Шайық пен анасы Қарашаш туралы айтыңыз


Шығыс моншасы туралы айтыңыз



бет7/10
Дата14.03.2023
өлшемі53,71 Kb.
#74158
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
33


Шығыс моншасы туралы айтыңыз


Республикалық маңызы ескерткіш. Кесененің оңтүстік-батыс бетінен 80 метр қашықтықта жартылай жер астына орналасқан. Археологтардың зерттеуі бойынша монша 1580-1590жж. Абдулла хан тұсында кесенеге зиярат етіп келуші көпшілік қауымға арналып салынған. Моншаның жалпы көлемі 17х15 метр, биіктігі 4,8 метр, кірпіштерінің көлемі түгел біркелкі-25х25х5 см. 1975 жылға дейін жергілікті халық монша ретінде пайдаланып келген. Монша жартылай жерасты, бес күмбезді, қабырғалары күйген кірпіштен тұрғызылған. Әр түрлі кезеңде, әр түрлі мақсатта пайдаланылған тоғыз бөлмеден тұрады: жуыну бөлмесі, ыстық, салқын су бөлмелері, массаж т.б. бөлмелер. 1979 жылы орта ғасырлық сәулет өнерінің керемет үлгісін болашаққа сақтау мақсатында мұражайға айналдырылды.




34


Жұма мешіті туралы баяндаңыз




Мұхаммед, ̒Әли Алланың берген нығметі!



Конус тәріздес ту лаухасының негізіндегі жазу
Құрметті сұлтан, патша, ғалым, сөзіне ісі сай, әділетті




Түркістан жұма мешіті — Түркістан қаласында орналасқан жұма мешіті. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен оңтүстікке қарай 160 м жерде, қылуетпен қатар орналасқан. Ол бір бөлмелі, шаршы пішінді, солтүстік және шығыс жақтары қасбеттерімен іргелес бастырмасы бар құрылыс. 1980 жылы мешіт үйі қайта қалпына келтірілді.


35


Сегіз қырлы сағана туралы не білесіз?


Кесене толық сақталмай жұрты ғана қалған. Жоба бойынша ол шағын портал түрінде солтүстік-шығысқа қарай созыла түседі. Күмбездің ішкі жақ қабырғалары 8 қуысты және 8 қырлы болып келеді. Тым ойсырай қирауынан да оны қайта қалпына келтіру мүмкіндігі болмай отыр. Кесенеден сағана табылмады. Едені шаршы кірпіштен өрілген. Еденінен қиыршық тастан қашалған, жазулары толық өшкен үш құлпытас табылды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет