Шайық пен анасы Қарашаш туралы айтыңыз


«Насабнама» қолжазбасының авторы? Ол қолжазбада не айтылады? Насабнама



бет3/10
Дата14.03.2023
өлшемі53,71 Kb.
#74158
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
16

«Насабнама» қолжазбасының авторы? Ол қолжазбада не айтылады?



Насабнама– қожалар әулетінің шежіресі. Ол өз ішінде әр әулеттің жеке шежіресі болып жіктеледі және негізінен аққорғандық, хорасандық және дуана қожалардың шығу тегін өрбітеді. “Насабнама” нұсқаларының қай ғасырда жазылғаны белгісіз. Тек аққорғандықтардың шежіресінде ғана “Насабнама” алғаш араб тілінде жазылып, оны 1244 жылы Қожа Ахмет Иасауидің ағасы Садыр шейхтың немересі Маулана Сафи әд-Дин Орын Қойлақи түркі тіліне аударғаны жазылған. “Насабнама”-ның екінші нұсқасының авторы немесе құрастырушысы Ысқақ Қожа ибн Исмаил Ата Қазғұрди. Ол өзінің “Хидиқат ал-арафин” атты шығармасының соңына “Дуана қожалар” немесе “Беглер” тобының шежіресін қосқан. Басқа “Насабнама” нұсқаларында мұндай мәліметтер кездеспейді. “Насабнама” нұсқалары бір-бірінен өздерінің таралу аймағына қарай, ондағы айтылған тарихи оқиғалардың баяндалуымен, жер-су аттары көбірек аталуымен ерекшеленеді

17

Шопан ата туралы аңызды айтып беріңіз



Шопан ата – қой түлігі мен шопанның пірі. Зерттеушілердің пікірінше шамамен 13 – 14 ғасырларда өмір сүрген және Қожа Ахмет Иасауи тариқатының басшыларының бірі болған. Жалпы ислам дүниесінде әрбір кәсіптің киелілігін, абыройлығын әйгілеп, ол кәсіптердің бастауында тұрған рухани ұстаз, қасиетті пірге құрмет көрсету дәстүрі бар. Сондай-ақ дәстүрлі қазақ мұсылмандығында да қазақтың ата кәсібі малшылыққа байланысты пір тұтылатын қасиетті есімдер бар. Солардың бірі Шопан ата Ол Иасауи тариқаты дәстүрінің ұстазы ретінде тарихи тұлға болса да халық жадында шопандық кәсіптің пірі ретінде аңыздық тұлға болып сақталды. Халық арасында Шопан ата туралы аңыз әңгімелер көптеп таралып, қой түлігінің қасиеттерін дәріптеген және сол кәсіптің иесі пірден қолдау, желеп-жебеу тілеп, мұсылмандық дәстүрмен рухани жалғастыққа ұмтылған.

18

Бекет ата туралы баяндаңыз


Бекет Мырзағылұлы (Бекет ата) (1750, Құлсары — 1813, Оғыланды) — қазақтың әйгілі батыры, ағартушы, сәулетші. Халық әулие тұтқан. Өзі тұрғызған Оғыланды мешітіне жерленген. Байұлы тайпасының Адай руынан шыққан

19

Ясауидің ұлы Ибраһим шайықтың өмірден өтуі

Ұлы Ташкент маңында жерленген, екіншісі ел әңгімесі бойынша Түркістанда суға таласып сарттар қастықпен өлтірген делінеді.

20

Гауһар ана ғұмырнамасы мен кесенесі туралы баяндаңыз

Ақылына көркі сай деп аңыз әңгімелерге арқау болған, Қожа Ахмет Ясауидің қызы – Гауһар ана жайлы, оның Түркістан қаласындағы кесенесі туралы «Көне дүние күмбірі» айдарында.
Гауhар ана кесенесі (ХІІ-ХІV ғғ.) Түркістан қаласынан оңтүстікке қарай 4 шақырым жерде, Түркістан – Шәуілдір автокөлік жолынан солға қарай 400-500 метр қашықтықта орналасқан.
Гауһар ана – ұлы ақын, ойшыл Қожа Ахмет Ясауидің қызы. Гауһар ана жайлы аңыз-әңгімелерге сүйенсек, ол емшілік қасиеті ерекше жан болған деседі. Әлі күнге дейін ана кесенесінің маңында емдік қасиеттері бар артезиан суы шығатын құдықтар көптеп кездеседі. Деректерде анамыздың ақылы көркіне сай ерекше жан болғандығы айтылады. Гауһар ананың қашан қайтыс болғаны жөнінде мәлімет жоқ, тек 11221124 жылдары туып, шамамен 1187-97 жылдары дүниеден озған деген жорамал бар.

21

Рабия Сұлтан Бегім және оның кесенесінің тарихы?



Рәбия сұлтан бегім (шамамен 1430 — 1495 жылдары өмір сүрген) —Әмір Темірдың әулетінен, Ұлықбектің қызы, Әбілхайырдың әйелі. Самарқан қаласында өсіп, жан-жақты білім алған. Рәбия сұлтан бегім өте қу, айлакер және сұлу әйел болған десе еді. Оған небір атақты батырлар, билер ғашық болған. Өз жерінің кегін алу үшін ол билер мен батырларды бір- біріне қарсы тұрғызған. Атақты Қобыланды батыр Рәбия сұлтан бегімге қол жеткізу үшін Ақжол биді өлтіргені жайлы мәліметтер бар. Қобыланды батыр сол кезде Әбілхайырдың қол астында болатын. Сондықтан Ақжол бидің әкесі Қотан тайшы Ақ Орда ханы Әбілхайырдан бөлініп шығып, арғын тайпасын алып, Керей мен Жәнібек сұлтандарға қосыла Жетісуға көшіп кетуiне осы оқиға себеп болған.
Өзі дүние салған соң, хан сарайы мен баласы Сүйінішхан анасына арнап, күмбез салдырады. Күмбезді 1895 жылы Ресей әскерлері «ескі, бір күні кұлап қалуы мумкін деген» сылтаумен кираткан. Қазіргі күмбезі жаңартылып салынған. Рәбия сұлтан бегім кесенесі Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің Оңтүстік-шығысында 60 м жерде орнасалқан. Оның басына сегізбұрышты құлыптас қайылған. 

22

Қылует жерасты мешіті туралы айтыңыз

Қылует жер асты мешіті, ХІІ-ХV-ХІХғғ. Республикалық мәртебеге ие ескерткіш. XII ғасырда салынып XX ғасырдың бірінші жартысына дейін үздіксіз жұмыс істеп тұрған, жартылай жер астында орналасқан ортағасырлық діни құрылыстардың бірі. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің оңтүстігінде 120м қашықтықта орналасқан. Координаттары: 43˚17.776΄,068˚16.247΄ Теңіз деңгейінен биіктігі 228м.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет