Мектепте ерекше білім алуды қажет ететін оқушыларға қолдау (көмек) көрсетуді ұйымдастыру Психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету (көмек) – әр баланың мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне сәйкес табысты оқыту мен дамыту үшін әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық шарттар құру барысындағы педагогтар мен мамандардың ұйымдастырылған қызмет жүйесі. Мектеп ортасын даярлау Инклюзивті мектеп ортасын дайындау келесі міндетті шарттарды сақтауды көздейді:
- оқушының мүмкіндіктеріне қарамастан педагогтардың әрбір оқушыны теңдей қабылдауы;
- білім беру процесінің барлық қатысушылары мен техникалық қызметкерлердің төзімді мінез-құлық мәдениетімен қамтамасыз ету;
- ЕБҚ бар оқушының жақын даму аймағына сәйкес оқу мақсаттарын анықтау;
- ЕБҚ бар оқушыны оқудан тыс мектеп іс-шараларына қосу;
- оқушыға қолдау көрсетуде отбасы әлеуетін пайдалану. Инклюзивті орта құру бойынша мектеп жұмысының күтілетін нәтижесі: 26 а) оқушының мектепке, мұғалімдерге, сыныптастарына жағымды көзқарасы; б) жалпы білім беру, қысқартылған немесе жеке бағдарлама шеңберіндегі академиялық табыстылығы; в) оқушының әлеуметтік бейімделуі. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға психологиялықпедагогикалық қолдау көрсетуді ұйымдастырудың негізгі бағыттары: - психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің жергілікті нормативтік негізін құру; - білім беру процесіне қатысушылардың қызметін анықтау; - мектептің ағымдық жағдайын талдау және бағалау; - мектептің педагогикалық ұжымын кәсіби дайындау; - мектеп қауымдастығын дайындау; - одақтастар мен әлеуметтік серіктестерді іздеу.
Мектептің психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметі (психолог, логопед, арнайы педагог, әлеуметтік педагог, тәрбиеші, педагогассистент):
- оқыту қиындықтары бар оқушыларды анықтайды, қиындықтардың сипатын және олардың пайда болу себептерін бағалау мақсатында психологиялық-педагогикалық тексеру жүргізеді;
- тексеру нәтижелерін тиісті формаларда құжаттайды;
- зерттеу нәтижелері бойынша оқушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін анықтайды;
- оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің жеке бағдарламаларын жасайды;
- оқушылармен жеке және топтық сабақтар жүргізеді;
- мұғалімдерге, ата-аналарға, мектеп әкімшілігіне кеңес береді;
- психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету бағдарламаларын іске асыру нәтижелерінің мониторингін жүзеге асырады;
- әлеуметтік серіктестермен өзара қарым-қатынас жасайды.