Шахман нағЫМҰлы нағымов


ХІҮ.  ХІХ-ХХ ғасырлар тоғысындағы қазақ элитасының



Pdf көрінісі
бет8/8
Дата03.01.2017
өлшемі0,77 Mb.
#1097
1   2   3   4   5   6   7   8

ХІҮ.  ХІХ-ХХ ғасырлар тоғысындағы қазақ элитасының  
          рухани мұрасы 
 
 
Қазақ  мәдениетінің    өкілдері  ХХ  ғасырды   әрі үмітпен, әрі  қауыппен 
қарсы  алды.  Дүниежүзілік  прогресс  Қазақстанға  да  жете  бастады.  Ресейдің 
Москва,  Петербург,  Омбы,  Қазан,  Уфа  және  басқа  қалаларында  оқитын 
қазақ  жастары    орыстың  прогрессивті  мәдениет  үлгілерін  қазақ  өлкесіне 
таратты.  Қазақтың  алдыңғы  қатарлы  жас  өркеніне  білім  беруде  Уфа 
қаласында орналасқан «Ғалия» медресесінің ролі зор болды. Бұл оқу орнын 
Б.Майлин, Н.Манаев және т.б. қазақ зиялылары тәмамдады.  
ХІХ 
ғасыр 
мен 
ХХ 
ғасырдың 
тоғысында 
Ә.Бөкейханов, 
А.Байтұрсынов,  М.Дулатов,  С.Торайғыров,  М.Сералин,  Х.Досмұхамедов, 
Ж.Досмұхамедов,  Ж.Ақбаев,  М.Жұмабаев,  Ж.Аймауытов,  Б.Қаратаев, 
Ж.Сейдалин,  М.Тынышпаев,  М.Шоқай,  Ш.Бөкеев,  Қ.Құдайбергенов, 
Ғ.Қарашев  және  басқа  қазақ  зиялылары  қазақ  халқын  ағарту  ісіне,  оның 
рухани жағынан өсіп, толысуына елеулі үлес қосты.  
Өзіне  туысқан  халықтардағы  сияқты  Қазақстандағы  мәдени  қайтадан 
жаңғыру  орыс  экспансиясына  қарсы  шығудан  басталды.  ХХ  ғасырдың 
басында  қазақтан  шыққан  алғашқы  саяси  қайраткерлердің  бірі  Міржақып 
Дулатов  қазақ  халқының  манифесі  –  «Оян,  қазақ!»  өлеңін  жариялады.  Ол 
тұңғыш рет халықтық ашық күреске шақырған ұран тастады: «Қазақстаннан 
болған  социал-демократтарға  бір  ауыз  сөз  айтамын:  Еуропаның 
пролетариясы үшін қанды жас төгуіңіз пайдалы, бірақ өз халқыңыз қазаққа 
артық назар салыңыз, орыстың қара халқының күнелтуі ауыр, сонда да алды 
ашық.  Қазақ  халқы  алты  миллиондық  бір  ұлы  тайпа  бола  тұрып,  басқа 
халыққа қарағанда жәрдемсіз азып-тозып кетер».  
 
 
 

 
105 
Міржақып  саяси  мәселелермен  қоса  өз  шығармасында  қазақ 
мәдениетін  тұйықтан  шығаратын  жолдар  іздейді.  Ең  алдымен  мәдени 
тоқыраудың себебін М.Дулатов бодандықтан көреді. 
Екі  ғасыр  арасында  қазақтың  ұлттық  санасының  оянуына  үлкен  әсер 
еткен  тұлғаның  бірі  -  Әлихан  Бөкейханов.  Ол  қазақ  хандарының  тікелей 
ұрпағы,  ұлт-азаттық  қозғалыстың  жетекшісі,  қазақтың  алғашқы  саяси 
партиясының  басшысы,  қазақтың  бірінші  ұлттық  үкіметі  –  Алашорданың 
көсемі  еді.  Әлихан  Бөкейханов  сан  қырлы  қоғамдық  қызметтерімен  бірге 
қазақтың рухани мәдениетін алғашқы зерттеушілердің қатарында болды.  
Ол  Абайдың  шығармашылығы  туралы  тұңғыш  мақаланы  жариялады, 
қазақ эпосы мен фольклоры жөнінде әлі күнге дейін ғалымдарды өзінің ой 
тереңдігімен таң қалдыратын еңбектер жазды. Солардың ішінегі құндысы – 
1899  жылы  «Түркістан  ведомостыларында»  жарияланған  «Қырғыздың 
«Қобыланды»  аңызыңдағы  әйел»  атты  еңбегі  еді.  Әлиханның  бұл  жерде 
көтеріп  отырған  мәселесі  бұрынғы  қазақтың  рухани  мәдениетінің  бай 
мұраларына  байланысты.  Аталған  аңызда  мұсылмандық  дін  мен  ежелгі 
тәңірлік түсініктердің қарым-қатынасы, көшпелілер мәдениетіне тән ана мен 
әйелді  қастерлеу,  ел  намысын  пендешіліктен  жоғары  қою  т.б.  мәселелер 
талқыланады.  
Шексіз  сахара  қазақ  мәдениетін  көптеген  жылдар  бойы  сыртқы 
жаулардан  қорғаштап,  өзіндік  ерекшеліктерін  сақтауға  себебін  тигізді. 
Дүлей  далада  тек  жүз  бен  руға  бөлінбеген  тұтас  қауым  ғана  өмір  сүре 
алатын еді. Қысқаша айтқанда, Әлихан мен Міржақып, Ахмет Байтұрсынов 
пен  Мағжан  Жұмабаев,  Жүсіпбек  Аймауытов  пен  Сұлтанмахмұт 
Торайғыров  секілді  алаштың  арыстары  өз  күресінде  халқының  ғасырлық 
мұрасынан қашанда күш-қуат алып отырды.  
Қазақтың  рухани  мәдениеті  мен  менталитетінде  өшпес  із  қалдырған 
алып тұлғаның бірі – Шәкәрім Құдайбердіұлы. Оның шығармашылығының 
негізгі  тақырыбы  мораль  философиясы  мен  мәдениет  ілімін  қамтиды. 

 
106 
Шәкәрім  Абайдың  немере  інісі  және  ұлы  ақынның  мұрасына  сүйенген.  Ол 
арнайы  оқу  орнында  оқымаса  да,  араб,  парсы,  орыс,  шағатай  тілдерін  өз 
бетімен  үйреніп,  сол  тілдердегі  шығармалардан  дала  ойшылы  тұрғысынан 
ой қорытқан. 
Абай  сияқты  Шәкәрім    де  қазақ  елін  қалай  өркениетті,  мәдениетті 
елдер  қатарына  қосамын  деп  талпынады.  Оның  ойынша,  бұл  азаматтық 
өтеудің  басты  шарты  туған  елдің  бүкіл  тарихи  мәдени  құндылықтарын 
жоғалтпай,  оларды  заман  талабына  сәйкес  қолдану.  Шәкәрімнің  рухани 
ізденісінде ежелгі сақ-түрік заманынан қалыптасқан ғарыштық дүниетаным 
ерекше  орын  алады.  Тәңірі,  Нұр,  Күн,  Табиғат  –  ол  үшін  қасиетті,  киелі 
ұғымдар.  
ХХ  ғасыр  әдебиетінің  аса  көрнекті  өкілі  Ахмет  Байтұрсынов  болды. 
1895  жылдан  бастап  А.Байтұрсынов  педагогикалық  және  әдеби 
шығармашылықпен айналысты.  
Қазақ  әдебиетінде  алғаш  А.Байтұрсынов  «Қырық  мысал»,  «Маса» 
атты  шығармаларымен  көрінді.  «Масаның»  негізгі  идеялық  қазығы  – 
жұртшылықты 
оқуға, 
өнер-білімге, 
рухани 
көтерілуге 
шақыру, 
адамгершілікті,  мәдениетті  уағыздау,  еңбек  етуге  үндеу.  Ол  орыстың 
классик  жазушысы  И.А.Крылов  мысалдарының  бір  тобын  қазақ  тіліне 
аударып,  «Қырық  мысал»деген  атпен  Петербургте  1909  жылы  жеке  кітап 
етіп бастырды. 
«Айналып келіп таразыға тартылған, сыннан өткен деп Ахаңның ғана 
ардақты  атын  айтамыз.  Одан  басқа  жалпақ  елдің  сынына  толып,  мейірін 
қандырған кісілер санаулы. 
Ахаң  ашқан  қазақ  мектебі,  Ахаң  түрлеген  ана  тілі,  Ахаңның  салған 
әдебиеттегі  орны  –  «Қырық  мысал»,  «Маса»,  «Қазақ»  газетінің  1916 
жылдағы  қан  жылаған  қазақ  баласына  істеген  еңбегі,  өнер-білім,  саясат 
жолындағы  қажымаған  қайраты  –  біз  ұмытсақ  та,  тарих  ұмытпайтын  істер 
болатын. 

 
107 
Оны  жұрттың  бәрі  де  біледі.  Бұның  шындығына  ешкім  де 
дауласпайды.  
Сондықтан  50  жылдық  тойын  істеп  отырған  қуанышты  күнде  Ахаңа 
біздің айтатын сөзіміз: Ахаң еңбегі жанған жанның бірі. Істеген ісінің жемісі 
–  артынан  келе  жатқан  жастар.  Оның  арты  Ахаң  мектебіне  тізіліп,  кіріп 
жатқан  жас  буын,  жаңа  өсіп  келе  жатқан  қазақ  әдебиеті  Ахаңды  өзінің 
басшысы деп санайды.  
Қаламынан  тамған  бал  ем  болудан  айнымайды.  Әлде  болса,  өмірінің 
ұзақ  болып,  еңбегінің  өнімді  болуын  тілеуден  қазақ  баласы  қайтпайды»,  - 
деп жазды М.Әуезов. 
ХХ  ғасырдың  бас  кезінде  қазақ  баспасөзі  жақсы  дамыды.  Егер  ХІХ 
ғасырдың  аяғында  Қазақстанда  бар-жоғы  2  басылым  болса,  «Түркістан 
уалаятының» газеті (1870-1883) және «Дала уалаятының» газеті (1888-1902), 
1905  жылдан  бастап  бірқатар  жаңа басылымдар  шыға  бастады. 1907  жылы 
«Серке»,  «Қазақ  газеті»  шыға  сала,  патша  үкіметі  пәрменімен  өз 
жұмыстарын  тоқтатуға  мәжбүр  болды.  1911  жылы  Троицк  қаласында 
қазақтың  көрнекті  жазушысы  М.Сералиннің  редакторлығымен  «Айқап» 
газеті  шығарылып,  онда  қазақ  әдебиеті,  этнографиясы,  тарихы  бойынша 
материалдар басылды.  
Қазақ  баспасөзінің  қалыптасуына,  әсіресе  1913-1918  жылдары 
Орынбор  және  Торғай  қалаларында  А.Байтұрсынов  жетекшілік  еткен 
«Қазақ»  газеті  өлшеусіз  үлес  қосты.  Газеттің  мақсаты  қазақ  арасында 
ағартушылық ісін дамыту деңгейін көтеру мәселелері болды.  
Сайып келгенде, қазақ баспасөзі халықтың рухани дамуына игі әсерін 
тигізді.  

 
108 
Негізгі ұғымдар мен терминдер  
 
Ұлттық интеллигенцияның қалыптасуы  
Қазақ элитасының рухани мұралары  
Ахмет, Міржақып, Әлихан, Шәкәрім ұлттың рухани көсемдері  
Қазақ зиялыларының педагогикаға, тарих ғылымына, әдебиетке қосқан үлесі  
 
Сұрақтар мен тапсырмалар  
 
1. Ұлттық интеллигенция ХХғ. бас кезінде қандай мәселермен айналысты?  
2. Ә.Бөкейханов қандай салаларда еңбек етті?  
3.  А.Байтұрсыновтың  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  саласында  қандай  еңбектерін 
білесің?  
4. ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ баспасөзі қандай мәселелерді көтерді    

 
109 
ҚОРЫТЫНДЫ 
 
 
«Қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихы» курсы ежелгі дәуірден 
бастап  ХХғ.  басына  дейінгі  кезеңді  қамтиды.  Ұлттық  мәдениет  –  бұл 
күрделі,  көп  құрамды  құрылым,  өзара  байланысты  және  иерархиялық 
бағынышты  құрылымдық  элементтерден  тұратын  жүйе  (тарихи  эволюция 
барысында  барған  сайын  күрделене  түседі).  Рухани  мәдениет  мазмұнына 
діни-философиялық  идеялар  мен  көзқарастар,  идеалдар  мен  ілімдер, 
космогониялық білімдер, культтер, дәстүрлер, ритуалдар, өнер, жазу, көркем 
әдебиет  және  т.б.  сияқты  компоненттер  жатқызылады.  Мәдени  жүйеден 
идеялық-этикалық мәнді құрайтын компонентін, терең негізгі қабатын бөліп 
алу  керек.  Бұл  іргетасқа  барлық  мәдени  «құрылыс»  қаланады.  Мұндай 
форма  қалыптастырушы  компонент  мифология,  дін  немесе  этикалық-
философиялық ілім болып табылады.  
 
Қазақ  мәдениетінің  рухани  мәні  мен  іргелі  белгілері  исламдық 
межелермен  сәйкес  келеді,  бұл  исламды  мәдениет  құрау  бастауы  ретінде 
ақтауды  және  «мұсылман  факторын»  ескере  отырып  ұлттық  мәдениетті 
қайтадан  ой  елегінен  өткізуді  талап  етеді.  Сонымен  қатар  негізінде 
көшпелілік  пен  суфизм  синтезі  жатқан  қазақ  қоғамындағы  дүниетанымдық 
синкретизм, ислам модификациясы туралы тұжырымдауға да негіз бар.  
 
Тағы  бір  маңызды  мәселе:  көптеген  ғасырлар  бойына  әр  халықтың 
мәдениеті ішкі қисынға сәйкес және сыртқы импульстер ықпалымен дамып, 
байыды  (гүлдену  немесе  өздігінен  өркендеу  ұғымын  қолдануға  болады). 
Мәдениеттер  мен  өркениеттердің  өзара  ықпал  ету  факторын,  синтез  және 
синкретизм  құбылыстарын    жете  бағаламауға  болмайды.  Мәдени 
эволюцияның  қозғаушы  күші  –  дүниетаным  прогресі.  Өзгеру  процесі  бір 
мәдени күйеден анағұрлым күрделі, сапасы жоғары деңгейлісіне өту ретінде 
көрінеді. Осы мәселелер ескерілді.   

 
110 
Семинар сабақтардың үлгі тақырыптары 
 
 
 
1. Скиф-сақ тайпаларының дүниетанымы және мәдени дәстүрлері 
 
2. Ежелгі қағанаттар халқының өзіндік мәдениеті мен идеологиясының 
бейнесін ашудағы руникалық жазба ескерткіштердің рөлі. 
 
3. Түркілердің исламдануындағы рухани-мәдени алғышарттар 
 
4. Түркітілдес тайпалардың исламға бет бұруы: рухани салдарлары 
 
5.  Яссауи  –  түркі  дәстүріндегі  мұсылмандық  мистицизмнің 
(суфизмнің) негізін салушы. 
 
6.  Жүсіп  Баласағұнның  поэмасы  түркі-мұсылмандық  әдебиет 
дәстүрінің негізінде 
 
7.  Түркі  оқымыстыларының  Шығыстың  ортағасырлық  ғылымына 
қосқан үлесі (әл-Фараби) 
 
8. Махмұд Қашқаридың мұралары және Қаранид мемлекетіндегі этно-
мәдени өзіндік ерекшелік мәселелері 
9. Қазақтардың рухани мәдениетіндегі тәңіршілдік пен шамандықтың 
сарқыншақтары. 
10.  Алтын  Орда  дәуіріндегі  түркілерде  ағартушылық  пен  әдебиеттің 
дамуы 
11.  Мұхаммед  Хайдар  Дулати  шығармасындағы  түркі-мұсылмандық 
тарихшылдық пен рухани дәстүрлердің көрінісі 
12. Ортағасырлық қазақтардың рухани мәдениеті мен ағартушылығын 
оқытудағы  Қадырғали  Жалайырдың  «Жәми-ат  тауарих»  шығармасының 
маңызы 
13.  Қазақ  батырлық  эпостары  (идеялары  және  образдары, 
тарихшылдық) 
14. Шығыс классикасы және қазақ мәдениеті 
15.  Қазақ  ертегілері,  мақал-мәтелдері  мен  жаңылтпаштар  және 
олардың рухани маңызы 
16. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы шариғаттың рухани негіздері  
17. Қазақ көшпелі қоғамындағы рухани идеалдардың үлгісіндегі салт-
дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар 
18. Ақын-жыраулардың шығармашылығы 
19. Қазақ билері 
20.  ХІХ  ғасырдағы  әдебиеттегі  дәстүрлердің  қалыптасуына 
мұсылмандық ағартушылықтың қосқан үлесі 
21. Қазақстандағы мұсылмандық мектептер (мектеп, медреселер) 
22. 
Көрнекті 
суырып-салма 
ақындар 
мен 
музыканттардың 
шығармаларындағы дәстүрлер және жаңашылдықтар  
23. ХІХ ғасырдағы қазақ қоғамындағы рухани дағдарыс Абай өлеңдері 
мен прозаларында  
24. Шәкәрімнің рухани-теософиялық көзқарастары 

 
111 
25.  ХХ  ғасыр  басындағы  қазақ  баспасөз  беттеріндегі  мәдени  қайта 
өркендеу мәселелері 
26. ХҮІІІ-ХХғғ. басындағы қазақтардың дәстүрлі білім алуы 
27. Қазақстандағы РГҚ (РГО)-ның мақсаттары мен міндеттері  
28. ХҮІІІ-ХХ ғғ. Басындағы қазақ халқының халық ауыз әдебиеті 
29. «Зар Заман» мектебінің өкілдері 
30. Абай Құнанбаев – ақын, ойшыл және ағартушы 
31. Қазақтың шешендік өнері 
32. Қазақ халық композиторлары 
33. Қазақстанда қисса мен дастандардың таралуы 
34. ХХ ғ. басындағы орыс-қазақ мектептері 
35. Қазақстандағы жаңа әдістік мектептер 
36. Патша өкіметінің оқыту жүйесіндегі орыстандыру саясаты 
37. Қазақстандағы мерзімді баспасөз 
38.  ХХ  ғ.  басындағы  қазақ  зиялыларының  шығармашылығындағы 
негізгі бағыттар. 
 
 
 
 

 
112 
Пайдаланған әдебиеттер: 
 
 
1. Аль-Фараби. Избранные трактаты. Пер. с араб. Алматы, 1994 
2. Баласагуни Юсуф. Благодатное знание. А., 1990 
3. Қожа Ахмет Йассауи. Диуани Хикмет (Ақыл кітабы). А., 1993 
4. Махмуд Қашғари. Түркі тілдерінің сөздігі. 1,2-т., А., 1996 
5. Дулати. Тарихи Рашиди. Алматы, 1999 
6. Абай Құнанбаев. Екі томдық шығармалар жинағы. А., 1986 
7.  Бартольд  В.В.  Сочинения  в  9-ти  томах.  Т.6.  Работы  по  истории 
ислама и Арабского Халифата. М., 1966 
8. Валиханов Ч.Ч. Избранные сочинения в 5-ти томах. Ад, 1984-1985. 
9. Бес ғасыр жырлайды. 1 том., А., 1984. 
10.  Ғабитов  Т.,  Мүтәліпов  Ж.,  Құлсариева  А.  Мәдениеттану. 
«Раритет». А.,2005 
11.  Аязбекова  С.Ш.  Картина  мира  этноса:  Коркуд  Ата  и  философия 
музыки казахов. А., 1999 
12. Әдеби мұра. А., 1970 
13. Байтұрсынов А. Шығармалары. А., 1989 
14. Бердібай Р. Эпос – ел қазынасы. А., 1995 
15. Нұртазина Н.Д. Қазақ мәдениеті және ислам. А., 2002 
16. Қазақ әдебиетінің тарихы. 3-том. А., 2000 
17. Орынбеков М.С. Верования древнего Казахстана. А., 1997 
18. Сейдимбек А. Мир казахов. А., 2001 
19. Әуезов М.О. Әдебиет тарихы. А., 1991 
20. Галиев А.А. Традиционные мировоззрение казахов. А., 1997 

 
113 
«Қазақ халқының рухани мұрасының тарихы» пәнінен тестілер  
 
1. Қазақ мәдениеті қай өркениеттік болмысқа жатады? 
A) Батыстық 
B) Шығыстық 
C) Көшпелілік 
D) Орта Азиялық  
E) Кіндік Азиялық 
2. Қазақ мәдениетінің еуроазиялық бастауы туралы пікірді кім бірінші болып айтты? 
A) Ш.Уәлиханов 
B) Н.Конрад 
C) Л.Гумилев 
D) Ә.Марғұлан 
E) Г.Кляшторный 
3. Қазақ мәдениетінің “архетипіне” не жатады? 
A) Көшпенділер мәдениеті 
B) Ислам діні 
C) Зороастризм 
D) Еуроазиялық дала мәдениеті, тәңірлік дін және түрік өркениеті 
E) Халық ауыз әдебиеті 
4. Сақ өркениетінің өнеріндегі басты стиль қалай аталады? 
A) Готика 
B) Романдық 
C) Жануарлық 
D) Барокко 
E) Арабеска 
5. Ғұндар қандай этномәдени топқа жатады? 
A) Үндіеуропалық 
B) Прототүріктік 
C) Протоалтайлық 
D) Ирандық 
E) Түріктік 
6. Сопылық бағытты жан-жақты дамытқан ғұлама кім? 
A) Қожа Ахмет Яссауи 
B) Әл-Фараби 
C) Ибн-Сина 
D) ӘлГазали 
E) Ибн-Рушд 
7. Қазақ совет мәдениетінің белгілі қайраткерлерін атап өтіңіз: 
A) Абай, Жамбыл, М.Әуезов 
B) Шәкәрім, Міржақып 
C) Д.Нүрпейісова, Құрманғазы, Дәулеткерей 
D) Ш.Уәлиханов, Абай, Алтынсарин 
E) Жамбыл, С.Сейфуллин, М.Әуезов 
8. Қазақтың ұлттық опера өнеріне еңбек сіңірген алғашқы композитор: 
A) Е.Брусиловский 
B) А.З.Жұбанов 
C) М.Төлебаев 
D) Л.Хамиди 
E) С.Мұхаметжанов 

 
114 
9. Революцияға дейінгі қазақ халқының музыка мәдениетін терең зерттеген ғалым: 
A) А.Кастанье 
B) Г.Потанин 
C) А.Затаевич 
D) А.Эйхгорн 
E) С.Рыбаков 
10. Музыканың “Ұлы кітабын” жазған кім? 
A) Дәруіш Әли 
B) Абуали Ибн-сина 
C) Каукаби эль-Бухари 
D) Кутыб-Эдин аш-Ширази 
E) Аль-Фараби 
11. Жаратылыстан тыс қасиеті бар деп танылған жансыз затқа табыну қалай аталады? 
A) Анимизм 
B) Тотемизм 
C) Магия  
D) Фетишизм 
E) Шаманизм 
12.  Бүкіл  әлем  жаратылыстан  тыс  өмір  сүруші  рух  пен  жанға  толы  болады  деген  көне 
ұғым: 
A) Анимизм 
B) Тотемизм 
C) Магия 
D) Фетишизм 
E) Шаманизм 
13. “Кодекс-Куманикус” – қыпшақ тілінің сөздігі қай кезеңде жазылған? 
A) ҮІ-ІХ ғғ. 
B) Х-ХІІ ғғ. 
C) ХІІІ-ХІҮ ғғ. 
D) ҮІ-ҮІІІ ғғ. 
E) ХҮ-ХҮІ ғғ. 
14. Қазақ тілі мен әдебиеттану ғылымының бастауында тұрған көрнекті ғалым, лингвист, 
ағартушы “Қазақ” газетінің редакторы: 
A) М.Жұмабаев 
B) М.Дулатов 
C) А.Байтұрсынов 
D) Ж.Аймауытов 
E) С.Асфендияров 
15.  Қазақтардың  наным-сенімдерін,  әдет-ғұрпын,  аңыздарын,  эпостарын  тұңғыш 
зерттеген ғалым кім? 
A) С.Сейфуллин 
B) М.Әуезов 
C) Ш.Уәлиханов 
D) Ә.Марғұлан 
E) С.Қасқабасов 
16. Номадалық өркениеттердің өрістеген аймағы? 
A) Иран 
B) Туран 
C) Еуроазиялық Дала 
D) Ордос 

 
115 
E) Алтай 
17. Ғұндар қай тілдік топқа жатады? 
A) Монғолдар 
B) Прототүріктік 
C) Түріктік 
D) Славян 
E) Қытай 
18. “Зар заман” мәдениеті қай ғасырда көрініс тапты? 
A) ХІІ ғ. 
B) ХІҮ ғ. 
C) ХҮІ ғ. 
D) ХҮІІ ғ. 
E) ХҮІІІ-ХІХ ғғ. 
19. “Орхон-Енисей” жазбалары қай тілде жазылған? 
A) Соғды 
B) Қыпшақ 
C) Қазақ  
D) Түрік 
E) Ғұн 
20. Сиқыр сөзінің баламасы болып табылатын ежелгі наным сенім түрі: 
A) Фетишизм 
B) Анимизм 
C) Магия 
D) Тотемизм 
E) Генотеизм 
21. Қазақтың апта күндерінің атаулары қай тілден алынған 
A) Араб 
B) Парсы 
C) Үнді 
D) Өзбек 
E) Тәжік 
22. Қазақтарда “обал” түсінігінің қарама-қарсы ұғымы қайсысы? 
A) Ысырап 
B) Сауап 
C) Дауа 
D) Шипа 
E) Зауал 
23. “Қайырымды қала” идеясын кім ұынды? 
A) Конфуций 
B) Ибн-Сина 
C) Платон 
D) Аль-Фараби 
E) Аль-Кинди 
24. “Диуани хикмет” – “Ақыл кітабы” кімнің шығармасы? 
A) Аль-Фараби 
B) М.Қашқари 
C) А.Яссауи 
D) С.Бақырғани  
E) А.Иүгініки 
 

 
116 
25. “Диуани лұғат ат-түрік” – “Түрік сөздерінің грамматикасы” кімнің шығармасы? 
A) Ж.Баласағұни 
B) М.Қашқари 
C) Аль-Фараби 
D) С.Бақырғани 
E) М.Дулати 
26. Қазақ алфавитінің реформаторы кім болды? 
A) А.Байтұрсынов 
B) А.Құнанбаев 
C) Ә.Бөкейханов 
D) Ш.Құдайбердиев 
E) Ы.Алтынсарин  
27. Қай сөз киіз үйдің бөлігін білдірмейді? 
A) Кереге 
B) Уық 
C) Шаңырақ 
D) Туырлық 
E) Ошақ 
28. “Құтты білік” кімнің шығармасы? 
A) М.Қашқари 
B) Ж.Баласағұни 
C) Әл-Фараби 
D) А.Яссауи 
E) М.Дулати 
29. “Біржан-Сара” операсын кім жазды? 
A) Ғ.Жұбанова 
B) М.Төлебаев 
C) Л.Хамиди 
D) Е.Брусиловский 
E) А.Рахмадиев 
30. “Жоңғар” очерктерін кім жазды? 
A) А.Құнанбаев 
B) Ә.Бөкейханов 
C) Ш.Уәлиханов 
D) Б.Куфтин 
E) Ә.Марғұлан 
31. Архетип ұғымын мәдениеттануға енгізген кім? 
A) З.Фрейд 
B) К.Г.Юнг 
C) Э.Фромм 
D) Р.Рорти 
E) Ж.Делез 
32. Қазақстан территориясындағы этно және мәденигенздің екі қайнар көздеріне жатады: 
A) Ежелгі үнділік және ежелгі европалық  
B) Ежелгі славяндық және ежелгі европалық  
C) Ежелгі ирандық және ежелгі түркілік 
D) Ежелгі үнділік және ежелгі арабтық 
E) Ежелгі түркілік және ежелгі арабтық 
33. “Авеста” қасиетті кітабының отаны  
A) Ежелгі Египет 

 
117 
B) Ежелгі Индия 
C) Вавилон 
D) Ежелгі Иран 
E) Ежелгі Монғолия 
34. “Аң стилін” пайдаланған ежелгі тайпалар?   
A) Сақтар, үйсіндер, қаңлылар  
B) Парсылар, үндістер, арабтар 
C) Ғұндар, түріктер  
D) Қыпшақтар, оғыздар 
E) Оғыздар, ұйғырлар  
35. “Есік” қорғаны ескерткіші қай тайпаларға жатады? 
A) Сақтарға   
B) Үйсіндерге  
C) Қаңлыларға 
D) Ғұндарға 
E) Қыпшақтарға 
36.  Қазақстанды  мекендеген  ежелгі  тайпалар  арасындағы  діни  сенім-нанымдарға  не 
жатады? 
A) Табиғат күштеріне, ата-бабалар аруағына, жануарларға табыну   
B) Бір құдайға табыну 
C) Пұтқа табыну 
D) Тотемизм 
E) Тәңірге табыну 
37. Синкретизм-қандай мәдениетке тән? 
A) Ортағасырлық 
B) Қайта өрлеу 
C) Ежелгідүниелік 
D) Жаңа замандық 
E) Қазіргі заман 
38. Ежелгі түркі мәдениетінің ең негізгі қайнар көздері     
A) Орхон-Енисей, Талас сына жазулары 
B) Ежелгі түркілердің аңыздары, ертегілері, мақал-мәтелдері 
C) Материалдық ескерткіштері (құрал-саймандары, қару-жарақтары, әсемдік заттары) 
D) Қалалары  
E) Шаруашылығы, кәсібі 
39. Ежелгі түркі тілі 
A) Ежелгімонғол тілі  
B) Ежелгіқытай тілі 
C) Ежелгіараб тілі 
D) Қыпшақ тілі 
E) Оғыз тілі 
40. Ежелгі түркілік генеалогиялық аңыздарға жатады: 
A) “Ашина” (қасқыр) туралы аңыз 
B) Барыс туралы аңыз   
C) Таутеке туралы аңыз 
D) Жолбарыс туралы аңыз 
E) Киік туралы аңыз 
41. Ежелгі түркілердің дүниетанымы, діні 
A) Үш құдайға сыйыну: Көк тәңіріне, Ұмай-анаға, Жер-суға 
B) Бір құдайға сиыну 

 
118 
C) Табиғаттың тылсым күштеріне сиыну  
D) Пұтқа табыну  
E) Жануарларға табыну 
42. Қазақстанда ислам діні ресми дін болып қайда жариялады? 
A) Батыс Түрік қағанатында 
B) Түркештер қағанатында 
C) Қараханидтер мемлекетінде  
D) Қыпшақтар мемлекетінде  
E) Оғыздар мемлекетінде 
43. Қазақстанда ислам дінінің тарай бастауы қай ғасырға жатады? 
A) ҮІІ ғасыр 
B) ҮІІІ ғасыр  
C) Х ғасыр 
D)  ХІ ғасыр 
E) ХІІ ғасыр 
44. Қазақстан территориясында ислам дінінің суфизм бағытын кім таратты? 
A) Фараби 
B) Қашқари  
C) Яссауи 
D) Жалаири 
E) Игунеки 
45. Суфизм не? 
A) аскеттік өмір сүру 
B) исламның мистикалық бағыты 
C) исламның ортодокстік (ескіні көксейтін) бағыты  
D) Бақсылық 
E) Пұтқа табынушылық 
46. Монғолдар жаулап алған мемлекеттер қолданған жазулар? 
A) Монғол жәнет үркі жазулары  
B) Араб және монғол жазулары 
C) Қытай және парсы жазулары 
D) Араб және ұйғыр жазулары 
E) Оғыз және түркі жазулары 
47. Табиғи діндерге қандай діндер жатады? 
A) Фетишизм, тотемизм, анимизим 
B) Зоорастризм, шаманизм 
C) Ислам, буддизм 
D) Христиан діні  
E) Иудаизм  
48. Оңтүстік Қазақстанда ықпал еткен сопылық ағымдар? 
A) синкретизм, шаманизм  
B) монотеизм, манихейлік 
C) Ясавийя және никшбандийя 
D) буддизм 
E) ислам 
49. Рухани ұстаздар кімдер? 
A) Мұхамед Хайдар Дулати, Игунеки 
B) Қадырғали Жалаири, Науаи 
C) Ибн Сина, Ұлықбек 
D) Арыстан баб, Ысқақ баб, Әбдіжәмил баб 

 
119 
E) Қожа Ахмет Яссауи, Низами 
50. “Кодекс куманикус” ескерткіші – кімдердік? 
A) Түркілер 
B) Арабтар 
C) Сақтар 
D) Қыпшақтар 
E) Оғыздар 
51. Орхон-Енисей сына жазуларының авторларының бірі 
A) Құлтегін 
B) Білге қаған 
C) Мойыншара 
D) Иоллықтегін  
E) Тоныкөк 
52.  “Егер  сен,  түрік  халқы  өз  қағаныңнан,  өз  бектеріңнен,  өз  отаныңнан  бөлінбесең,  өз 
үйіңде, өз ошағыңда қайғысыз өмір сүресің” мәтінін қайда жазылған? 
A) Есік қорғаны ескерткіштерінің бірінде  
B) Селенга тасында 
C) Терек-Сай тасында 
D) Білге қаған тасында 
E) Орхон-Енисей жазуларында 
53.  ҮІІІ-Х ғасырларда сына жазуларының әдеби тілін кімдер пайдаланды. 
A) Түріктер, арабтар 
B) Наймандар, үйсіндер 
C) Оғыздар, ұйғырлар, қырғыздар, қимақтар, қыпшақтар, түріктер 
D) Қарахандар, яғмалар 
E) Үйсіндер, қаңлылар 
54. Ерте ғасырлардағы ежелгітүркі мемлекеттерінің жазулары: 
A) Қытай жазуы, ұйғыр жазуы 
B) Араб жазуы, түркі жазуы 
C) Қытай жазуы, араб жазуы 
D) Латын жазуы  
E) Кирилл жазуы 
55.  Түркілердің  интеллектуалды  элитасының  қалыптасуына  қай  елдердің  ғылыми  және 
әдеби дәстүрлері көп әсер етті?  
A) Қытай елі, Үнді елі 
B) Грек елі, Рим елі 
C) Араб-парсы елдері 
D) Алдыңғы Азия елдері 
E) Шығыс Европа елдері 
56. Қарахандық мәдени ренессанстың аса көрнекті өкілдері 
A) Қожа Ахмет Яссауи 
B) Ибн Сина, Науаи 
C) Әбунасыр Әл-Фараби, Игунеки 
D) Жүсіп Баласағұни, М.Қашқари 
E) Қадырғали Жалаири, Дулати  
57. Әл-Фарабидің дүниетанымы: 
A) Идеализм 
B) Материализм 
C) Геоцентризм, универсализм 
D) Суфизм  

 
120 
E) Буддизм 
58. “Жібек жолы” арқылы Қазақстанға енген манихейлік діннің отаны? 
A) Иран 
B) Үндістан 
C) Қытай 
D) Египет  
E) Аравия 
59. “Құтадғу біліг” еңбегінің авторы? 
A) Махмуд Қашқари 
B) Жүсіп Баласағұни 
C) Ахмед Игунеки  
D) Әл-Фараби 
E) Қадырғали Жалаири 
60. “Құдадғу біліг” қандай шығарма? 
A) Тарихи 
B) Әдеби 
C) Философиялық-дидактикалық 
D) Сатиралық 
E) Лирикалық 
61. Махмуд Қашқаридің “Диван лұғат ат-түрік” шығармасы қамтыған мәселелер? 
A)  Ежелгі  түркілердің  материалдық  мәдениеті,  түркітілдес  халықтардың  этникалық 
тарихы, географиялық орналасуы, этнонимдері мен топоникасы, рухани мұралары 
B) Шаруашылығы мен әлеуметтік өмірі 
C) Заңдары 
D) Философия 
E) Медицина 
62. Жетісу мен Сырдариядан шыққан мұсылмандық Шығыстың ғалымдары  
A) Ахмет Игунеки, Ахмед Яссауи 
B) Ибн Сина, Ұлықбек 
C) Бируни, Дулати 
D) Науаи, Низами 
E) Қашғари 
63. Араб тілінде білім алып, бүкіләлемдік деңгейге жеткен ғалым: 
A) Науаи 
B) Ибн Сина 
C) Фараби 
D) Уәлиханов 
E) Дулати 
64. Ахмет Игунекидің “Хибат ул Хакайық” туындысы не туралы? 
A) Тарихи шығарма 
B) Әдеби дастан 
C) Адамгершілік, имандылық туралы тәлімдік туынды 
D) Философиялық 
E) Медициналық 
65. Орталық Азия, Қазақстан, Түркістанда Х ғасырға дейін қолданылған халықаралық тіл 
A) Парсы  
B) Қытай 
C) Араб 
D) Славян 
E) Монғол 

 
121 
66. Монғолдар пайдаланған жазу 
A) Араб 
B) Қытай 
C) Ұйғыр 
D) Парсы 
Е) Славян 
67. Алтын Орда мемлекеттеріндегі тілдер: 
A) Монғол, түркі 
B) Араб, монғол  
C) Қытай, монғол 
D) Монғол, қыпшақ 
Е) Қытай, түркі 
68. Алтын Орда мемлекеттеріндегі әліппи (жазу) 
A) Ұйғыр, араб 
B) Қытай, ұйғыр 
C) Монғол, ұйғыр 
D) Монғол, парсы  
Е) Парсы, ұйғыр 
69. ХІҮ-ХҮ ғасырлардағы түркі тілдес әдебиет өкілдеріне кімдер жатады: 
A) Бируни, Хафиз   
B) Низами, Науаи 
C) Кұтбы (“Хосроу және Шырын”), Хорезми (“Мұхаббат-наме”), Сарай (“Гулистан”) 
D) Науаи, Ұлықбек 
Е) Фердауси, Хаям  
70. «Оның заманы келеді» фильмінде басты ролде ойнаған актер? 
A) Ә.Әшімов 
B) Ш.Айманов 
C) Н.Жантөрин 
D) Қ.Жандарбеков 
E) Қ.Байсейітов 
71. «Құрманғазы» поэмасын жазған кім? 
A) Әбу Сәрсенбаев  
B) М.Сүндетов 
C) Х.Ерғалиев 
D) З.Қабдолов 
E) Ж.Нәжімеденов 
72. «16 жыл» күйінің авторы? 
A) Құрманғазы  
B) Дәулеткерей 
C) Сейтек 
D) Тәтімбет 
E) Дина 
73. Қазақтың «500 әні», «1000 ән-күй» жинақтарын шығарушы өнер қайраткері? 
A) Е.Брусиловский  
B) А.Жұбанов 
C) Г.Аравин 
D) Л.Хамиди  
E) А.Затаевич 
74. «Ғасырлар пернесі», «Замана бұлбұлдары» шығармаларының авторы-өнертанушы? 
A) А.Жұбанов 

 
122 
B) С.Мұхамеджанов 
C) Ө.Байділдаев 
D) С.Қайшыбаев 
E) Г.Сахарбаева 
75. 1927 жылы Париж сахнасында өнер көрсеткен қазақ әншісі?  
A) М.Шамсутдинова 
B) Қ.Байжанов 
C) Ә.Қашаубаев 
D) Ғ.Құрманғалиев 
E) Қ.Жандарбеков 
76. Қазақстанда өзге ұлт өкілдерінің қоныстану себептері? 
A) Патшалық Ресейдің отарлық саясаты, Кеңес үкіметінің әртүрлі шаралары 
B) Олар ежелден тұрады 
C) Тәуелсіздік алғаннан кейін  
D) Ұлы Отан соғысынан кейін 
E) “Күн астынан” орын іздеу 
77. Қазақстан мәдениетінің ескерткіші «Кодекс Куманикус» еңбегі қай тайпаға жатады? 
A) Сақтарға  
B) Үйсіндерге 
C) Қаңлыларға 
D) Қыпшақтарға 
E) Оғыздарға 
78. Орхон-Енисей жазуларының авторларының бірі? 
A) Құлтегін 
B) Білге қаған  
C) Мойыншара 
D) Иоллықтегін 
E) Бұмын қаған 
79. В.Дальдің қазақтар туралы шығармасы? 
A) “Қырғыз-қайсақтар”  
B) “Боран” 
C)  “Семьялық хроника” 
D) “Қазақтарда” 
E) “Бөкей мен Мәулен” 
80. «Орыс тілінің түсіндірме сөздігінің» авторы? 
A) Даль 
B) Афанасьев 
C) Левшин 
D) Аксаков 
E) Ушаков 
81. «Диуан лұғат ат-түрік» еңбегінің авторы? 
A) Жүсіп Баласағұни 
B) Махмуд Қашқари 
C) А.Игунаки  
D) А.Яссауи 
E) Ә.Науаи 
82. «Құтты білік» еңбегінің авторы? 
A) А.Науаи 
B) М.Қашқари 
C) Ж.Баласағұни 

 
123 
D) А.Яссауи 
E) А.Игунеки 
83.  «Махаббат және еңбек» дастанының авторы? 
A) Хиркати 
B) Залели 
C) Садыр 
D) Сайрами 
E) Низари 
84. Қазақтың тұңғыш режиссері? 
A) Ә.Қашаубаев 
B) Ж.Шанин 
C) Ш.Айманов 
D) Ә.Қастеев 
E) Қ.Жандарбеков 
85. Қазақ өнерінің тұңғыш онкүндігі қай жылы өтті? 
A) 1925ж. 
B) 1937ж. 
C) 1940ж. 
D) 1956ж. 
E) 1936ж. 
86. «Біржан-Сара» операсының авторы? 
A) Е.Брусиловсикй 
B) Л.Хамиди 
C) Ғ.Жұбанова 
D) М.Төлебаев 
E) А.Жұбанов 
87.  «Еңлік-Кебек» трагедиясының авторы? 
A) Б.Майлин 
B) С.Сейфуллин 
C) М.Әуезов  
D) С.Мұқанов 
E) Ғ.Мүсірепов 
88. «Мұрат ақынның сөздері» еңбегінің авторы? 
A) З.Қабдолов 
B) Х.Досмұхамедов 
C) Қ.Жұмалиев 
D) Б.Аманшин 
E) М.Әуезов 
89. Қазақтың халықтық музыкасын алғаш жүйелеп зерттеген ірі ғалым? 
A) А.Е.Алекторов 
B) А.И.Левшин 
C) И.Т.Георги 
D) А.В.Затаевич 
E) Карунц 
90. Құрманғазыны көріп, тыңдаған орыс зерттеушісі? 
A) В.Г.Короленко 
B) А.Е.Алекторов 
C) Н.Ф.Савичев 
D) Харузин  
E) Карунц 

 
124 
 
91. «Ғасырлар пернесі», «Замана бұлбұлдары» монографиясының авторы?  
A) М.Төлебаев 
B) А.Жұбанов 
C) Л.Хамиди 
D) П.В.Аравин 
E) Ерзакович 
92. «Жанбота», «Жаймашуақ», «Ләйлім шырақ» әндерінің авторы? 
A) Ақан Сері 
B) Біржан сал 
C) Жаяу Мұса 
D) Мұхит 
E) Жарылғанберді 
93. «Балқадиша», «Мақпал» әндерінің авторы? 
A) Біржан сал 
B) Әсет 
C) Сегіз Сері 
D) Ақан Сері 
E) Балуан Шолақ 
94. А.В.Затаевичтің атауы бойынша «Қазақтың Баяны» - әнші, композитор? 
A) Ақан Сері 
B) Әсет 
C) Мұхит 
D) Әміре 
E) Біржан сал 
95. «Серпер», «Адай», «Сарыарқа» күйлерінің авторы? 
A) Тоқа 
B) Құрманғазы 
C) Дәулеткерей 
D) Тәттімбет 
E) Қазанғап 
96.  «Қосалқа», «Көроғлы», «Топан» күйлерінің авторы? 
A) Құрманғазы  
B) Қазанғап 
C) Дина 
D) Дәулеткерей 
E) Сейтек 
97.  «16 жыл», «Науысқы», «Бұлбұл» күйлеренің авторы? 
A) Есір 
B) Сейтек 
C) Тоқа 
D) Дина 
E) Қазанғап 
98.  «Қосбасар», «Саржайлау», «Көкейкесті» күйлерінің авторы? 
A) Қазанғап 
B) Сүгір  
C) Тәттімбет 
D) Сейтек 
E) Соқыр Есжан 
 

 
125 
99. «Музыканың ұлы кітабының» авторы? 
A) Ибн-Сина 
B) Фердауси 
C) Новаи 
D) Аль-Фараби 
E) Аль-Беруни 
100.  Петроглифтер не? 
A) Көне жазу 
B) Жартастағы суреттер 
C) Сөз жүйесі 
D) Сәулет өнерінің ескерткіштері 
E) Мүсіндер 
101. Сақ, үйсін өнерінің стилі? 
A) Классикалық стиль 
B) Аң стилі 
C) Барокко 
D) Готика 
E) Ою-өрнектер 
102. «Таңбалы тас» орналасқан аймақ? 
A) Батыс Қазақстанда 
B) Шығыс Қазақстанда 
C) Қаратау өңірінде 
D) Орталық Қазақстанда 
E) Жетісу өлкесінде 
103. Ежелгі сақтар, үйсіндер, ғұндар, қаңлылар неге сыйынған? 
A) Тәңірге 
B) Жануарларға 
C) Буддаға 
D) Бір құдайға 
E) Аллаға 
104. Түркі халықтарының рухани мұраларына жатады? 
A) Орхон-Енисей, Талас жазулары 
B) Кодекс Кумангикус 
C) Жеті Жарғы 
D) Авеста 
E) Домострой 
105. Қазақ мәдениетінің космостық нысандары неден көрініс тапты? 
A) Ою-өрнектерден  
B) Құрал-жабдықтардан 
C) Әдеп-ғұрыптардан 
D) Қару-жарақтардан 
E) Ауыз әдебиетінен 
106. Қазақ ауыз әдебиетінің көрнекті өкілдерін құрады: 
A) Жазушылар 
B) Билер 
C) Жыраулар, жыршылар, шешендер, ертекшілер 
D) Тархандар 
E) Әншілер 
107.  «Қайранда менің, Еділім» жырының авторы? 
A) Ақтамберді 

 
126 
B) Жиембет 
C) Асанқайғы 
D) Қазтуған 
E) Бұқар жырау  
108. Қазақ даласында ең алғашқы азаматық мектепті ашқан кім? 
A) Ы.Алтынсарин 
B) М.Сералин 
C) Ж.Бөкеев 
D) Ш.Уәлиханов 
E) С.Көбеев 
109. Беташар дегеніміз не? 
A) Спорттық ойын 
B) Үйлену дәстүрінің көрінісі 
C) Сыйлық 
D) Еңбек дәстүрі 
E) Діни дәстүр 
110. Қазақтардың сенім-нанымдарын, әдет-ғұрпын, аңыздарын тұңғыш зерттеген ғалым? 
A) С.Сейфуллин 
B) Ә.Марғұлан 
C) Ш.Уәлиханов 
D) Карунц 
E) Эверсман 
111.  «Аманат» қандай дәстүрге жатады? 
A) Тәрбие, үлгі дәстүріне 
B) Үйлену дәстүріне 
C) Тұрмыстық дәстүрге 
D) Туысқандық дәстүрге 
E) Діни дәстүрге  
112.  «Бастаңғы» қандай дәстүрге жатады? 
A) Тұрмыстық 
B) Еңбек 
C) Тәрбие, үлгі дәстүрі 
D) Діни  
E) Үйлену дәстүрі 
113. Қазақ мұғалімдері үшін жазылған «Педагогика» оқулығының авторы? 
A) Ж.Аймауытов 
B) М.Дулатов 
C) А.Байтұрсынов 
D) С.Сейфуллин 
E) М.Жұмабаев 
114.  «Үш қиян», «Сары Арқа» толғауларының авторы? 
A) Қашаған Күржіманов 
B) Мұрат Мөңкеұлы 
C) И.Байзақов 
D) Мұрын жырау 
E) Сегіз сері 
115. «Пайғамбар», «Мен жастарға сенемін» өлеңдерінің авторы?  
A) Қ.Аманжолов 
B) С.Сейфуллин 
C) М.Жұмабаев 

 
127 
D) С.Торайғыров 
E) І.Жансүгіров 
116.  «Мұрат ақынның сөздері» атты еңбектің авторы? 
A) М.Әуезов 
B) Қ.Жұмалиев 
C) Х.Досмұхамбетов 
D) С.Мұқанов 
E) Ә.Бөкейханов 
117. М.Өтемісұлы шығармашылығын ірі зерттеуші? 
A) М.Әуезов  
B) М.Дулатов 
C) М.Тынышпаев 
D) Ә.Марғұлан 
E) Қ.Жұмалиев 
118. Қобыз аспабын ең бірінші пайдаланушы? 
A) Ықылас  
B) Қорқыт 
C) Ұзақ 
D) Сүгір 
E) Қазанғап 
119. Қазақтың көне музыкалық аспаптарын зерттеп, қалпына келтірген ірі ғалым? 
A) Б.Ерзакович 
B) А.Затаевич 
C) Н.Тілендиев 
D) Б.Сарыбаев 
E) П.Аравин 
120. Қазақстан территориясында исламның суфизм бағытын таратушы? 
A) Фараби  
B) Қашқари 
C) Яссауи 
D) Жалаири 
E) Игунеки 
121. Шоқан Уәлихановтың досы, орыс жазушысы? 
A) И.С.Тургенев 
B) Ф.М.Достоевский 
C) А.С.Пушкин 
D) Н.В.Гоголь 
E) М.Ю.Лермонтов 
122. Қазақ тақырыбына жазған орыс жазушысы? 
A) В.Г.Короленко 
B) А.М.Горький 
C) М.А.Шолохов 
D) А.П.Чехов 
E) А.К.Толстой 
123. Маңқыстау өлкесін зерттеген көрнекті неміс ғалымы? 
A) Кауфман 
B) Миллер 
C) Шварц 
D) Шпрингер 
E) Эверсман 

 
128 
124. «Орхон-Енисей» жазбаларын алғаш оқыған ғалым? 
A) Бухгольц 
B) Шварц 
C) Шприндер 
D) Миллер  
E) Радлов 
125.  «Ғасырлар пернесі», «Замана бұлбұлдары» монографиясының авторы?  
A) М.Төлебаев 
B) А.Жұбанов 
C) Л.Хамиди 
D) П.В.Аравин 
E) Ерзакович 
126. “Жоңғар” очерктерін кім жазды? 
A) А.Құнанбаев 
B) Ә.Бөкейханов 
C) Ш.Уәлиханов 
D) Б.Куфтин 
E) Ә.Марғұлан 
128. Аретип ұғымын мәдениеттануға енгізген кім? 
A) З.Фрейд 
B) К.Г.Юнг 
C) Э.Фромм 
D) Р.Рорти 
E) Ж.Делез 
129.  Қазақстан  территориясындағы  этно  және  мәденигенздің  екі  қайнар  көздеріне 
жатады: 
A) Ежелгі үнділік және ежелгі европалық  
B) Ежелгі славяндық және ежелгі европалық  
C) Ежелгі ирандық және ежелгі түркілік 
D) Ежелгі үнділік және ежелгі арабтық 
E) Ежелгі түркілік және ежелгі арабтық 
130. “Авеста” қасиетті кітабының отаны  
A) Ежелгі Египет 
B) Ежелгі Индия 
C) Вавилон 
D) Ежелгі Иран 
E) Ежелгі Монғолия 
131. “Аң стилін” пайдаланған ежелгі тайпалар?   
A) Сақтар, үйсіндер, қаңлылар  
B) Парсылар, үндістер, арабтар 
C) Ғұндар, түріктер  
D) Қыпшақтар, оғыздар 
E) Оғыздар, ұйғырлар  
132. “Кодекс куманикус” ескерткіші – кімдердікі? 
A) Түркілер 
B) Арабтар 
C) Сақтар 
D) Қыпшақтар 
E) Оғыздар 

 
129 
133. Орхон-Енисей сына жазуларының авторларының бірі 
A) Құлтегін 
B) Білге қаған 
C) Мойыншара 
D) Иоллықтегін  
E) Тоныкөк 
134. “Егер сен, түрік халқы өз қағаныңнан, өз бектеріңнен, өз отаныңнан бөлінбесең, өз 
үйіңде, өз ошағыңда қайғысыз өмір сүресің” мәтінін қайда жазылған? 
A) Есік қорғаны ескерткіштерінің бірінде  
B) Селенга тасында 
C) Терек-Сай тасында 
D) Білге қаған тасында 
E) Орхон-Енисей жазуларында 
135.  ҮІІІ-Х ғасырларда сына жазуларының әдеби тілін кімдер пайдаланды. 
A) Түріктер 
B) Наймандар 
C) Оғыздар, ұйғырлар, қырғыздар, қимақтар, қыпшақтар, түріктер 
D) Қарахандар 
E) Үйсіндер 
136. Ерте ғасырлардағы ежелгітүркі мемлекеттерінің жазулары: 
A) Қытай жазуы, ұйғыр жазуы 
B) Араб жазуы, түркі жазуы 
C) Қытай жазуы, араб жазуы 
D) Латын жазуы  
E) Кирилл жазуы 
137. Түркілердің интеллектуалды элитасының қалыптасуына қай елдердің ғылыми және 
әдеби дәстүрлері көк әсер етті?  
A) Қытай елі, Үнді елі 
B) Грек елі, Рим елі 
C) Араб-парсы елдері 
D) Алдыңғы Азия елдері 
E) Шығыс Европа елдері 
138. «Орыс тілінің түсіндірме сөздігінің» авторы? 
A) Даль 
B) Афанасьев 
C) Левшин 
D) Аксаков 
E) Ушаков 
139.  «Диуан лұғат ат-түрік» еңбегінің авторы? 
A) Жүсіп Баласағұни 
B) Махмуд Қашқари 
C) А.Игунаки  
D) А.Яссауи 
E) Ә.Науаи 
140. «Құтты білік» еңбегінің авторы? 
A) А.Науаи 
B) М.Қашқари 
C) Ж.Баласағұни 
D) А.Яссауи 
E) А.Игунеки 

 
130 
141.  «Махаббат және еңбек» дастанының авторы? 
A) Хиркати 
B) Залели 
C) Садыр 
D) Сайрами 
E) Низари 
142. Қазақтың тұңғыш режиссері? 
A) Ә.Қашаубаев 
B) Ж.Шанин 
C) Ш.Айманов 
D) Ә.Қастеев 
E) Қ.Жандарбеков 
143. Қазақ өнерінің тұңғыш онкүндігі қай жылы өтті? 
A) 1925ж. 
B) 1937ж. 
C) 1940ж. 
D) 1956ж. 
E) 1936ж. 
144. «Біржан-Сара» операсының авторы? 
A) Е.Брусиловсикй 
B) Л.Хамиди 
C) Ғ.Жұбанова 
D) М.Төлебаев 
E) А.Жұбанов 
145.  «Еңлік-Кебек» трагедиясының авторы? 
A) Б.Майлин 
B) С.Сейфуллин 
C) М.Әуезов  
D) С.Мұқанов 
E) Ғ.Мүсірепов 
146. «Мұрат ақынның сөздері» еңбегінің авторы? 
A) З.Қабдолов 
B) Х.Досмұхамедов 
C) Қ.Жұмалиев 
D) Б.Аманшин 
E) М.Әуезов 
147. Қазақтың халықтық музыкасын алғаш жүйелеп зерттеген ірі ғалым? 
A) А.Е.Алекторов 
B) А.И.Левшин 
C) И.Т.Георги 
D) А.В.Затаевич 
E) Карунц 
148. Сиқыр сөзінің баламасы болып табылатын ежелгі наным сенім түрі: 
A) Фетишизм 
B) Анимизм 
C) Магия 
D) Тотемизм 
E) Генотеизм 

 
131 
149. Қазақтың апта күндерінің атаулары қай тілден алынған 
A) Араб 
B) Парсы 
C) Үнді 
D) Өзбек 
E) Тәжік 
150. Қазақтарда “обал” түсінігінің қарама-қарсы ұғымы қайсысы? 
A) Ысырап 
B) Сауап 
C) Дауа 
D) Шипа 
E) Зауал 

 
132 
 
МАЗМҰНЫ: 
 
 
І. Ежелгі Қазақстанның рухани мәдениеті 
ІІ. Ежелгі түркі мәдениеті 
ІІІ. Ерте орта ғасырлық Қазақстанның рухани мәдениеті 
ІҮ. Орта ғасырлардағы түркілердің рухани мәдениетінің гүлденуі 
Ү. Кейінгі орта ғасырлардағы рухани мәдениет 
ҮІ. Дәстүрлі қазақ мәдениетінің рухани құндылықтары (ХҮ-ХҮІІІ ғғ.) 
ҮІІ. Қазақтардың салт-дәстүрлері, туысқандық қатынастары 
ҮІІІ. Ауыз әдебиеті және билер мен жыраулардың рухани мұрасы 
ІХ. Жаңа кезеңдегі қазақ мәдениетінің рухани-идеологиялық негіздері 
Х. Отарлық кезеңдегі әдеби ақындық мұра 
ХІ. Қазақ халқының музыка өнері 
ХІІ. Қазақтың аса көрнекті композиторлары 
ХІІІ. Қазақ ағартушылығы және ұлт зиялыларының рухани мұралары 
ХІҮ. ХІХ-ХХ ғасырлар тоғысындағы қазақ элитасының рухани мұрасы 
Қорытынды. 
 
 
 
     
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет