірше

білмеймін,  бірақ ойланып  тұрмын  ...»  деген  сияқты  күтпеген  шығармашылық

ойлардың туындауы).

5.  Шешім қабылдау  (педагогикалық процесте – сөйлеу  мәнері  мен

қарқынының, пікір  сипатының, жұмыс  формасының,  жүріс-тұрыстың, бет

әліпетінің өзгеруі).

6. Педагогикалық импровизация [8, 10].

Шағын  жинақты  мектептер  жұмысында  оқытудың көптеген әдіс-тәсілдері

ішінде жобалау әдісі ерекше  орын  алады.  Бұл әдіс  біріктірілген  сыныптардың

аражігі білінбей, екі сабақтың мазмұны тұтасып кететіндей етіп ұйымдастыруға

көмектеседі.  Бұл  жерде  айта  кететін  жайт,  мұғалім  мен  оқушы  тең дәрежеде

болуы  керек.  Ол үшін  оқушылардың бойында өзіндік  жұмыс  істеу қабілеттері

болуы  тиіс.  Ал  бұл  талаптардың бәріне  соңғы  жылдары  мектептерде  кең

қолданылып жүрген жобалау әдісі жауап береді.

Жобалау әдісі  оқушылардың танымдық, шығармашылық  қабілеттерін

дамытуға, өз  бетінше  ізденуге,  ақпараттық кеңістікке  бейімделу  білігіне

негізделген.

Жобалау әдісі, педагогикада  жаңа құбылыс  емес.  Бұл әдіс  отандық және

шетелдік дидактикаларда қолданылып келді. Бастапқыда оны мәселелерді табу

әдісі  деп  атады. Көптеген ғалымдар  оқытуды  оқушының белсенді әрекетіне

құру керек дегенді пікірде болды.

Жобалау әдісі  оқушылардың  өзіндік әрекетіне  (жеке,  жұптық, топтық)

бағытталған. Бұлайша келу ынтымақтастықта оқыту әдісімен үйлеседі. Бұл әдіс

қандай  да  бір  мәселені  шешуді  көздейді.  Жобалау әдістерін қолдану  арқылы

оқыту  технологиясынан басқа да әдістерді толықтыру  ретінде  пайдаланудың

қолайлы екендігін мамандар дәлелдеп отыр [8, 11].

Жоба, негізінен, пәнаралық сипатқа  ие  болып,  білімнің  әр  саласынан

ақпаратты  байланыстырып  тұрады.  Сондықтан

ғалымдар  мұғалім  мен

оқушылардың  әрекетінің реті  мен құрылымын  бөліп  көрсетеді.  Мысалы,

төмендегідей жобалау әдістерін қолдану мүмкіндігін көрсетейік.



1-кезең – жобаны  дайындау. Тақырып  пен  мақсатты  анықтау.  Бұл  кезеңде

оқушылар  пәнді  мұғаліммен  бірге  талқылай  отырып,  ақыл-кеңес  алуы,  соның

негізінде  мақсатты  айқындауы қажет.  Ал  мұғалім  зерттеудің келешегін  ашып

көрсете  отырып,  оқушыларды  жігерлендіреді,  ақыл-кеңес береді.  Соның

нәтижесінде тақырып пен мақсатты айқындайды.

2-кезең - жоспарлау. Осы  тақырып  бойынша  оқушылардың ақпарат  көзін,

ақпаратты  жинау  және  талдау  тәсілдерін,  есеп  беру  формаларын,  нәтижелер

мен  процесті бағалау өлшемдері  анықталады, рөлдерді  (ақпаратшы,  зерттеуші,

хатшы, редактор, баяндамашы, референт, эксперт, т.б.) бөледі.

Оқушылар

өзінше  жоспар

құрып,  міндеттерді  анықтайды.  Мұғалім

тарапынан  түзетулер  енгізіліп,  идеялар ұсынылады,  нәтижені  болжау  жүзеге

асырылады.

3-кезең – зерттеу. Мұнда оқушылар берілген тақырып бойынша ақпараттар

жинап, қойылған  міндеттердің шешімін  табу үшін әрекеттер  жасайды.



18

Мұғалімдерінен 

сұхбат 

алады,  сауалнамалар, 



бақылаулар 

жүргізіледі,

анықтамалық,  ғылыми-педагогикалық  әдебиеттермен  жұмыс  істейді,  яғни

оқушылар  аралық міндеттерді  шеше  отырып,  проблема  бойынша  зерттеулер

жүргізеді.  Мұғалім  тарапынан үнемі  бақылау  жасалынып,  керегінше  көмек,

ақыл-кеңес беріліп отырады.



4-кезеңде

зерттеу 

нәтижелерін 

жинақтау

ақпаратты 

талдау,

қорытындылар құру және шығару жүзеге асырылады.



5-кезеңде оқушылар  шығармашылық есеп  береді,  нәтижелерді ұсынады.

Есеп  беру  барысында  ауызша және қосымша  баяндамалар  жасалынады,

рефераттар қорғалады, қабырға  материалдары  дайындалады,  кітапша, қаттама

шығарудың нәтижесінде жазбаша есеп беріледі, т.с.с.



6-кезең



нәтижелер  мен  процеске  баға  беру.  Мұғалім  жобаға

қатынасушылардың рейтингісін анықтауға қатынасады. Олардың пікірін ескере

отырып,  келешекте  зерттеулер  жүргізуге,

әсіресе  зерттеушілік

қабілеті

болашағынан үміт күттіретін оқушыларды жігерлендіреді.

Бұл әдісті  кез  келген  пәнді  оқыту  барысында қолдануға  болады.  Ең

бастысы, олар жобалау әдісінің мынадай негізгі талаптарына жауап беруі тиіс:

- зерттеушілік,  шығармашылық

тұрғыдан  алғанда  неғұрлым  мәнді

проблемалардың-міндеттердің болуы;

- алынатын нәтижелердің практикалық, теориялық, танымдық мәні;

- оқушылардың өзіндік (топтық, жұптық, жеке) әрекеті;

- жобаның мазмұндық бөлімін құру;

- зерттеу әдістерін  (проблема  мен  одан  туындайтын  зерттеу әдістерін

талқылау,  соңғы  нәтижелерді  рәсімдеу,  алынған  мәліметтерді  талдау,

қорытындылар шығару) таңдап алу және пайдалану [8, 12].

Л.В.Занковтың пікірінше,  оқытудың  қандай әдісі  болмасын,  оқушының

жалпы  рухани  дамуын қамтамасыз  етуі қажет.  Жоғарыда  айтылғандар

ойдағыдай ұштасса,  балада  оқуға  деген  белгілі  жағымды  оқу әрекеті

қалыптасады.  Мысалы, үздік  оқитын  бала  мен үлгермейтін  баланың оқу

әрекетінде елеулі психологиялық айырмашылықтар бар.

Үздік оқитын  балалар  оқу  міндеттерін  шешуге  белсене  кірісіп, қалайда

мақсатқа  жетудің тиімді  тәсілдерін  ізденуге  тырысса, үлгермейтін  балалар

мұндай жағдайда өздерін енжар ұстап, қиындықтардан жалтаруға даяр тұрады,

оларды 


шешуге 

күш 


жұмсамай, 

жеңіл


құтылғысы 

келеді. 


Оқуға

үлгермейтіңдердің бәріне тән ортақ қасиеттер бар, олар: өздігінен оқу әрекетін

және  жалпы  психикалық процестерін  (зейін,  есте қалдыру,  ойлау  және  т.б.)

дұрыс ұйымдастыра және басқара алмайды.

Шағын жинақты мектептің білім беру процесінде мұғалім жоғарыда аталған

оқытудың  әдіс-тәсілдерін өзгертіп,  жандандырып,  кәсіптік  даярлықтарына

қойылатын талаптар деңгейін көтергенде ғана оқу тиімді болмақ.


19



Біріктірілген  сыныптарда 

пәндерді 

оқытуда  біртақырыптық

сабақтарды ұйымдастыру және өткізу әдістемесі

Пәндерді 

оқытуда 

біртақырыптық

сабақтардың

педагогикалық

мақсаттылығы  сабақты  тиімді ұйымдастыруға,  сабақ уақытының көп  бөлігін

сынып  оқушыларымен әңгімелесуге, өзіндік  жұмыстар ұйымдастыруға,  оны

басқаруға  және  уақытында қажетті  көмек  беруге  мүмкіндік  береді.  Шағын

жинақты  мектептің

біріктірілген  сынып  оқушыларына

өткізілетін  сабақ

құрылымының басты  ерекшелігі – әрбір  сабақта  оқушылардың  өздігінен

орындайтын жұмыстары міндетті түрде болуы тиіс.

Оқу үдерісі  екі  жақты үдеріс  болғандықтан,  оқушылардың  өзіндік  жұмысы

міндетті түрде мұғалімнің басшылығын, сонымен жасайтын әрекетін керек етеді.

Осыған  байланысты  белгілі  педагогтер  мен  психологтер  оқушылардың  өзіндік

жұмыстарының негізгі  ерекшелігі  олардың ықыласы  мен өз  еркімен әрекет

жасауына байланысты деп санайды.

Өзіндік 


жұмысты

ұйымдастырғанда, 

оқытушы 

оқушылардың

дара

ерекшелігін ескеріп, соған қарай беретін тапсырмаларды өзгертіп отырғаны жөн,



орындалған жалпы жұмыстың қорытындысын, қалай қорытқанын тексеру керек.

Өзіндік  жұмыстарды ұйымдастыру үшін,  мұғалім  мынадай үш  жағдайды

ескерген жөн:

1. Оқушылардың  өзіндік  жұмысының мазмұнын  анықтау  (берілетін  білім

және оның міндеттері).

2. Өзіндік  жұмысты ұйымдастырудың жоспарын  жасау, қолданылатын

амал-тәсілдерді белгілеу.

3. Оқушыларға  жұмысты  ойдағыдай аяқтауға  бағыт  беріп  көмектесу

(жұмыстың барысына жүйелі басшылық ету, тиісті түзетулер жасап отыру).

Мұғалімдер  бір  сабаққа  2-3 өзіндік  жұмыс қосады.  Осыған  байланысты

оқушылардың

бәрінде  жұмыс  істеу

қарқыны

әртүрлі  екенін  ескеріп,



тапсырмаларды алдын ала тақтаға немесе карточкаларға жазу қажет. Осы жерде

баспадан  шыққан  жұмыс  дәптерлерінің  (оқушылардың  өзіндік  жұмысына

арналған) көмегі зор екенін айта кеткен жөн.

Өз бетімен жұмыс мұғалімнің ұйымдастыруымен дидактикалық мақсаттарды

орындаудағы  оқушының кез  келген  белсенді қызметін  көрсетеді.  Яғни  арнайы

берілген  уақытта  оқушының материалды  игеруі,  оны  түсінуі,  бекітуі,  білім  мен

білік дағдыларының дамуы мен қалыптасуы. Өз бетімен жұмысты ұйымдастыру

формасы:


фронталды жұмыс;

жеке жұмыс;

топпен жұмыс.

Өз бетімен жұмыстың негізгі түрлері:

оқулықпен, ақпарат құралдарымен  жұмыс;

жаттығулар;

практикалық және лабораториялық жұмыстарды орындау;

өзіндік, бақылау жұмыстары, диктант, шығарма;



20

тәжірибе, бақылаулар және т.б.

Біріктірілген  сыныптарда  пәндерді  оқытуда  көбінесе  біртақырыптық

сабақтар өткізуге  келмейтіндіктен,  мұғалімнің басқаруымен  оқушылардың

жұмыс 

уақытын  арттырудың



басқа  мүмкіндіктерін

қарастыру

қажет.

Біріктірілген  сыныпта  осындай  мүмкіндіктердің бірі – фронтальды  жұмыстар



жүргізу.  Бұл әрбір  сыныпқа  арналған  бағдарлама  материалдары  ескеріліп,  бір

мезгілде барлық сыныптарға қатар жүргізіледі.

Мұғалімнің оқушылардың оқу әрекетін  фронтальды ұйымдастыруы  барлық

оқушылардың іс-әрекетінің бірлікте  болуын қарастырады,  яғни  оқушылардың

әрқайсысы  тапсырманы  бірге  орындайды,  жұмыс  бәріне  ортақ, барлық сынып

талқылайды,  нәтижені  салыстырады,  жинақтайды.  Бұл  тәсіл  оқушылар  мен

мұғалім арасындағы сенімді нығайтып, ұжымдық сезімді тәрбиелейді, пікірлерді

талқылауы  ширайды,  басқаның пікірін өзінің ой-түйіндерімен  салыстырады,

қателерін  табуға  жаттығады.  Мұғалімге қойылатын  басты  талап  оқушылардың

жақсы  айтылған  ой-тұжырымды  дәл  таба  білуі,  оны  алдын  ала  болжауы,  оқу

жағдаятын  туғызуы,  сабақтың

міндеттеріне  жауап  іздеуі;

әр  оқушыны

ықыласпен  таңдауы,  оны  мәдени  тұрғыда қолдауы,  сонымен  бірге қажетті

сәттерде түзетулер енгізуі, әр оқушының мүмкіндігіне жол ашу.

Фронталды  оқытуды ұйымдастыру  проблемалық, ақпараттық, түсіндірмелі

суретті  мазмұнда  және  репродуктивті,  шығармашылық тапсырмалармен  келуі

мүмкін.  Мұнда  шығармашылық негізге құрылған  тапсырма  бірнеше  шағын

тапсырмаларға 

бөлінеді, 

жұмыстың

бұл 


түрі 

барлық


оқушылардың

белсенділікпен  жұмыс  істеуіне  жағдай  туғызады.  Бірақ, сабақтың бұл  түрінде

көптеген  кемшіліктер  бар,  жұмыс  барысында  оқушылардың білім  деңгейі

әртүрлі болғандықтан, өз  мүмкіндігіне қарай  білімін  арттыра  алмайды,  бәрінің

білімі бір мөлшерде оқшауланбайды, әсіресе үлгерімі нашар оқушыға мұғалімнің

көмегі үнемі қажет болса, ал қабілеті өте жоғары оқушыда уақыт артық қалады.

Сол  себепті  сабақтың тиімділігін арттыру үшін  сабақтан  басқа  түрлері  де

пайдалану керек.

Жеке  жұмысты ұйымдастыруда әр  оқушының  өзіндік  іс-әрекеті,  жеке

қабілеттері  ескеріліп,  оған  арнайы  дайындалып,  оқу  мүмкіндіктері  алдын  ала

есепке  алынады: әдебиеттермен,  анықтамалармен, энциклопедиямен  жұмыс

міндетін шешу, шығарма әзірлеу, реферат жазу.

Жеке  жұмысты ұйымдастыру  барысында  екі  түрлі  тапсырма  орындалады:

жеке  және  жекелендіру.  Біріншісінің ерекшелігі:  оқушы  алдымен  барлық

сыныпқа  берілген  тапсырманы  орындайды,  басқа  оқушымен қарым-қатынасқа

түспейді,  бірақ жұмыс қарқыны  бәріне  бірдей.  Екіншісінің ерекшелігі:  оқушы

арнайы  тапсырманы  орындауда өзінің танымдық оқу  іс-әрекетін  мөлшерлейді,

атап  айтсақ,  әр  оқушы өзінің оқу әрекетіне қарай  жұмыс қарқынын  белгілейді.

Жеке  жұмысты  сабақтың барлық кезеңдерінде  жүргізген  жөн  және  оны  бекітіп

отыру  көзделеді,  мұның  өзі  оқушының бұрын  меңгерген  білімдерін, қабілетін,

дағдысын  жетілдіріп  отыруына  ықпалы  зор,  сол  секілді  бақылау үшін  зерттеу

әдісін меңгеруге жол ашады. Сабақтың бұл түрі оқушылардың өзіндік іс-әрекетін

тәрбиелейді,  жинақылыққа, ұшқырлыққа, өзінің мақсатын  айқындауға  таба

білуге  бағыттайды,  бірақ бұл  сабақта  оқушылардың  қарым-қатынасы  шектеулі,



21

оны ұжымдық жұмыстың түрімен  толықтыруға,  топтық жұмыс ұйымдастыруға

болады.

Топтық жұмысты  оқушылардың оқу  еңбегін ұйымдастыру  негізінде құруға



мыналар жатады:

оқу міндетін анықтау үшін сынып екі топқа бөлінеді;

әр  топ  берілген  тапсырманы  орындайды  (бірдей,  не  саралап,  не  болмаса

даралап  берілген),  топ  ішінен  шыққан  топбасының

немесе  мұғалімнің

басқаруымен өтеді;

топтың

енгізген 



жаңалығына 

орай 


тапсырмалар 

іріктеледі;

топтың  құрамы  сабақтың мазмұнына қарай өзгереді;  ең жоғары  деңгейдегі

оқушының мүмкіндігін ескеру қарастырылады;

топтың және құрамның  әр  түрлі  деңгейлікке  орай  оқушылардың

қауымдастық құрамы сұрыпталады және мұның өзің оқушыларға байланысты.

Сабақтың топтық жұмыс  түрінде  оқушы  саны  көбейеді  және  жеке  жұмыс

барысында  оқушыға  не  топ  басшысының, не  мұғалімнің көмегі қажет  болып

отырады  (фронтальды  және  жеке  жұмыс  кезінде  мұғалімнің оқушыға  көмек

беруі қиындай  түседі,  сондықтан  олар өзіндік  жұмысқа  көшкенге  дейін  кезек

күтуге мәжбүр).

Топтық жұмыс практикалық жұмыстарды зертханалық және жаратылыстану

ғылыми  тақырыптардағы  практикалық жұмыстарды,  сондай-ақ шет  тілдерді

меңгеруде, ауыз  екі  сөйлеуде  тілді  дамыту  бағытында  және  еңбек  сабақтарын

өткізгенде өте  тиімді.  Жұмыстың бұл  түрінде ұжымдық талқылау қолданыла

отырып, өзара  кеңес  беріп, өлшемдік  параметрлері  күрделеніп, өздік  жұмыс

тиімділігі жағынан бұрынғыға қарағанда жақсара түседі.

Білімнің  қай  түрі  болсын  оқушының шығармашылық  қабілетін  арттыру

мүмкіндігін қарастыру керек. Осы тұрғыдан алғанда, шағын жинақты мектептің

артықшылықтары әр оқушының жеке қабілеттерін дамытуға мүмкіндік жасайды.

Бүгінгі  озық технологияларының  өзі ғылымға  сыйымды  жаңа  жүйені құруда

іріктеуді,  белгілі  бір  пәннен  игерген  білімі  таңдаулы  болуды, құрғақ біліп қана

қоймай, өз  бетімен қорытынды  жасауды қажет  етеді.  Шағын  жинақты  мектеп

сыныптарында  оқушы  санының аздығы,  бір  жағынан,  оларды  даралап  оқыту

мүмкіндігін ұлғайтса,  екінші  жағынан, ұжымдық іс-әрекет  жасау  оқушылардың

сөйлеу қабілеттерін дамытады. Сондықтан жаңа сабаққа байланысты жаттығулар

мен  тапсырмаларды  жас  ерекшеліктеріне қарай әрбір  сыныпқа  лайықтап,

саралап, әрқайсысына жеке орындату көзделеді.

Шағын жинақты мектеп оқушыларының ауызша және жазбаша сөйлеу тілін

қалыптастыру  және  дамыту  мәселелері  басқа  оқу  пәндерінің сабақтарында  да

шешілуі мүмкін. Барлық пәнді бір мұғалім жүргізетіндіктен, оның шешімі оңай.

Сөйлеу тілін қалыптастыруға және дамытуға көмектесетін негізгі талаптар –

тілді  дұрыс қолдану  (екпін қою,  ырғағы,  т.б.),  ауызша  сөйлеуге  дайындау

тәсілдері  (сұрақтар құру,  тірек  сөздерін  іріктеу,  жоспар құру,  т.б.),  монологтік

сөйлеу тілінің құрылымдық формалары (түсінгенін айту, хабарлау, әңгімелеу).

Сыныпта  оқушылардың саны  аз  болуы  мұғалімге әрбір  оқушының

танымдық, білімдік өсуін  жете  зерделеуге, қабілет-қарымын  ашуға  бағытталған

жұмыс жүргізудің ыңғайлылығы, ұжымдық жұмыс істеуге дағдылану үшін орта



22

қалыптастырудың  қолайлығы.  Мұғалім  осы  мүмкіндіктерді қолдану  керек.  Осы

орайда  оқушыларды  саралап  оқыту  оқу  жұмысының жеке  формасы  ретінде

біріктірілген сыныпты оқытудың барлық процесінде қолдануға болады

Сабақтағы  біртақырыптық кезеңдерде  жағдаяттық тіл  жаттығулары,  сөздік

жұмыстары,  диалог  және  жоспар

құру,  түрлі  дидактикалық

ойындар


ұйымдастыруға  болады.  Бұл әдіс  оқушылардың ауызша  сөйлеу қабілетін

дамытуға,  сенімсіз  жағдайда  психологиялық кедергіні  жеңуге  көмектеседі.

Осылардың барлығы  оқушылардың ауызша  сөйлеу  тілін  дамытудың тиімді

құралдарының бірі екендігін көрсетеді.

Жағдаяттық жаттығуларға  нақты  ортада  айтылатын  жағдаяттарға  жақын

оқушылардың нақты  сөйлеу  тілін  тудыратын  оқу-тіл  жағдаяттары  жатады.

Жағдаятты  іске  асыру  оқушының нақты  жағдайда әрекет  ететін  тұлғаға

айналуын  талап  етеді.  Арнайы  жағдаяттық тапсырмалар  бойынша қажетті

жағдайлар құру  шығармашылық  өзіндік  жұмыстарда  шешіледі.  Оқытылатын

тілдің практикалық жағын  меңгеру  міндеттерін  шеше  отырып,  сөйлеу  тілін

өмірлік қажетті жағдаяттарда құру керек.

Уақыт аз кететіндіктен, ойындар сабақта тілдік орта құруға қолайлы. Әдетте

аталған 

жұмыс 


сабақтың

тақырыбына 

байланысты 

және 


сабақтың

біртақырыптық кезеңінде өткізіледі.  Ойынға  арналған  лексика  бағдарлама

тақырыптарына  сәйкес  таңдалады.  Ойын  элементтері  сабақты қызықты  етеді,

өйткені  оқытудың бастапқы  кезеңінде  оқушылар үшін  ойын  сабаққа қарағанда

күнделікті іс-әрекет. Ойынды бір сыныпта сөздерді меңгерту, ал екінші сыныпта

бекіту  және қайталау  мақсатында қатар  және  сынып  арасында өткізуге  болады.

Мұндай 

ойындарды 



оқушылардың

сөйлеу


қажеттіліктері 

туындағанда

ұйымдастыруға болады.

Алдымен  ойынның шарты  түсіндіріледі  және  мұғалімнің басқаруымен

жүргізіледі.  Кейін  оны  жоғары  сыныптың көмегімен ұйымдастыруға  болады.

Тәжірибе көрсеткендей, әрбір сабаққа 1-2 ойын қосып отырған тиімді. Сыныпта

оқушылардың аз болуы дидактикалық ойындарға белсенді қатысуына мүмкіндік

береді.  Мысалы, қазақ тілі  және әдебиеті  сабақтарында  сөздікті  жазу үшін  бір

мезгілде мынадай жұмыстар жүргізуге болады:

1. Мұғалім бір сыныпқа бір сөзді, екінші сыныпқа басқа сөзді айтады.

2. Суретті сөздік.

3. Перфокартаны қолдану.

4. Түсірілген әріптері бар карточкаларды қолдану.

5. Сөздік арқылы тексеру (бірін-бірі тексеру).

6. Түсірілген дауысты немесе дауыссыз әріптерді қойып, сөздік жазу.

7. Тақта,  карточкада  жазылған  сөздердің басы  немесе аяғы  бойынша

жалғастырып жазу.

8. Қатемен жұмыс.

9. Сөздерді тауып, еске түсіріп, белгілі тақырып бойынша мәтін құру.

10. Мәтіннен сөздікке жазылатын сөздерді табу.

11. Түбірлес сөйлемдер ойлап табу.

12. Дыбыстан гөрі әрпі көп сөздік сөздерді табу.



23

Әдебиет – бар білімнің іргетасы ретінде оқушылардың ақыл-ой қабілеттерін

дамытуға негіз болатын пән. Әдебиеттің көркем мазмұны, тақырыптық-идеялық

сипаты  еркін  ойлауға  бастайды.

Әдебиетті  оқытудың

басқа  пәндерден

артықшылықтары да бар. Ол – рухани қалыптың жалпылық түсініктілігі, ұлттық,

адамзаттық мұраттардың ортақтығы. Әдебиеттегі  материалдарды  игертуде

оқушыларға қойылатын талап – көркем шығарманы талдау.

Әдебиетті  сатылы  талдау  мен  деңгейлеп ұсыну  оқушылар үйренген,

қалыптасқан  тәсіл  ретінде  де  жұмыс  істеуге  жеңіл.  Шығарма  мен мазмұндама

жазуға төселдіру үшін көркем шығарманы бірлесе оқу, талдау өнімді әдіс болып

қала береді.

Шағын  жинақты  мектептің оқу үдерісінде  оқушылардың  өзін-өзі  бағалауы,

яғни өз  іс-әрекетін қорытындылауы  тиімді  болары  сөзсіз.  Біріншіден,  мұғалім

уақыты


үнемделеді.  Екіншіден,  оқушылардың  өзін-өзі  бағалауы,

өзінің


мүмкіндіктерін  білуі,  орындалған  жұмысты  жүйелеуі  және  түзетуі,  іс-әрекет

бағытын  анықтауы,

өзіне  талап

қойғыштық

сияқты  бағалау  белгілері

қалыптасады.

Оқушылардың  өздігінен  орындайтын  жұмысты  еркін әрі ұзақ істеуі

нәтижесінде өзін-өзі  басқару,  шығармашылыққа  талаптану, өз  күшіне сену

сияқты психологиялық қасиеттері нығая түседі.

Жеке  тұлғаның  өзіндік қасиеттерін  білуде өз  мүмкіндіктерін  дұрыс

пайдалана  отырып,  іс-әрекет  бағытын  анықтау  және орындалған  жұмысты

жүйелеу, қорытындылау, өз  тұжырымын  жасау  арқылы  нәтижеге  жетуі

анықталады.

Физика  пәні  бойынша  міндетті  негізгі  және  орта  (толық)

білім

бағдарламаларын талдауда әр жастағы топтар үшін тақырыптармен жұмыс істеу



мүмкіндігі айқындалды (2-кесте).

2-кесте – Бағдарламаларды талдау көрсеткіші

р/н

Тақырыптар



Сыныптар

7

8



9

10

11



1

Механикалық  қозғалыс.  Салыстырмалық  қозғалыс.

Санақ жүйесі.  Материялық нүкте. Қозғалыс  траек-

ториясы. 

Бірқалыпты 

және 


бірқалыпты 

емес


қозғалыстар.  Жылдамдық. Бірқалыпты  емес қозғалыс

кезіндегі орташа жылдамдық.

+

+

+



2

Механикалық тербелістер. Амплитуда, период, жиілік

тербелістері. Механикалық толқын. Толқын ұзындығы

(механикалық және электромагниттік толқындар).

Дыбыс.

+

+



3

Денелердің  өзара

әрекеттесуі.

Инерция.


Дененің

массасы.


+

+

+



4

Табиғаттағы  күштер: тартылыс  күші, үйкеліс  күші,

серпімділік күші. Бүкіләлемдік тартылыс заңы.

+

+



+

5

Жұмыс және қуат



+

+

6



Кинетикалық

энергия. 

Потенциалдық

энергия.


Энергияның сақталу заңы

+

+



+

+


24

7

Жай механизмдер. Тепе-теңдік шарттары. ПӘК.



+

+

+



8

Қысым.  Атмосфералық  қысым.  Гидростатикалық

қысым.

+

+



9

Заттардың дискреттік құрылымы. Заттардың  үздіксіз

және ретсіз қозғалысы. Броундық қозғалыс. Диффузия

+

+



+

10

Заттардың бөлшектерінің  өзара әрекеттесуі. Газдың,



сұйықтың және қатты  денелердің модельдері.  МКТ

негізгі ережелері

+

+

+



11

Заттың тығыздығы

+

+

+



12

Ішкі энергия. Температура. Жылу берілу

+

+

+



13

Ішкі  энергияның  өзгеру  түрлері. Термодинамиканың

бірінші заңы

+

+



14

Жылу 


мөлшері.

Заттың


меншікті 

жылу


сыйымдылығы.  Жылулық процестерде  энергияның

сақталуы


+

+

15



Булану  және  конденсация.

Сұйықтың  қайнауы.

Ауаның ылғалдылығы

+

+



16

Қатты  денелердің балқуы  және қатаюы. Заттың

агрегаттық

күйлерінің  өзгеруі

энергияның  қайта

өзгерісі


+

+

17



Жылу балансының теңдеуі

+

+



18

Жылу


қозғалтқыштары.

Жылу 


процестерінде

энергияның қайта өзгерісі

+

+

19



Денелердің электрленуі. Электр  заряды. Зарядтардың

өзара әрекеттесуі. Электр  зарядының түрлері. Электр

зарядының сақталу заңы

+

+



20

Электр өрісі. Электр өрісінің электр  зарядына әсері.

Өткізгіштер, диэлектриктер, шалаөткізгіштер

+

+



21

Тұрақты  электр  тогы.  Ток  күші. Кернеу.  Кедергі.

Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы. Джоуль-Ленц заңы.

+

+



22

Магниттердің  өзара әрекеті.  Магнит өрісі.  Магнит

өрісінің күш  сызықтары. Тогы  бар өткізгіштердің

өзара әрекеті. Электр  зарядтарына  магнит өрісінің

әрекеті. Электрқозғалтқыштар

+

+



+

23

Жарықтың бір  түзу  таралуы. Жарықтың сынуы  және



шағылысуы. Жазық айна. Линзалар

+

+



24

Атом


құрылысын  зерттеу  тәжірибелері  туралы.

Атомның планетарлық моделі. Атом ядросы

+

+

+



25

Атом энергиясын қолдану

+

+

+



7-8-сыныптарда  көрсетілген  тақырыптар  жаңа  материал  ретінде өтіледі.

Мұғалім  9-11-сынып  оқушыларын  ақыл-кеңесші  ретінде  жаңа  материалдарды

игеруді

ұйымдастырған  кезде  бақылау,  тереңдету,  жалпылау  және  оқу



материалын қайталауда тартуға болады.

25

Мұғалім  жаңа материалды  меңгерту  алдында  жоғары  сынып  оқушыларын

жұптық  (бірін-бірі  тексеру)  оқыту әдістемесі  арқылы  тексеріп,  содан  соң

оқушылармен  ортақ жұмыс  жүргізеді.  Ол үшін әр  сынып  оқушыларына  алдын

ала дайындалған үлестірме карточкалар беріледі (3-кесте).

3-кесте – Әр жастағы топпен жұмыс істеу карточкасының үлгісі

7-сынып

9-сынып


10-сынып

Ауырлық


күші

(анықтамасы, түсу

нүктесі,

бағыты,


формуласы)

Оқыту


Қайталау

Қайталау


Бүкіләлемдік

тартылыс күші.

Бүкіләлемдік

тартылыс күшінің

заңы

Сапалық


деңгейде игеру

1.Формуланы

шығару.

2. Бүкіләлемдік



тартылыс күші

заңының қолдану

шегі.

3. Басқа


планеталардағы еркін

түсу үдеуі

4. Еркін түсу үдеуінің

тәуелділігі

5. Денелердің

ауырлық күші

әрекетінен қозғалуы

1. Табиғаттағы

әрекеттер.

2. Қайталау:

а) формуланы шығару;

ә) Бүкіләлемдік тарты-

лыс заңының қолдану

шегі;


б) басқа планеталар-

дағы еркін түсу үдеуі;

в) еркін түсу үдеуінің

тәуелділігі;

г) денелердің ауыр-

лық күші әрекетінен

қозғалуы

Еркін түсу үдеуі

Сандық мәні

1. Формуланы

шығару.

2. Басқа


планеталардағы еркін

түсу үдеуі

3. Еркін түсу үдеуінің

тәуелділігі

1. Формуланы шығару.

2. Басқа


планеталардағы еркін

түсу үдеуі

3. Еркін түсу үдеуінің

тәуелділігі

Әр  оқушының сабақта өздік  жұмыс  істеуі,  оның  қабілетінің дамуы  мен

танымдық


мүмкіндіктері

әрекетінің

жоғары 

деңгейлі 



сипаттамасы

материалдарды  игеруде  кеткен  кемшіліктердің орнын  толтыруда  білімді

тереңдетудің ең тиімді түрі болып табылады.

Оқушылар өзіндік  жұмыс  орындағанда  жетістікке  жетуі үшін:  тапсырмалар

сараланып іріктелуі, үнемі мұғалімнің бақылауымен орындалуы және туындаған

қиындықтарды  шешу үшін  уақытында  көмек  көрсетілуі  тиіс.    Жеке  оқыту

тұрғысында  мұғалім әрбір  оқушыға  ықыласпен  және қамқорлықпен қарайды,

оқуға деген оң көзқарасты және оқушының жетістігін көтермелейді.

Білім қорытындысын  тексерудің негізгі  түрі – сынақ алу.  Оны үлкен

тақырыптарды  меңгерген  соң  өткізуге  болады.  Сынақ

алу  барысында

оқушылардың

білім,  біліктері:  теориялық білімдері,  есептер  шығару  және

практикалық жұмыстарды  орындау  білігі.  Оқушылардың алған  бағалары есеп



26

тізбесіне  жазылады.  Оқушы  мұғалімнен  ақыл-кеңес  алған  соң  ұқсас  тақырып

бойынша тапсырма алып, алған бағасын көтеруге болады.

Оқушы үшін жүйелі әрі ашық бағалау тізбесі пәндерді игертуде стандарттың

талаптарына  сай  таңдауына,  жеке  бейімделуі  мен қабілетіне,  интеллектуалдық

және  психофизиологиялық ерекшеліктеріне,  білімге  жұмылдыру  мүмкіндігіне

жасалады.

Әр  сынып  оқушыларының шағын  тобында  жұмысты  дұрыс ұйымдастыру –

маңызды әдістемелік проблема. Білім көлемі әртүрлі оқушы топтарының болуы

дұрыс  емес, өйткені  жақсы  оқитын  оқушы  есепті  басқалардан  бұрын  шығарып,

оны басқаларға көшіртеді. Егер жақсы оқитын оқушы нашар үлгеретін оқушыға

көмектессе, оқу үлгерімін біршама жақсартады.

Ойлау  арқылы  оқушылар  шығармашылыққа ұмтылады,  материалды  дайын

күйінде қабылдамай,  оны  жеке  зерттеу  немесе  бақылау  жүргізе  отырып, өз

сұрағына жауап таба алады. Сабақта мұғалім оқушылардың тек интеллектуалдық

дамуына  назар  аудармай,  тұлғалық  қасиеттерінің де ұшталуына  басшылық

жасауы

қажет.  Оқу  оқуға  күштемей,  танымдық  қызығушылықтарын,



талпынысын, ерік-жігерін оқу жұмысына бағыттағанда ғана тиімді болады.

Кез  келген  сабақтың  өнімділігі  мұғалімнің

сабаққа  дайындығына

байланысты.  Біріктірілген  сыныпта  сабақты  жоспарлау  жаңа  оқу  материалын

түсіндіретін  сыныптан  бастау қажет.  Бұл  сабақ басқа  сыныптардың сабағын

(олардың жоспарларын)  «жинақтайтын» өзек  болып  табылады.  Жинақтаған  соң

түзеу,  анықтау  жұмыстары  жүргізіледі.  Біріктірілген  сыныптағы  сабаққа

дайындалғанда, бір сыныпқа жоспарлаған уақыт тиімді пайдаланбаған жағдайда

қосымша тапсырмалар дайындаған жөн.

Бірқатар жағдайда сабақтың басты элементтері мұғалімнің оқушыларға жаңа

материалды  және  жаттығуды  түсіндіруі,  екіншісінде  фактілерді  бақылау,

салыстыру,

әңгімелесуі,  соның

нәтижесінде  оқушылар

өзіндік  жұмысы

қалыптастырады  және  оны қолданумен  жаттығады.  Кей  сабақтарда  оқулық

материалдарын меңгеру жиі қолданылады, кейін игерген материалды түсінгенін

бақылау  мақсатында әр  сыныппен  ортақ  әңгімелесу,  содан  соң жаттығулар

жүргізіледі.

Сабақтың мақсаты – білімді  берік  бекіту,  оқушылардың білік,  дағдыларын

қалыптастыру.  Оған  жұмыстың мақсатын  хабарлау,  теориялық материалды

игерту,  тапсырмаларды  орындау  тәртібі  туралы  нұсқау  беру,  жұмысты

орындағанын тексеру (ішінара немесе түгелдей), үйге тапсырма беру жұмыстары

кіреді.  Жұмыстың негізгі  түрі  жаттығуларды  ауызша  немесе  жазбаша  түрде

жүргізеді.

Міне,  осы  секілді  жұмыстар  шағын  жинақты  мектептің оқу үдерісіндегі

сабақты  тиімді ұйымдастыруға  жағдай  жасайды.  Және  білім  алушылардың

ақпараттық,

коммуникативтік 

дағдыларын

қалыптастыруға, 

ойлау,


шығармашылық,  өзіндік  шешім қабылдау қабілеттерін  дамытуға,  білімге  деген

қызығушылығын  тәрбиелейді.  Төменде  шағын  жинақты  мектептің біріктірілген

сыныптарында  пәнішілік  және  пәнаралық кіріктіре  оқытуды ұйымдастырудың

біртақырыптық сабақ жоспарларының үлгілері беріліп отыр.



27


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет